Сабақ типі: жаңа білімді хабарлау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, дәріс оқу, айналым парақшасы, постер қорғау, АКТ
Сабақтың жабдықталуы: бағдарлама, оқулық, білім стандарты, әдістемелік нұсқау хат, слайд
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Қ.М.Байтанасова «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»
Қ.О.Бітібаева «Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы»
Негізгі орта білім беру деңгейінің «Тіл және әдебиет» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары (5-9 сыныптар)
2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат.
Сабақ жоспары (кезеңдері)
Ұйымдастыру
ЖБНИ
Бекіту
БДІ тексеру
Үйге тапсырма беру,
Қорытындылау, бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) кіріспе әңгіме
ә) түгендеу
ІІ. БДІ тексеру.
Айналым парақшасын толтыру.
ІІІ. ЖБНИ кезеңі
Лирикалық шығармаларды оқыту.
Сабақтың жоспары:
1.Оқылған лирикалық туындыларға олардың көркемдік поетикалық тіл ерекшеліктерін пайымдай отырып, талдау жұмыстарын жүргізу.
2.Лирикалық шығармаларды оқытуда талдау жұмыстарын жүргізу.
3.СТО оқыту технологиясымен оқыту.
Сабақтың мақсаты:Лирикалық шығармаларды оқыту жолдарын меңгерту.
Лирика – дара ойдың нәтижесі, ондағы ой шексіз кең. Лирика ақын жүрегінің тереңінен шыққан сезім ой-көрініс екенін аңғарту лириканың табиғаты, сипаты, түрлері жайында айтылған төмендегідей пікірлердің мән-мағынасын ашу. «Поэзия – өнердің асыл тегі, өмірдің әрі мен нәрі, қайнап қорытқан жамбысы», - (В. Белинский)
Лирика даралығы дегеніміз жалпылық, жинақтаушылық мәнге йе ақын сезімінің жалыны, ой тереңдігі, қоғамдық талапқа, сұранысқа жауап беруі, - деген Ә.Тәжібаев сөздерінде үлкен мән жатыр.
Демек шынайы көркем лирика- дамгершілік биік мұраттарға тәрбиелеуші, адамзаттың эстетикалық арманың асқар шыңы. Ол оқушылардың қызығушылығын арттырып, ойлау жүйесін дамытады, осы бағытта ол психологиямен, дидактикамен сабақтасып оқыту, тәрбиелеу мәселелеріне һз үлесін қосады.
Лирикалық шығармаларды оқытуда оқушылардың шығармашылық жұмыстарына да ерекше көңіл бөлу керек. Озық технология үлгілерін қолдану СТО технологиясы оқушылардың қабілеттеріне қарай өлең жаздыру, сурет салдыру, шағын шығарма, эссе жазғызу.
ІV . Бекіту
Постер қорғау
Қосымша сұрақтарға жауап беру
Сабақ жоспарларын салыстыру, талдау
V. Үйге тапсырма.
1. Лириканы оқыту.
Негізгі орта білім беру деңгейінің «Тіл және әдебиет» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламасының (5-9 сыныптар) мазмұнын талдау, (лирикалық шығармаларды) конспектілеу