kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Лексиканы қайталау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ  21.04.2007жыл Лексиканы  қайталау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Лексиканы қайталау»

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Лексикадан өткенді қайталау

Сабақ мақсаты:

а) Білімділік : лексикадан өтілген материалдарды теориялық тұрғыдан қайталай отырып, практикалық тұрғыдан жүзеге асыра білуді қалыптастыру, іскерлік дағдыларын тексеру, білімдерін бекіту;

ә) Дамытушылық: сөз байлығын молайту, сөздік қорын байыту, өзіндік ізденістерін, ойлау қабілетін жетілдіру, топпен жұмыс жасай білуге үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

б) Тәрбиелілік: сөз мағынасын келістіре құбылтып, сөз құдіретін сезіне білуге, сөз қасиетін терең ұғынуға, достыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: танымдық сайыс сабағы.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақ өту әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, талдау, тест.

Сабақтың көрнекілігі: тест, кроссворд, интерактивті тақта, т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі:

1) оқушыларды түгелдеу, топқа бөлу.

2. Үй тапсырмасын сұрау:

1-топ. Диалект сөздерді қатыстырып сөйлем қарау.

2-топ. Кәсіби сөздерді қатыстырып мәтін құрау.

3-топ. Термин сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.

3. Қызығушылықты ояту.

Топтастыру” стратегиясы



4. Зымыран сұрақтар

1. Лексика дегеніміз не, нені зерттейді?

2. Сөз бен мағына деген не?

3. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы деген не?

4. Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?

5. Омонимдер дегеніміз не?

6. Синонимдер дегеніміз не?

7. Антонимдер дегеніміз не?

8. Табу дегеніміз не?

9. Эвфемизм мен дисфемизм дегеніміз не?

10. Тұрақты тіркестер дегеніміз не?

11. Мақал-мәтелдер дегеніміз не?

12. Сөздік қор дегеніміз не?

13. Көнерген сөздер дегеніміз не?

14. Жалпылама лексика дегеніміз не?

15. Кірме сөздер дегеніміз не?

16. Диалект сөздер дегеніміз не?

17. Кәсіби сөздер мен термин сөздер дегеніміз не?



5. Топпен жұмыс

1 - топ

Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жаз.

а) Терең ой, терең ор, терең су, терең білім, терең сезім, терең құдық.

ә) Қатты жел, қатты қол, қатты жер, қатты жүрек, қатты сөз, қатты құрт.

б) Жүйрік жел, жүйрік ат, жүйрік ой, жүйрік адам, жүйрік сөз.

2 - топ

Мына сөздердің омонимдік қатарын жаз.

Қара, шаш, жүз, түс.

3 - топ

Синонимдерді сәйкестендіру

Алыс титтей

Үлкен келбет

Кішкентай ажырлы

Ажар дәу

Қайратты шалғай

Тамақ лезде

Таңертең есендесу

Ертеде азанда

Жылдам ауқат

Амандасу баяғыда

Берілген антонимдер бойынша мақал – мәтел айту

1 - топ. Дұшпан - ...

2 - топ. Жақсы - ...

3 - топ. Туады - ...

Талдау жұмыстары

Сөйлем мүшесіне талдау, сатылай талдау, фонетикалық талдау.

1 – топ. Елбасы мінген ұшақ Астана әуежайына келіп қонды.

2 – топ. Бір күні хан ерігіп, уәзірлерімен аңға шықты.

3 – топ. Биыл атам екеуміз алма бағынан он жәшік алма жинадық.



6. Сергіту ойыны

Тұрақты тіркестердің мағынасын ашу

1. Жанын қоярға жер таппау

2. Тайға таңба басқандай

3. Жұмған аузын ашпау

4. Қырық пышақ болу

5. Бауыр басу

6. Қой аузынан шөп алмайтын

7. Ит арқасы қиянда



Эвфе-мизм

Дисфемизм

Табу

Көнер-ген сөз

Диа-лект

Жаңа

сөз

Кәсіби

сөз

Термин сөз

Кірме

сөз

Лексика

Мұғалім

Сым

Әңгелек

Итқұс

Қорамсақ

Ұры

Аялдама

Ет

Бәдірен



Аузы жеңіл

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы

а) Синтаксис

в) Морфология

с) Лексика

2. Тұрақты сөз тіркесін тап

а) Ашық жер

в) Қоян жүрек

с) Хат жазу

3. Мақал-мәтелді тап

а) Бала шаба жөнелді

в) Білімді бол

с) Ақылды бала - арлы бала

4. Антонимді ажырат

а) Қызыл - ақ

в) Ақ - қара

с) Қызыл – көк

5. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді тап

а) Ел үмітін ер ақтар

в) Көк алманы алма

с) Қарақұс – жыртқыш қүс

6. Жалығу сөзінің синонимін тап

а) Зерігу, құмар болу

в) Еріну, көшіру

с) Зерігу, іш пысу

7. Эвфемизм сөзін тап

а) Бикеш - ау

в) Мылжың

с) Қоспай айт

8. Жаңа сөзді тап

а) Несие

в) Ақсақ

с) Сауыт

9. Көнерген сөзді тап

а) Саяжай

в) Найза

с) Сәулет

10. Табу сөзді тап

а) Шырайлым

в) Бауырмал

с) Қайратты











Үйге тапсырма

1. “Ақылды қария – ағып жатқан дария” тақырыбына мәтін құрау.

