Күні: 19.09.2016
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
Тақырыбы
Қазақ тілі-түркі тілінің бір тармағы
Мақсаты
Қазақ тілі-түркі тілінің бір тармағы екендігін мысалдар арқылы ұғындыру
Күтілетін нәтиже
Қазақ тілі-түркі тілінің бір тармағы екендігін түсінеді.
Модульдердің кіріктірілуі:
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4.Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу
7.Оқытуды басқару мен көшбасшылық
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Блум таксономиясы, “Өрмекші торы” әдісі, Венн диаграммасы, 5 жолды өлең, “Екі жұлдыз, бір тілек”
Сабақ барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Барлық оқушыны ортаға шығарып «Шаттық шеңбер» деген топ құрғызамын. Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін.
Топқа бөлемін.Топқа бөлу үшін оқушыларды санатамын.
Яғни 1,2,3 3топқа бөлінеді.
Бір-біріне жылы сөздер айтады. Оқушылар шеңбер болып тұрған бойда 1,2,3 деп санап топқа сандары арқылы бөлінеді.
1.Білу
“Өрмекші торы” арқылы үй тапсырмасы сұралады.
Оқушылар еске түсіреді.Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, өздері жауап береді.
2.Түсіну
Жаңа тақырыпқа байланысты оқушыларға тапсырма беріп, өз беттерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату, түркі тілдеріне ортақ тарихи жазба мұралар қамтитын дәуірлер:
1.Көне түркі дәуірі
2.Орта түркі дәуірі
3.Жаңа түркі дәуірі
Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап ортаға топтан оқушы шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды
3.Қолдану
Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды.Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды. Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен түсіндіреді.
11-жаттығу ауызша, 14-жаттығу жазбаша орындалады.
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап, өз ой-пікірлерімен санаса білу
Топпен жұмыс жасау
4.Талдау
Оқушыларға Венн диаграммасын толтыру тапсырылады.
Әр топқа салыстыру парағы таратылады
5.Жинақтау
Топтастыру стратегиясы бойынша тақырып жинақталады.
Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпқа арнап өз ойларын жеткізу
6.Бағалау
5 жолды өлеңмен тақырып бағаланады.
Оқушылар өз пікірлерін жазады.
Рефлексия
“Екі жұлдыз, бір тілек”
Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін білдіреді.
Үйге тапсырма
13-жаттығу
Күнделікке жазып алады.