9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында туған.
Балалардың үлкені – Мұқағали еді. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарында өтті.
Әкесі Сүлеймен соғыста қаза тауып, анасы Нағиман мен әжесі Тиынның тәрбиесінде өсті.Ол 10-11 жастан бастап өлең шығара бастайды.
Әйелі – Лашын Әзімжанова. Тұңғыш қызы – Ләззат 1949 жылдың желтоқсанында дүниеге келіп, сәуірде суық тиіп қайтыс болған. Екінші қызы – Майгүл 1951 жылы мамырда дүниеге келген, 1962 жылы Алматыға көшіп келгеннен кейін машина апатынан қайтыс болады. Бұл қаза ақынға қатты соққы болады. Майгүлге арналған өлеңдер циклі баршылық. Қалған балалары – Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шолпан.
Мұқағали орыс, неміс тілдерін жақсы білген.
1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепте мұғалім болды.
1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі әдебиет және өнер институтында оқыды.
Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай», «Інімнің ойы», «Шебер». Өлеңдегі ұстазы – Қ.Аманжолов. Ақынның тұңғыш кітабы – «Ильич», ал кейінгі шығармалары «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», “Чили – шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдері бар. Мұқағали – ақын, жазушы, драматург. Ақиық ақын 1976 жылы 27-інші наурызда 45 жасында Алматы қаласында қайтыс болды.
Фото галерея және кітап көрмесімен таныстыру 3. Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің білімдерін тексереді.
- Мұқағали Мақатаев кім?
- Мұқағали Мақатаев ең бірінші ақын дейміз, сосындраматург, сатирик, публицист, жазушы, аудармашы, ұстаз, журналист деп атап өтеміз.
- М.Мақатаев қай жылы, қайда туған?
- Ол әкесінен неше жасында жетім қалды?
- Оның қандай өлеңдерін білесің?
4.Әңгімелесу. Аз ғана өмір сүрсе де артына өшпес мұра қалдырды. Ол өмірді сүйіп өтті. Ал, енді балалар, Мұқағали ағамыздың өлеңдерін оқып көрелік. /Топтық жұмытар/
«Қайырлы түн» өлеңін мәнерлеп оқу.
Өлең мазмұнына талдау жасау.
1.Әйел-Ана сәбиінің ұйқысын қалай бұзбай сақтаса , Жер-ана да дәл солай тәтті ұйқыда таңға дейін дем алуын тілейді
2.Алып жерді төсек еткен көк аспанның ешқандай соғысқа ұшырамай,таң атар сәтте боз көрпесін айқара жауып ,тыныштықтың аясында дамылдап,тәтті ұйқыда болуын тілейді
Өлең түрі:Философиялық лирика. Философия –табиғат , қоғам мен ойлаудың даму барысындағы жалпы заңдылықтары туралы ғылым
Тәсілі:Кейіптеу-орманың шуламасын, суларың туламасын,күңіренбесін, жыламасын,шамыңды өшір,айың келіп ақ мойныңа асылды.
/Жансызды жанды түрде суреттеу/
Қайырлы түн,
Жер-анам!
Көк аспанды жамыл да,
Таңға дейін дін аман,
Тәтті ұйқыда дамылда!
Орманыңда шуламасын ,
Суларың да туламасын. Тыныштық.
Ақ басты ала тауларың да
Күңіренбесін,жыламасын!
Шамыңды өшір,
Түсіре ғой пердеңді,
Қайырлы түн,алып жер!
Дүбірлетіп сенің ұлы кеудеңді
Таптамасын танктер.Соғысқа жол жоқ
Қайырлы түн,
Көк аспан,
Алып жерді төсен де,
Таңға дейін тәтті ұйқыда толаста,
Ұшырама кеселге.
Қайырлы түн,
Ақ аспан,
Алып жерді төсен де,
Боз көрпеңді айқара жап иыққа,
Сенің нұрың тыныштықпенжарасқан
Қайырлы түн ұйықта! Нұрлы өмір.
Шашу болып жұлдыздарың шашылды,
Айың келіп ақ мойныңа асылды.
Шәйіге орап әлдилесін Құс жолы
Тыныштық деп аталатын жас ұлды.
Дәптермен жұмыс: Түсініксіз сөздерді жазып,мағынасын ашу
Кесел-ауру,дерт
Шәйіге-жібек матаның бір түрі
Құс жолы — кең, ақшыл жолақ болып тұтасқан орасан көп жұлдыз шоғыры.
Келесі өлеңі «Қара өлең»деп аталады.Мәнерлеп оқиды.
Қалқам,мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмiн демедiм ешкiмге мен,
Қазақтың қара өлеңi – құдiретiм,
Онда бiр сұмдық сыр бар естiлмеген.
Жат жердi жастанғанда жазатайым,
Қанымен жазды, мүмкiн, ағатайым.
...Қасиетiңнен, қара өлең, айналайын,
Қазақтың дәл өзiндей қарапайым.
Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңi қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан ағызбайын.
Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзi айтқанын қайталадым.
...Күпi киген қазақтың қара өлеңiн,
Шекпен жауып, өзiне қайтарамын.
-Өлең мазмұны не туралы?
-Лермонтов,Пушкин,Есениндер кім?
-Қара өлең дегеніміз не?
Ол қазақтың ежелгі өлең түрі
Түсініксіз сөздермен жұмыс:
Күпі-матамен тысталған тері тон.
Шекпен-түйе жүннен тоқылған сырт киім
Сабақты қорыту:
-Бүгінгі сабақтан не түйдіңдер?
-Қазақ поэзиясының ХАНТӘҢІРІНЕ айналған ақын туралы не білдік?
Бағалау
Үй тапсырмасы: Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны, «Қайырлы түн»