Азия елдерiнi? ??рамына кiретiн ?ытай мемлекетi б?гiнгi та?да алды??ы ?атарлы дамы?ан елдердi? бiрi болып саналады. Ендiгi жа?дайда осы мемлекеттi? айнасына айналып отыр?ан б??аралы? а?парат ??ралы туралы ??гiме ?оз?ау за?ды.
?ытай Халы? Республикасында 202 миллионнан астам шамамен шы?атын 1777 газет басылады. Е? к?п тарайтын, к?нделiктi шы?атын б??аралы? газет ?ытай Коммунистiк партиясы Орталы? комитетiнi? ?йымы - "Жэнь-мин жибао". Оны? таралымы 3,68 млн. дана. Таралымы жа?ынан екiншi орында т?р?ан газет -"Гуан - мин жибао". Сондай-а?, айтарлы?тай таралыммен спортты?, жастар, шаруалар?а арнал?ан ж?не экономикалы?, спортты? газеттер шы?ады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?ытай журналистикасы»
Ашық сабақ тақырыбы: Қытай журналистикасы
Сабақтың мақсаты:
А)Білімділік мәні: Студенттерге Қытай журналистикасын, газет – журналдарын студенттерге түсіндіру.
Ә)Тәрбиелік мәні:
Б)Дамытушылығы:
Сабақтың түрі:
Сабақтың көрнекілігі:
Қолданылған әдебиеттер:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Студенттермен сәлемдесу.
2. Студенттердің сабаққа қатысын қадағалау.
3. Студенттердің зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Түркия баспасөзі – Мерсадикова А.
Түркияның радиосы – Сатаева А.
Түркияның теледидары – Қонашев Т.
ІІІ.Жаңа сабақ.
12-Дәріс. Қытай баспасөзінің даму жағдайы.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Алғашқы қытай басылымдары,
«Музыкалық палатаның» қоғамдағы ахуалдағы зерттеудегі рөлі,
Қытай БАҚ-ның ақпараттар берудегі өзіндік ерекшеліктері.
Газет-баспа корпорацияларының пайда болуы.
Азия елдерiнiң құрамына кiретiн Қытай мемлекетi бүгiнгi таңда алдыңғы қатарлы дамыған елдердiң бiрi болып саналады. Ендiгi жағдайда осы мемлекеттiң айнасына айналып отырған бұқаралық ақпарат құралы туралы әңгiме қозғау заңды.
Қытай Халық Республикасында 202 миллионнан астам шамамен шығатын 1777 газет басылады. Ең көп тарайтын, күнделiктi шығатын бұқаралық газет Қытай Коммунистiк партиясы Орталық комитетiнiң ұйымы - "Жэнь-мин жибао". Оның таралымы 3,68 млн. дана. Таралымы жағынан екiншi орында тұрған газет -"Гуан - мин жибао". Сондай-ақ, айтарлықтай таралыммен спорттық, жастар, шаруаларға арналған және экономикалық, спорттық газеттер шығады.
Бүгiнде әлем бойынша Қытайдағы журналистиканың деңгейi жоғары бағаға ие. Редакцияларға 1960-1970-шi жылдары репрессияға ұшыраған бұрынғы мамандар қайтып келiп жатса, жоғарғы оқу орындарынан келген жас, әрi бiлiктi мамандармен журналистер қатары толығуда. Барлық арнайы емес газеттерге тән сипат экономикалық тақырыпты жиi көтеру болып табылады. Осы тақырыптағы материалдар газет бетiнiң жартысын алып жатады. Мұның себебi, бiрiншiден, Қытай экономикасын дамыту көзделсе, екiншiден, газеттiң өтiмдiлiгiн арттыру. Ал, қалған материалдар түрлi тақырыпта және белгiлi бiр идеологиялық бағытты ұстана отырып жазылады, жарияланады.
«Дибао» (У111ғ) - қытай баспасөзінің алғашқы қарлығашы. Миссионерлік басылымдардың қалыптасуы. Публицист Ван Таоның қытай журналистикасын өркендетуге қосқан үлесі. Демократиялық басылымдардың қалыптасуы.Төңкеріс тұсындағы баспасөз.
ҚХР-дың жаңа жүйедегі БАҚ- ның қалыптасуы. Шектен тыс идеологияланған Қытай баспасөзі. Мәдени төңкеріс тұсындағы баспасөздің жағдайы.
Қытай БАҚ-ның ақпараттар берудегі өзіндік ерекшеліктері. Басылымдар арасындағы тақырыптық бөлініс. Экономикалық реформа тұсындағы журналистика. Компартияның бас басылымы -“Жэнминь жибао“ газетінің рөлі.
Газет-баспа корпорацияларының пайда болуы.
“Синьхуа“ ақпарат агенттігі. Қытайдағы қазақ басылымдарының даму деңгейі.
“Синь тиюй" - "Спорт жаңалықтары" - спорт iсi бойынша республикалық комитеттiң органы болып табылады. 1950 жылдан 1 млн. данамен ай сайын шығады. Спорт жетiстiктерi мен проблемалары, спорт жанкүйерлерiнiң пiкiрлерi үзбей жарияланып тұратын бiрден-бiр басылым.
"Сычуань дасюэ" - "Сычуань университетi" - 1974 жылдан Сычуаньнан тоқсан сайын жарық көретiн журнал. Журнал философия, тарих, саясат және әлеуметтiк мәселелердi кеңiнен қозғайтын жарияланым.
"Тиюй бао" - "Спорт өмiрi" - 1958 жылдан бастап 720 мың данамен шыға бастаған басылым. Пекинде аптасына үш рет шығып тұрады.
"Туаньцзе бао"- "Бiрлiк"- Қытай кеңесi халықтық саяси елшiлiгi комитетiнiң ұйымы болып табылады. 120 мың данамен Пекинде шығатын апталық газет.
"Цзефанзюль бао" - "Халықтың қауiпсiздiк әскерi" - Қытай армиясының ресми ұйымы. 1956 жылдан бастап Пекинде 1.58 млн. данамен күнделiктi шығып тұрады.
"Чжунго фунюй" - "Қытай әйелдерi" қытай және ағылшын тiлдерiнде басылып, көркем безендiрiлiп шығатын айлық журнал. Бұл журналдың ұйымы - Жалпы қытай әйелдер федерациясы. 1949 жылдан бастап шығуда. Таралымы – 1.3 млн. дана.
"Чжунго циннянь бао" - "Қытай жастары" - Қытай Жастар одағының ресми ұйымы болып табылады. 1951 жылдан 3.1 млн. данамен аптасына төрт рет шығып тұрады.
Телерадиосы. Соңғы жылдары Қытай теледидары өзiнiң қарқынды даму нәтижесiнде АҚШ-тан кейiнгi дүние жүзiндегi екiншi орынды иеленуде. Қытай Халық Республикасының теледидары өзiнiң бастауын 1958 жылдан алады. 1970-шi жылдардың ортасынан ақ- қара түстi теледидардан түрлi-түстiге көштi. 2007 жылғы санақ бойынша бұл мемлекетте 140 миллионнан астам телевизор болды. Статистика бойынша күнделiктi телебағдарламаларды 300 млн. адам көредi. Қытай Халық Демократиялық Республикасының ерекшелiгi - радио және телевидение бiр уақытта дерлiк дамыды. 1958 жылдың қыркүйегiнде эфирге телебағдарламалар шыға бастады.
Казiргi уақытта 422-ден астам бағдарламалық телеорталықтар жұмыс iстейдi. Барлық телестанциялар ақпаратты мыңдаған құрылғылары бар спутниктiк байланыс орталықтарынан алады. Сонымен бiрге, Пекиндегi бағдарламалар сипатына қарай түр-түрге бөлiнедi Ең атышулы арна - "Ақпараттық көкжиек" арнасы. Шетел жаңалықтары 5-7 минут бағдарламаның соңында хабарланып кетедi. Шетелден ақпараттарды “СNN», ағылшын агентiгiнен, Вильнюстан, Азия және Тынық мұхиты елдерi одағы агенттiгiнен т.б. алады.
Қытай теледидарларының ортақ тақырыптары төмендегiдей:
1. Мемлекет жағдайы, елбасының жұмыс уақыттары, ресми сапарлар, кездесулер, делегацияларды қабылдау;
2. Таяу көршiлердiң жағдайы;
З. Әлем жаңалықтары;
4. Спорт.
Бұл аталғандардан басқа, бұл арналарда көркем фильмдер, көңiл сергiтетiн және музыкалық бағдарламалар бередi. Сонымен қатар жаңалықтар жиі берiлiп отырады.
Қытай радиосының негiзi шетелдiк мамандардан тұрады. Қытайдың өзiндiк радиостанциясы 1926 жылы Харбинде жұмыс істей бастады. 1928 жылы Нанкинде әкiмшiлiк радиостанция ашылды. Жалпы айта кететiн жәйт, ҚХДР радиостанциялары өз мазмұны бойынша төмендегiдей болып жiктеледi:
Рр/с
Хабар түрлер
Хабар тарату уақытының пайызы
1
Жаңалықтар
21%
2
Танымдық
хабарлар
23%
3
Көңiл сергiтетін хабарлар
49%
Қытайда коммерциялық радиостансалар жоқ деуге болады. Тек 1979 жылы ақылы жарнама таратуға рұқсат берiлген. Орталық халықтық радиостансасында 34 тiлшiлiк пунктерi бар. Жергiлiктi хабар тарату 461 радиостансада жүзеге асады. Олар күнiне бес мың сағат хабар таратады.
Қытай радиохабар таратуда 40-тан астам әлемнiң елдерiмен байланыс ұстайды. Бiрiншi шетелге хабар тарату 1947 жылы қолға алынған. Қазiргi радиохабарлар Қытайда 38 тiлде таратылады.
Ақпарат агенттiктерi. Қытайда iрi екi ақпарат агенттiгi қызмет iстейдi: 1. "Қытай жаңалықтары" агенттiгi - 1952 жылы кұрылып, әдетте Тайвань, Сатань, Вомыньдағы қытайлықтар мен шетелдiк азаматтарға арнап ақпарат жариялайды. 2. "Синьхуа" агенттiгi - 1931 жылы құрылып, iшкi қызметтермен бiрге сыртқы байланыстарды жүргiзедi. Бүгiнде бұл агенттiкте 7000 астам қызметкер жұмыс iстейдi. Оның iшiнде 2600 журналистер мен редакторлар, 160-тан астам фототiлшiлерi бар. Агенттiктiң бас редакциясы Пекинде орналасқан. Олар: iшкi, халықаралық жаңалықтар, шетелге апарат тарату, спорттың соңғы жаңалықтары мен хроникалары, фото хабар бөлiмдерi, шетелдiк агенттiктер ақпараты, экономикалық ақпарат редакциялары едi. 4000-нан астам газет пен журналдарға, радио, телевидение, университеттерге, елшiлiктерге акпаратты ағылшын және жапон тiлдерiнде таратады.
Әлемдiк агенттiктер: Рейтер, ЮПИ, АПФ және азиялық басқа да елдердiң бiрқатар агенттiктердiң ақпараттарын пайдаланып, хабар алмасып отырады. Азия мен Тынық мұхит елдерiнiң ақпарат агенттiгiне және Координациялық Пула комитетiне мүше.
Бақылау сұрақтары:
Мәдени төңкеріс тұсындағы баспасөздің жағдайы қандай болды?