?аза? тіліні? ?о?амда?ы ролі. ?деби тіл ж?не м?тін.
?аза? тіліні? ?о?амда?ы ролі. ?деби тіл ж?не м?тін.
о?ушыларды? ана тіліне деген с?йіспеншілігін арттыра отырып, ана тіліні? ?ызметімен танТіл-?о?амда?ы адамдарды? ?арым-?атынас ??ралы. Ол белгілі бір адамдар арасында, ?о?амда ?мір с?реді де сол ортада ?о?амды? ?ызмет ат?арады. Тіл тарихымен ?атар жасап, ?рпа?тан-?рпа??а ?атынас ??ралы ретінде ?ызмет еткен, м?дениетімізді, экономикамызды дамыт?ан асыл байлы?ымыз. Білімді, техниканы да ана тілі ар?ылы ?йренеміз. Сонды?тан да ?з тілімізге ана деген арда?ты с?зді ?осып, ана тілі деп атаймыз.ыстыру. Ауызша с?йлеу тілі мен жазбаша тілді? ерекшеліктерін аны?тай білуі, ?деби тіл ж?не м?тін туралы т?сініктерін жетілдіру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?аза? тіліні? ?о?амда?ы ролі. ?деби тіл ж?не м?тін. »
6-сынып Қазақ тілі І тоқсан
Сабақ №1
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілінің қоғамдағы ролі. Әдеби тіл және мәтін.
Мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, ана тілінің қызметімен таныстыру. Ауызша сөйлеу тілі мен жазбаша тілдің ерекшеліктерін анықтай білуі, әдеби тіл және мәтін туралы түсініктерін жетілдіру.
2. Дамытушылық: ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;
3.Тәрбиелік: Оқушыларға Отанын, қазақ халқының салт- дәстүрін құрметтеуге, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: оқушылардың тілге деген құрметі артады, тілдің қасиетін жете меңгереді, тіл тарихи туралы мәліметтер алады
Көрнекілік: Ақын –жазушылардың тіл туралы пікірлері, «Тіл» туралы слайдтар, оқулық.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтау;
Оқу құралдары, жұмыс дәптерлері туралы түсіндіру;
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
ҚР Тәуелсіздігі туралы әңгімелерін тексеріп, бағалау.
ІІІ. Жаңа сабақ: Қазақ тілінің қоғамдағы ролі. Әдеби тіл және мәтін.
1. Мұғалімнің қысқаша түсінігі: Тіл-қоғамдағы адамдардың қарым-қатынас құралы. Ол белгілі бір адамдар арасында, қоғамда өмір сүреді де сол ортада қоғамдық қызмет атқарады. Тіл тарихымен қатар жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет еткен, мәдениетімізді, экономикамызды дамытқан асыл байлығымыз. Білімді, техниканы да ана тілі арқылы үйренеміз. Сондықтан да өз тілімізге ана деген ардақты сөзді қосып, ана тілі деп атаймыз.
Енді, «Әдеби тіл» деген ұғым бар. «Әдеби» деген сөз «әдеп» сөзінің негізінде жасалған, «сөз әдебі» дегенді білдіреді. Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді.
Жазбаша тіл-кітапта, газет-журналдарда жазылғандардың барлығы
Мәтін туралы оқушылар 5 сыныпта өткен материалдарды естеріне түсіріп қайталайды.
2. Біз 5 сыныпта тілдің қызметімен танысқанбыз. Қане, есімізге түсірейікші?
3. Оқушылар, тіл туралы мақал-мәтелдер айтады, мағынасын ашады.
4. Слайдтан ақын-жазушылардың тіл туралы пікірлері көрсетіліп, оқушылар мәнерлеп оқиды, мағынасын ашады.
Сыныпқа сұрақ: Балалар, кім қалай ойлайды, дүние жүзінде ең көп тараған тіл қай тіл?
Ықтимал жауап: ағылшын, орыс, түркі
-Жоқ, енді мына мәліметтерге назар аударайық:
Қай тіл көп тараған? Біз әрине, ағылшын тілі халықаралық тіл деп оны бірінші орынға қояды, алайды АҚШ Лингвистика институтының зерттеушілері қытай тілінде сөйлеушілердің бірінші орында екенін анықтады.
Қытай тілінде 844 млн адам
ағылшын тілінде 437 млн
хинди тілінде 338 млн
испан тілінде 331 млн адам сөйлейді
Қазақ тілі түркі тілдер тобына кіреді. Түркі тілдері тобына қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, түрікмен, әзербайжан, түрік, татар, башқұрт, тува, хакас, якут т.б. халық тілдері кіреді.