Саба?ты? та?ырыбы: Кітаптар м??ы.
Саба?ты? ма?саты:
Білімдік: м?тіндегі негізгі ойды т?сінуге к?мектесу.
Дамытушылы?: ой-?рісіні?, тіліні?, м?нерлеп, т?сініп о?у ?абілеттеріні? дамуына ы?пал ету.
Т?рбиелік: ??ыптылы??а, е?бекс?йгіштікке баулу.
Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап, талдау-жина?тау, ??гімелеу.
Просмотр содержимого документа
«"Кітаптар м??ы"»
Сабақтың тақырыбы: Кітаптар мұңы.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: мәтіндегі негізгі ойды түсінуге көмектесу.
Дамытушылық: ой-өрісінің, тілінің, мәнерлеп, түсініп оқу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеп, жақсы көңіл күй қалыптастыру үшін мадақтаулар айту.
Ұқыпты бала кітапты түптеп тастады,
Ұқыпсыз бала кітапты бүктеп тастады,
Жұмысын басқаға жүктеп тастады.
II. Жаңа сабақты түсіндіру.
Кіріспе әңгіме.
Кітап неге мұңаяды деп ойлайсың?
Мәтінді оқушылардың таныс емес сөздерді белгілей отырып өз бетінше
оқуы. Сөздік жұмыс.
3. Мәтін бойынша тапсырмалар орындау.
а) Мәтіннен кітаптардың арманын тауып оқы.
ә) Ұқыпты оқушының кітабын қалай ұстайтынын тауып оқы.
б) Оқушыға кітаптың тигізер пайдасын тауып оқы.
в) Кітапты шығару үшін жұмыс істеген адамдардың еңбегін айт.
г) Кітаптың ұқыпсыз оқушыға ренішін тауып оқы.
Мәтінді рөлге бөліп оқу, мазмұнын жалғастыра сөйлеу.
III. Сабақты бекіту.
Әңгіме неге «Кітаптар мұңы» деп аталған?
Кітап туралы мақал-мәтелдер айт.
IV. Сабақты қорыту.
Мен кітапты қалай ұстаймын?
2. Кітап атынан оқушыға хат жазып көр.
V. Үйге тапсырма беру.
Қортынды:
Бағалау: