9-сыныптың қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді жоспары. Сабақ жоспарында белсенді оқытудың бірнеше әдіс-тәсілдері қамтылған. Топтық жұмыс арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, белсенді жұмыс жасай алады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«ҚМЖ " Абайдың қарасөздері" 9-сынып»
Абуова Гүлнар Жалғасқызы
Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы
ЖББ Х.Халиуллин атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сынып: 9-сынып
Сабатың тақырыбы: Абайдың қарасөздері
Мақсаты: Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, қара сөздерінің мазмұнын меңгерту.
Күтілетін нәтиже: А)Қара сөздерін өсиет ретінде қарастырады. Өмірде пайдалану үшін есте сақтайды.
Б) Мазмұнына үңіліп түсінік береді, өмірде қолданатына мысалдар келтіреді
С) негізгі идеясын табады және баға береді
Керекті жабдықтар: Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, ресурстық парақтар,электронды оқулық, ноутбук, ұялы телефон, түрлі түсті қалам, т.б
Қолданылатын әдістер: Топтық жұмыс, жеке жұмыс, «Миға шабуыл», «Еркін талқылау», «Ой қозғау» «инсерт», «Мақсат», т.б
Сабақ барысы:
І. Кіріспе
- оқушылармен амандасу,түгендеу,кезекшілік қызметін қадағалау;
- оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
1. Топқа бөлу «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»
2. Үй тапсырмасын тексеру:
3. «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен сабақты қорытындылау
Абай кім? Ол қай жерде туған?
Қай жерде оқыған?
Абайдың әкесі кім,ол қандай адам болған?
Абай ертегі,жырларды кімдерден тыңдап өсті?Абай өлең жазумен ғана шұғылданды ма? т.б.
Абайдың қандай өлеңдерін білеміз?Сол өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтып көрейік.
Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі»
Абайдың руы. (Тобықты
«Медғат-Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (мағауия)
Абайдың алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай
Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)
Абайдың орыс досы. (Михаэлис
Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан)
ІІ. Тұсаукесер
Жаңа тақырып
І топ:Берілген қарасөздің тақырыбын анықтап, кестені толтыр.
№
Қандай тақырып қамтылған
Қарасөздері
1
25,23
2
7,10
3
13
4
15
ІІ топ: 29 қарасөзге тоқтала отырып, кестені үлгі бойынша толтыр
№
Мақал мәтел
Абай сөзі
Өз пікірім
1
2
Атың шықпаса жер өрте
Ата анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті.
Жер өртеп шығарған аттың несі мұрат?
Ата анасын малға сатқан ең арсыздың ісі
ІІІ топ:
Абай қара сөздеріндегі нақыл сөздер мен мақал-мәтелге айналып кеткен айшықты сөз тіркестерін табады.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық
Биік мансап – биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады
Азат басың – болсын құл, қолдан келмес іске ұмтыл
ІІІ. Негізгі бөлім
Абайдың қарасөз жазудағы мақсатын ескере отырып «Менің мақсатым» тақырыбы бойынша ойтолғау жазу. (Жеке тұлғаның өзіндік «менін» қалыптастыру ескеріледі )
ІҮ. Қорытынды
«Инсерт» әдісімен жаңа сабақты қорытындылау. Кері байланыс парағы үлестіріледі.
Үй тапсырмасын беру: «Абайдың қарасөздері бізді қандай болуға үйртеді?» тақырыбында эссе жазу