Просмотр содержимого документа
«?аза? тілінен саба? »
Сыныбы: 4.
Сабақтың тақырыбы:Тарихи орындар.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : оқушылардың модульді оқу барысында көне қалалар туралы алған білімдерін бекіту, дауыссыз дыбыстар, буын түрлерін, көптік жалғауын пысықтау.
Дамытушылық: теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға дағдыландыра отырып, ауызекі және жазба сөйлеу тілдерін дамыту .
Тәрбиелік : туған жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, қазақ елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге баулу, патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақтың интеграциялық мүмкіндігі: тарих, мәдениет, әдебиет.
Сабақтың технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Семантикалық карта», «Венн диаграммасы» атты стратегиялары, АКТ (Флипчарт).
1. -Әр қаланың көрнекті жерлері болады, бұл қалалар әр елде несімен даңқты? (Оқушылар слайд бойынша автоқаламмен сәйкестіктерді көрсетеді).
Париж Кремлімен
Мәскеу Қожа Ахмет кесенесімен
Санкт-Петербург Эйфель мұнарасымен
Түркістан Бәйтерегімен
Алматы Эрмитажымен
Астана Медеуімен
2. Слайдта Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің, тайқазанның суреті беріледі, оқушылар суреттер бойынша Түркістан қаласы туралы әңгімелейді (сұрақ-жауап).
3. Слайдта Айша бибі кесенесінің суреті беріледі, оқушылар Тараз қаласы туралы әңгімелейді (сұрақ-жауап).
4. Оқушылар суреттегі ежелгі Отырар қаласы туралы әңгімелейді (сұрақ-жауап).
5. Слайдта Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, Жамбыл Жабаевтың суреттері беріледі, оқушылар суреттегі ұлы тұлғалардың көне қалаларға қатысын айтып, олар туралы қысқаша баяндайды.
6. Сөздік жұмысын орындау: автоқаламмен аудармасын жазу.
мавзолей-
древний, старый-
земля тюрков-
священная земля-
архитектурное искусство-
узоры, орнаменты-
кузницы-
памятники-
7. Слайдта берілген сөздерді буынға бөліп, буын түрлерін анықтау:оқушылар автоқаламмен жұмыстанады.
Оңтүстік, безендірілген, Отырар, қасиетті, ғажайып, ғұлама, ежелгі, орналасқан.
8. Сергіту сәті өткізіледі.
9. Слайдта берілген сөйлемдерден жалқы есімдерді табу.
Отырардың ежелгі атауы – Фараб. Түркістанның көне аттары- Шабғар, Йасы. Тараз қаласы бұрын Талас, Әлиеата, Жамбыл деп аталған.
10. Берілген сөздерді топтап жазу: оқушылар автоқаламмен жұмыс жасайды.
III. Үй тапсырмасын беру кезеңі: модуль бойынша өткен жаңа сөздерді қайталау, 4 сөйлем құрастыру.
IV. Сабақты қорытындылау кезеңі: Венн диаграммасы бойынша үш қаланың ортақ белгілері мен ерекшеліктерін айту, «Ежелгі Қазақстан» кітабы туралы қысқаша баяндап, сабақ бойынша қорытынды сөз айту, бағалау.