Өзге ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Рахметова Гулбану Жалгасбаевна
4 «б» класс
Ашық тәрбие сағаты.
Сабақтың тақырыбы: Құстар.
Мақсаты: Оқушыларға құстар туралы алған мәліметтер бере отырып,сөздік қорын дамыту, ойын ашық айту дағдыларын қалыптастыру,сауатты жазуға үйрену.Туған өлке табиғатына, құстарға деген сүйіспеншілігін арттыру. Психологиялық қалыптастыру: «Менің бойымдағы жақсы қасиетім» (Өз тұстарына смаиликтер ілу. «Менің көңіл – күйім» алдын-ала).
Топқа бөлу:(Өздеріне ұнаған құстарды таңдау арқылы.)
Үй тапсырмасы: «Жәндіктер» ассоцияция арқылы бекіту.
Ой түрткі: Интерактивтті тақтадан «Хайунаттар әлемінде» видио ролик көрсету.
Өзім кемені ұстап тұрып,сабағымыздың бағытын түсіндіремін.
I топ «Жабайы құстар» (Тырна , аққу , бүркіт , жапалақ , тоқылдақ)
II топ «Адамдар арасындағы құстар» (Көгіршін , қарға , қараторғай , көкек)
III топ «Үй құстары» (Қаз , үйрек , тауық , тоты құс) суреттерін көрсете отырып түсіндіру
Біз бүгінгі сабақта кеменің көмегімен саяхатқа шығамыз. Әр құрлықтың бізге дайындаған тапсырмаларын шеше отырып, Қазақстан жерінде өткелі отырған Наурыз мерекесіне үлгеруіміз керек . Бірінші аялдама «Ресей» құрлығы.
-Бізді Ресеймен елімен қандай қарым – қатынастар байланыстырады ?
-Екі ел бір – біріне , кез – келген уақытта бара алады.
-Ресейде студенттеріміз оқи алады.
-Шикізат өнімдерін бір – бірімізбен алмасып отырамыз.
-Өте жақсы.
-Ендеше саяхатымызды жалғастырамыз.
Тасырмалары: 1 – жаттығу бойынша «Жигсо» оқуға 5 мин (Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап жазады) әртүрлі фломастерлер беріп, сол арқылы тексеру
Сұрақтары:
1.Құстар қайда жиналады?
2.Мерекені қандай құс басқарады?
3.Құстар не туралы сайрайды?
4.Қарға не деді?
5.Бүркіт не деді?
6.Аққу не деді? (Топтар сұрақтарын алмастыру арқылы жауаптарын тексереді, тақтаға шығып қорғайды.)
Сергіту. Қарлығаш боп ұшайық,
Қане, қанат қағайық.
Қарлығашқа ұқсайық,
Ұшып, ұшып алайық.
(Экраннан қарлығаш суретін көрсету)
Қарлығаш-құстың сүйкімдісі. Өте еңбекқор құс. Ұясын адамдар үйінің маңына салады. Бір қарлығаш жаз бойы 500 мыңнан 1 млн дейін зиянды жәндіктерді жояды. «Қарлығаш» адамның досы, бірлік, ынтымақ символы.
-Кім айтады? Биыл ассамблеямызға неше жыл толады?
- ассамблеяға 20жыл. Әділдің «достық» туралы тақпағын тыңдайық
Зұлымдықтан әрқашан жиренейік ,
Адалдықты сүйуді үйренейік.
Бірлікпенен тірлікті ұштастырып
Бір әдемі ғажайып күйге енейік.(3 шапалақ)
-Өте жақсы
Сергіту сәті.
Екінші аялдама «Белоруссия» аялдамасы.
-Балалар әр елдің өзі мақтан тұтатын титульдары бар. Қазақстанда «Бәйтерек», Ресейде «қызыл алың » болса, Беларуссия елінің мақтаны «Хатынь-мемориалдық кешені».(Экраннан кешенді көрсете отырып, баяндау.) Бұл кешен ұлы отан соғысына қатысқан солдаттарға арналған. Біздің жерлесіміз,ауылдасымыз ҰОС ардагері Сухаратова Елена Викторовна осы елді азат ету соғысына қатысқан. 2014 жылдың жаз айында Белоруссия президентінің өзі жерлесімізге жеңіс күні қарсаңында құттықтау хат жіберді (Суреті мен грамотаны көрсету)
(Экраннан көгершінді көрсету.)
«Көгершін» бейбітшілік, ынтымақтастық, бірлік белгісі. Биыл ұлы «жеңіске – 70 жыл» ата әжелеріміздің арқасындаосынжай бақытты заманда өмір сүріп жатырмыз. Марк бізге тақпағын айта қойсын
Күткен Жеңіс, жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып.
Жауды жойып, батырлар елге оралды,
Ата – анамен қауышты құшақ жайып (3 шапалақ)
Дәптермен жұмыс: 4 – жаттығу. (Жасырылған әріпті тап) Тиісті әріптер: Ғ, Қ, Х
I топ
Ала қар..а қар..а қонды,
Қара қар..а жар..а қонды.
II топ
Тор..ай, тор..ай, тор..айсың,
Жақын келіп қонбайсың.
