Конспект урока по литературе "?арлы?аш немесе мамамны? ??гімесі"
Конспект урока по литературе "?арлы?аш немесе мамамны? ??гімесі"
Ма?саты:1. М?тіндегі негізгі идеяны ?з беттерінше ??ыну?а жол ашу.??гімедегі басты кейіпкерлерді? ойы мен ?иялын д?рыс т?сінуге, авторды? жазу тіліні? шеберлігін айыра білуге м?мкіндік беру.
3. Бірлесе ж?мыс жасай отырып, ?з пікірін білдіруге,д?лелдеуге ?йрету.?орша?ан ортаны ?ор?ау?а, онда?ы ?р тіршілік етушіге ?ам?оршылы?пен, аяушылы?пен ?арау?а, ?р?ашан ?ол ?шын беруші болуына ж?рдем жасау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по литературе "?арлы?аш немесе мамамны? ??гімесі" »
Күні:25.02.13
Сынып:4.
Пәні: әдебиеттік оқу
Тақырыбы:Қарлығаш немесе мамамның әңгімесі.
Мақсаты:1. Мәтіндегі негізгі идеяны өз беттерінше ұғынуға жол ашу.Әңгімедегі басты кейіпкерлердің ойы мен қиялын дұрыс түсінуге, автордың жазу тілінің шеберлігін айыра білуге мүмкіндік беру.
2. Оқушы қиялының шарықтануына, көркем сөздерді, сөз тіркестерін пайдалана отырып табиғатты, табиғат көріністерін, жан-жануарлардың тішілігін әсерлерін мазмұндауға баулу ,әсерлеп , көркемдеп сөйлеудегі шеберліктерін шыңдай түсу.
3 . Бірлесе жұмыс жасай отырып , өз пікірін білдіруге ,дәлелдеуге үйрету .Қоршаған ортаны қорғауға , ондағы әр тіршілік етушіге қамқоршылықпен , аяушылықпен қарауға , әрқашан қол ұшын беруші болуына жәрдем жасау.
Сабақтың көрнекілігі: Құстар суреті , құстарға арналған ұя суреті, мәтіннің желісімен салынған сюжетті сурет,болжау кестесі.
Әдіс – тәсілдер : сұрақ – жауап , сын тұрғысынан ойлау,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй жұмысын қорытындылау.
1 . Қызығушылықты ояту.
Қарлығаштың ерлігі.
Қарлығаш әркез ұясын біздің үйдің шатырына салады. Өйткені олар адамды дос көреді. Биыл да қарлығаш сары ауыз балапандарына тыным таппай жем тасумен болды. Балапандары құлап кетпесін деп , аяғын қиып кетпейтіндей етіп әлсіз қылмен байлап қояды екен.
Бірде тынымсыз бір балапаны тыпырлап , ұядан аса құлады . Осы бір сәтті тосып тұрғандай, үйдегі қара ала мысық лып етіп жүгіріп келіп қалғаны. Балапанға жаөындай бергенде , қай жақтан үлгеріп жеткені белгісіз, ана қарлығаш мысықтың аузына таяп, шырылдап тұрып алды. Сірә, « Балапандарымды жегенше мына мені же, тиме оларға »,- деп жан ұшырғандай . Мұны көрген Есімбек жүгіріп келіп , жерге құлаган әлсіз балапанды қолына алды . Еш жері сынбаған екен . Аялай ұстап, ұясына салды. Ана қарлығаш жем тасу жұмысына қайта кірісті .
- Мәтіндегі оқиғаға байланысты қандай ой түйдің ?
-Сенің әрекетің қандай болар еді?
-Есімбектің бойындағы адами қасиеттерін саралап айтып бере аласың ба? Мысалы; қамқор , батыл, еңбекқор,т .с.с. .Қарлығаш деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? Бес жолды өлең құру және оқып беру .
Осы аталған қасиеттер бойынша әр бала өз атауларын таңдап алады. Әр бала осы сөзді не үшін таңдап алғандарын қысқаша жазады. Содан кйін топта талқылап, орталарынан бір оқушы өзінің жазғанын оқиды.
-Ендеше бүгінгі сабағымыз құстар тақырыбына, оларды қорғауға және қалай қорғауға болатын жолдарын табуға арналады.
2 Мағынаны тану.
Мәтінді лдын ала бөліп алған бөліктер бойынша жұмыс жасау.