2. Талдау жұмыстары





Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың типі:  Дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, дамыта оқыту, тест, топтастыру, кубизм.

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық тапсырмалар, бағалау парақтары, техникалық құрал-компьютер құрылғысы, слайд, тірек –сызбалар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру.

а) Оқушыларды түгелдеу, журналға белгілеу; ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару (бүгін бізге қонақтар келіп отыр, амандасып алайық);

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Құрметен сіздерге,

Бас иеміз Біз!

ә) Кім айтаы, үй жұысына не берілді? (Лексиканы қайталап келу).

ІІ. Кіріспе бөлім. Қызығушылықты ояту.

«Кезеңдер бәйтерегі»

Ерте - ерте –ертеде, грек елінде, Лексика деген патша өмір сүріпті.  Лексика патшалығындағы халықтар өте тілге бай - тілмар, шешен болыпты. Сол патшаның бағында бір ғажайып алма ағашы өседі екен. Бірақ осы күнге дейін сол алманың дәмін ешбір адам татып көрмепті дейді. Оның себебі, алманы жегісі келген адам, алма ағашындағы тапсырмаларды дұрыс орындап жауап беріп, бірнеше кезеңнен өтеді. Сонда ғана дәмі тіл үйіретін алмадан ауыз тиуге береді екен.

Балалар! Бүгін біз де бағымызды сынап, Лексика патшалығына қонаққа келіп, сол тапсырмаларды   дұрыс  орындап, сұрақтарға  жауап беріп көрейік.

Мен сіздерге сабаққа сәттілік тілеймін  және дәмі тіл үйіретін алмадан ауыз тиетіндеріңізге сенемін.

ІІІ. Негізгі бөлім.

«Лексика» паталығында қандай қалашықтар бар екен еске  түсірейіктер

Топтастыру жұмысы. (Омоним,тұрақты тіркес,синоним,антонм ......)

І Дәйексөз кезеңі .

  « Тіл қаруы –сөз, сөз қаруы – ой. Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады. Асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды».

Ғ.Мұстафин.

Дәптерлеімізді ашамыз,бүгінгі күнді жазамыз: Қаңтардың жиырма екісі.

1 – тапсырма

І деңгей

Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жазу.      

А) Терең ой, терең сай, терең су, терең білім, терең сезім, терең құдық;

Ә) Алтын қазына , алтын қол, алтын сақина, алтын сөз , алтын тас, алтын уақыт;

Б) Қатты жел, қатты қол, қатты жер, қатты жүрек, қатты сөз, қатты құрт;

В) Жүйрік жел, жүйрік ат , жүйрік ой, жүйрік адам, жүйрік сөз;

ІІ деңгей. Диалект сөз деген не?

Суреттен диалект сөздерді тауып жазыңыздар:

ІІІ деңгей. Берілген сөздердің  антонимін     тауып жазыңыздар: Аласа,  жылдам, қара, ақылды, күшті, ыстық, дұшпан.

ІІ. Дәйексөз кезеңі:

« Тіл- адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді ?!». А.Байтұрсынов.

2 – тапсырма.

І деңгей. Семантикалық картаны толтырыңыздар.

 

Лексика

 

 

 

 

Сөздер

 

Эвфемизм

Дисфемизм

Табу

Көнерген

сөздер

Диалект

Жаңа сөздер

Кәсіби сөздер

Термин  сөздер

Кірме сөздер

Тұрақты

тіркестер

Аға сұлтан

 

 

 

+

 

 

 

 

 

 

Жасыл

 

 

+

 

 

 

 

 

 

 

Лексика

 

 

 

 

 

 

 

+

 

 

Үнтаспа

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

Сым

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 

Тарелке

 

 

 

 

 

 

 

 

+

 

Қайтыс болды

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қырт

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

Тас бауыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

Әңгелек

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

2 – тапсырма.ІІ деңгей.

Графикалық диктант

Омоноим

Синоним

Антоним

Ат       Ұзын        Ақ       Түс    Сұлу   Қысқа     Жақ           

ІІІ деңгей.  Оқулықпен жұмыс.