Жем шашайын, тойып ал,
Тор..ай, сонда тоңбайсың.
III топ
Төрде тұр ...ан .тақтадан,
Түрлі бейне таптым а...ам.
Тоқылдақ,.тор...ай, тырнаны,
Терек, тауық . тырманы. (Топ жетекшілері бағалау парағына бағалап отырады)
Үшінші аялдама «Қазақстан» аялдамасы. ( Экраннан қырынды көрсету)
Қазіргі таңда елбасымыз қырандай болып ел бірлігін, тыныштығын сақтап отыр. Біз ашық аспан астында көпұлтты ел болып өмір сүріп жатырмыз. Қазақ елі қонақжай халық. Осы сөзімнің айғағы ретінде бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарымыздың қонақкәдесі бар екен. Ортаға шақырамыз. (Музыка қою)
Гүлмира: Наурыз – шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы,
Қазақтың пейіліне жарасды,
Әр үйде дастарханға толған асы.
Юля: Құтты болсын Наурыз той!
Құлпырып тұр қыр мен ой.
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Цырфа: Қош келдің Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жарасып,
Гүлге бөлеп,нұрға бөлеп аймақты. (Шашу шашу)
Бекіту:
Құстар қайда жиналады?
Мерекені қандай құс басқарады?
Қарлығаш кімнің досы?
Қыран ненің белгісі?
Бағалау. Топ жетекшісі бағасын айтады.
Экраннан Құстар күніне арналған слаид жіберу. «Келді көктем» әнін орындау
Кері байланыс: ( Көгершінге әсерлерін жазу)
Құстардың өз тіршілігі үшін тұмсығының пайдасы көп. Тоқылдақтың тұмсығы өткір, мықты болады.Ағашты тесіп,құрттарды теріп жейді, ағаштың дінін тесіп, ұя жасайды. Бүркіт-көк күмбезінде қалықтап ұшқан қыран құс.Бүркіттің тұмсығы өте мықты,Ол өзінің тұмсығымен ұстаған аң-құстардың етін жұлып жейді, Бірқазанның тұмсығы үлкен,ол тұмсығымен кең ашып, балықтарды бір-ақ толтырып жеп алады, Қарлығаш-құстың сүйкімдісі. Өте еңбекқор құс.Ұясын адамдар үйінің маңына салады.Бір қарлығаш жаз бойы 500 мыңнан 1 млн дейін зиянды жәндіктерді жояды. Сауысқан-қыстап қалатын құстың бірі.Сауысқанның құйрығы ұзын, түсі қара ала.Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Көгершін-көк,сұр,қоңыр,ақ түсті болады.Көгершіндер Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі.Ол Бейбітшілік құсы деп есептеледі. «Ақ көгершін» әні орындалады. Енді тапсырмалар орындайық.Интерактивті тақтада құстардың суреттері көрсетілген. Олар қалай дыбыстайтыны жазылған. Соны табамыз. Қарға шырылдайды. Сауысқан сайрайды. Торғай қарқылдайды. Бұлбұл шаңқылдайды.Бүркіт шықылықтайды. Сергіту сәті.Қарға біздің қарқ-қарқ Сауысқаным саңқ-саңқ Торғайларым шиқ-шиқ Жапалағым ух-ух Көкек,көкек, көкек деп Ұшады екен желпілдеп. -Енді , ормандағы құстардың дауыстарын естиік. /Үнтаспадан құстар дауысын есту/ - Балалар, құстар туралы қандай жұмбақтар білесіңдер? 1.Бір-ақ сөзі біледі, 2.Жем көрсе шықылықтап қалтаңдайды соны айтып жүреді, Сескенсе жыпылықтап жалтаңдайды. өз аты онысы /сауысқан/ Және жоқ қонысы. /көкек 3.Тоқылдатып мазаны ап, 4.Екі айыр құйрығы Ағаштарды тазалап, Қияр мұрт қанаты Орманды емдейді, Ұшқырлардың жүйрігі Зиянкесті жазалап. /тоқылдақ/ /қарлығаш/ Бекіту кезеңі.Тест сауалнамаға жауап беру. 1.Ең үлкен құсты ата. а/Бұлбұл ә/ қараторғай б/ түйеқұс в/ аққу 2.Жер шарында қанша құс мекендейді? а/100млрд ә/ 10млрд б/ 400 млн в/ 20 млн 3.Құстар немен қоректенеді? а/Ет ә/сүт б/жәндіктер в/ шай 4.Дүние жүзіндегі ең кішкентай құс? а/Жапалақ ә/ қарға б/ сауысқан в/ колибри 5.Әнші құсты ата? а/Тоты ә/ бұлбұл б/ тырна в/ торғай. -Сабағымызды бекіту үшін «Ұшты-ұшты» ойынын ойнайық. Ұшты – ұшты арба ұшты. Ұшты –ұшты қарға ұшты. Ұшты –қшты көбелек ұшты. Ұшты-ұшты тырна ұшты.Ұшты-ұшты сырға ұшты. Бағалау. Үйге тапсырма: құстар туралы 3 сөйлем құрап жазып келу.