а ) Кезектегі 1 топ оқушыларына мәтіннің бірінші бөлімін оқыту.
Мәтіннің бірінші бөлімі: « ...Әкемдей емес , шешемнің мінезі қатал» деп аяқталады.
Сұрақ:
- Шешесі баласына қандай жаза қолданар екен? Өзіңнің басында осындай жағдай болып көріп пе едің?Ата – анаң саған не деп еді?
Оқушылар таратылып берілген болжау кестесінің 1,2 – бөлігін толтырады.
ә) Кезекті келесі 2 топ оқушыларына мәтіннің екінші бөлімін оқыту.
Асанның айтқан әңгімесі туралы.
« ....Содан ұшпасын деп қанатын қидым қайымен » деп аяқталады.
Сұрақ:
- Оқиға әрі қарай қалай шиеленіседі деп ойлайсың?
- Сенің ата – анаң сенің мұндай қылығыды қалай бағалар еді деп ойлайсың?
Оқушылар болжау кестесін( 3,4 бөлімін) толтырып, топта талқылап, әр топтың бір- бір мүшесі жазғандарын оқиы.
б)Кезекті 1 топ мүшелеріне келесі бөлімді оқыту.
« ... Бір қалың жиде түбін қолыммен тырнлап қаздым да, соған көмдім» деп аяқталады.
Сұрақтар:
- Кейіпкердің әрекетіне баға сипаттаа бер. Қай жері дұрыс, қай жері бұрыс?
- Неге ұя бұзуға болмайды?
-Ол жұмыртқадан кейін кішкентай балапдар шығатынын білесің бе?
Тыйым сздер.
Аққуды атпа.
- Құстың ұясын бұзба . т. с. с.
- Өзің тағы не қосар едің?
- Қалай ойлайсың, қыз баланың мұндай қылыққа баруына сол кездегі жағдай сбеп болмады ма?
- Анасы бұа жайды қалай қабылдар еді деп ойлайсыңдар?
- Оқиға әрі қарай қалай шиеленісер екен? Анасына барлық жайтты айтып беруе батылы жетер ме екен?
Оқушылар болжау кестесін толтырып 5,6 бөлігін , топта талқылап, әр топтың бір- бір мүшесі жазғандарын оқиды.
в) Мәтіннің соңғы бөлігін кезектегі топ оқушыларына оқыту.
- Анасы қызының сөзіне сенді ме? Сенбесе, неліктен үн қатпады?
Себебін түсіндіре аласың ба?
Жалпы мәтіннен қандай ой түйді?
3 Ой толғау.
-Басты кейіпкердің ішкі жан дүниесі не болып жатыр деп ойлайсың?
Кластер Қарлығаш
Адам өміріндегі құстардың пайдасы қандай?
Қандай оқиғаны еске түсіруге болады?
Қажет еректер.
Халық ауа райын қалай болжаған ? Үзінді
Қыста қаздар қаңқылдаса – жылы болады, аяқтарын бауырына тығып жатып алса – күн суытады немесе боран болады.
Қаз бен үйректер суға шомылып қиқулап, ұанаттарын қомдап мазасыздана бастаса – күн райы бұзылады.
Қызылқаз өоқиқаз былтырғы ұясын жөндемей жұмыртқаласа , жаз құрғақшылық болады . Егер ескі ұяны жөндеп биіктететін болса – жаз жаңбырлы болады.
Құстар ертемен жем іздеуге асықса жауын- шашынды боады.
Қарлығашар аспанда самғап, биіктеп ұшса – күн ашық төмендеп ұшса – жаңыр жауып, жел болады.
Қараторғайлар топтанып ұшып ,аспанда неше түрлі қимылдар жасаса – күз ұзаққа созылады.
Аққу солтүстіктен оңтүстікке кеш қайтса- күз әрі ұақ, әрі жайлы болмақ.
Торғай шрңға аунаса – жаңбыр жауады.
Құстар туралы қандай мақал – мәтел білеміз?
Қорытынды: Кітаптағы сұраұ – тапсырмаларды орындау .
Үйге тапсырма :Мәтінді мәнерлеп оқу.
Болжау кестесі
Сенің ойыңша ,анасы қандай шара қолданар екен?
Оған қандай дәлелің бар?
Оқиға әрі қарай қалай шиеленісер екен?
Олай ойлауына не себеп?
Анасына болған жайды айтып беруге батылы жетер ме екен.