225 – жаттығу.

Тапсырма:Мәтелдерді көшіріп жазамыз.Мәтел деп нені айтамыз?

Сергіту сәті.

ІІІ Дәйексөз кезеңі .

«Адамға екі нәсе тірек тегі,бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі».

Жүсіп Баласағұни.

3 тапсырма.

« Кубизм » стратегиясы.

«Суретте» — Қазақ тіліндегі табу сөздердің пайда болу  себебі?

«Салыстыр » —   Көп мағыналы сөздер мен  омоним сөздердің айырмашылығы, ұқсастығы неде? (Венн диаграмасы). 

«Зертте» —  Лексика сөзінің шығу тарихы.

«Қолдан» — Тіл туралы мақал, мәтелдер айтыңыздар.

«Талда » - «Туған тілім – тірлігімнің айғағы » деген өлең жолындағы «туған» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыздар.

« Байланыстыр »  - тест орындау

«Лексика»

1.«Бетінің оты шықты» тұрақты тіркесінің мағынасын тап.

А) ұялды   В) қорықты    С) мейірімсіз          

2. Мына сөздердің қайсысы көнерген сөзге жатады?

А) отбасы   В) отарба   С) жасуша         

3. «Айлакер» сөзінің антонимін табыңдар.

А) мейірімді  В) қатыгез   С) аңқау         

4. Берілген тіркестердің тура мағынада қолданылып  тұрғанын көрсет

А) терең білім  В) терең көл   С) терең ой         

5. Мылжың сөзі қандай сөзге жатады?

А) көнерген сөз В) эвфемизм   С) дисфемизм         

6. Антонимді ажырат. 

  А) қызыл-ақ  В)ақ-қара С) қызыл-көк.

  7. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.

  А) ел үмітін ер ақтар В)көк алманы алма  С)қарақұс-жыртқыш құс.

 8. «Жалығу» сөзінің синонимін табыңыз.

 А)зерігу, құмар болу  В)еріну, көшіру  С)Ззерігу, іш пысу

9. Неологизм сөзді белгіле.

А)несие. В)гарантия. С)процент

 10. Көнерген сөзді тап

А)саяжай. В)найза. С)сәулет

Дұрыс жауабы:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А

В

С

В

С

В

В

С

А

В

ІҮ Қорытындылау

Мұғалім :

- Балалар, бүгін сіздер  осы екі тоқсан   бойынша  «Лексика » тарауынан өткен тақырыптарды  қайталап, еске түсіріп  өз біліміміз бен біліктілігімізді көрсеттік. Ендеше , бағалау парақтарыңыздағы ұпай санын есептей қойыңыздар. Ұпай санына байланысты бүгінгі сабаққа баға қойылады.

Қандай әсер алдыңдар? Ол туралы ойларыңызды жазыңыздар!  

Сөз қуаты шығарар ел төріне,

Жер бетінен самғатар көк шегіне.



Сабақтың тақырыбы: Лекикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: Лексика тарауы бойынша өткен тақырыптарды деңгейлік тапсырамалар арқылы есте сақтауға үйрену
Күтілетін нәтижелер А) лексикадан өткен ережелерді айта алады
В) деңгейлік тапсырма орындауда ережелерді саралайды
С) өткен тақырыптар бойынша ой қорытып, өз пікірін тұжырымдайды
Сілтеме Қазақ тілі оқулығы (Авторы: Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова), презентация, түсті маркерлер, компьютер, грамматикалық кесте, кері байланыс парағы
Сабақтың жүру барысы
Уақыты Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті

3 минут I. Кіріспе
Ұйымдастыру
1) Психологиялық дайындық
Оқушыларды топқа бөлу
Ертеде Лексика деген патша өмір сүріпті. Лексика патшалығындағы адамдар тілге бай, сөз мағыналарын жақсы меңгерген. Сол патшалықта ғажайып алма ағашы өседі екен. Алма ағашын баптап, күтіп, уақытылы суарғанмен ағашқа алма өспепті...
Егер біз бүгінгі сабақта берілген тапсырмаларды орындасақ, алма ағашының гүлдеп, алманың өсуіне көмек бере аламыз...
Лекика патшалығына алма өсіру

Ережерді білу, сұраққа жауап беру, сауатты жазу Лексика тарауына қатысты термин сөздерді дұрыс таңдау Жаттығу орындауда синоним, антоним, омоним сөздерді табу Эвфемизм сөздерді тауып жазу Тұрақты тіркестердің мағынасын білу Лекикалық жолмен сатылай кешенді талдау Термин сөздер жазу Мағыналы сөз құрастыру
І топ
ІІ топ
Оқушылар алмаларды таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.
І топ: Қызыл алма
ІІ топ: Сары алма

