Күтілетін нәтижелер: | Оқушыларды сауатты жазуға үйрету Жазба жұмысы арқылы оқушылардың сауаттылығы анықталады Қажеттілікті жүзеге асырады, алған білімдерін қолдануды үйренеді, сауаттылықтары қалыптасады, көшбасшылықты көрсетеді |
Тұсаукесер 5 минут | Диктанттың тақырыбын жазып, мәтінімен таныстыру. Оқушыларға сын жұмысына арналған дэптерлерін таратып шығамын да, сын жұмысының тақырыбымен таныстырамын. Бүгінгі күнді, мэтін тақырыбын тақтаға жазып шығамын да мэтін мазмүнын мәнерлеп оқып шығамын. Мәтін 109 сөзден тұрады. Содан кейін мэтіннің әрбір сөйлемін жеке оқып мәтінді жаздыруға кірісемін. | Оқушылар назарын диктантқа аударады.Тыңдайды. |
Негізгі бөлім 30 минут | Мұғалім диктант мәтінін оқып, оқушыларға жаздырады. Диктант «Ана тілі» Ана тілі — бүл атаңның, анаңның тілі, туған халкыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден эке-шешемізге, эжеміз бен атамызға, басқа ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз. Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өзіміз өсіп, ержеткен сайын халықтан, мектептен, кітаптан, газет-журналдан, радио-теледидардан, кино-театрдан үйреніп, ана тілін тереңірек біле береміз. Ол — біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын негізгі қатынас қүралымыз. Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз-ертегілері, өлең-жырлары, кітаптары, табиғат пен қоғам құбылыстары атаулары, жалпы дүние жайындағы үғымдары, ойы, сезімі—бэрі-бәрі де ана тілінде сақталады. Ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады. Ана тілін жақсы білмейтін адамды шын мэніндегі мэдениетті адам деуге болмайды. ("Ол кім? Бұл не?", 109 сөз) | Оқушылар диктант жазады. |