Ертегі мазмұны арқылы сабақты бастап, оқушыларға табыс критерийін түсіндіру
6 минут Үй тапсырмасын тексеру
«Серпілген сауал» әдісі
Оқушылар ортаға шығып шеңбер құрып, допты бір-біріне жіберу арқылы лексика тақырыбы бойынша сұрақ қояды. Жауабын білетін оқушы қолын көтереді
4 минут Тұсаукесер
«Тақырыптық түйін сөз»
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы; Көп мағыналы сөздер; Омонимдер; Синонимдер; Антонимдер; Табу; Эвфемизм, дисфемизм; Тұрақты тіркестер; Мақал-мәтел; Сөздік қор; Көнерген сөздер; Жаңа сөздер; Кірме сөздер; Диалект сөздер; Кәсіби, термин сөздер; Дауысты дыбыстар; Дауыссыз дыбыстар; Тасымал; Буын; Бастауыш; Баяндауыш; Сөзжасам; Фонетика; Лексика Оқушылар лексикада өткен термин сөздерді қалдырып, қалған артық сөздерді тақтадан алып тастайды.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
5 минут Негізгі бөлім
Оқулықпен жұмыс
220-жаттығу
Қарамен жазылған сөздердің синонимдерін, антонимдерін, егер бар болса омонимдерін тауып жазыңыздар
Өжет –
Қатыгез –
Айлакер –
Дәл –
Жақсы –
Әр топтан екі оқушы кезектесе шығып жаттығуды тақтаға орындайды
10 минут

І деңгей
Берілген сөздерді қатыстырып омонимді сөйлемдер жазыңдар:
Жүз. Арық. Түс. Жаз.

ІІ деңгей
Берілген сөздерден эвфемизмді тауып жаз:
Мылжың, сараң, аузы жеңіл, өлді, қолынан түк келмейді, қолының жымысқысы бар, ұрлықшы, құлағының мүкісі бар, ақсақ, саңырау, қолды болды, сөзуарлау, бақиға аттанды.

ІІІ деңгей
Тұрақты тіркестердің мағынасын табу
1. Тайға таңба басқандай (анық)
2. Жұмған аузын ашпау (сөйлемеу)
3. Көзді ашып жұмғанша (жылдам)
4. Ит арқасы қиянда (алыс)
6. Бауыр басу (үйреніп қалу)
Оқушылар топ болып деңгейлік тапсырмалар орындайды. Тапсырмалар бір уақытта беріледі. Оқушылар өз деңгейіне сай тапсырманы бөліп алады

10 минут №1 тапсырма
Лексикалық бірліктерді сатылай кешенді талдау
1. Амандасу
2. Көрікті

№2 тапсырма
Термин сөздер жазу
Қазақ тілі Математика



№3 тапсырма
Түсіндірме сөздікпен жұмыс
І топ: Алкалоид, антиномия, компас
ІІ топ: Аллитерация, синология, пропорция
Оқушылар орындарынан берілген сөздерге топ болып лексикалық талдау жасайды

Кезектесіп интербелсенді тақтадағы кестені термин сөздермен толтырады
4 минут Қорытынды
«Константинополь» әдісі
Қазақстан
Оқушылар берілген сөздегі әріптерді пайдаланып мағыналы сздер құрайды
3 минут

Бағалау. Жиынтық бағалау
Кері байланыс парағы
1. Аты-жөні:
2. Мен өзімді...бағалаймын
3. Маған сабақ
4. Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім
Алманың артына жазылған кері байланыс парағының сұрақтарына оқушылар жауап жазып, алма ағашына іледі
1 минут Үйге тапсырма
1. Лексика тарауына тест құрау (10сұрақ)
2. 226-жаттығу. Құрамында ауыспалы мағынадағы сөзі бар мақал-мәтелдерді теріп жазу
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады Тәрбие.орг сайтынан Лексикадан өткенді қайталау Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тулегулова Асем Махамбетқызы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Лексиканы қайталау

Автор: Дошанова Рабига Султанкуловна

Дата: 18.05.2017

Номер свидетельства: 416757

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Лексиканы ?айталау "
    ["seo_title"] => string(20) "lieksikany-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "193498"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427643407"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Лексикадан ?ткенді ?айталау. Саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(45) "lieksikadan-otkiendi-k-aitalau-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "287066"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454428301"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Лексиканы қайталау"
    ["seo_title"] => string(18) "leksikany_kaitalau"
    ["file_id"] => string(6) "481996"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1540401152"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Лексикадан ?ткенді ?айталау "
    ["seo_title"] => string(30) "lieksikadan-otkiendi-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "166534"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422971450"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "лексика тарауын ?айталау "
    ["seo_title"] => string(26) "lieksika-tarauyn-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "192330"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427449468"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства