М. Ма?атаев ?зі айт?ан екен: «Мені? ?ымбатты достарым! Егер сіздер шынымен мені? ?мірбаянымды, шы?армаларымды зерттемек болса?дар, онда мен не жазсам, соны? б?рін т?гел о?ып шы?уды ?мытпа?айсыздар. Мені ?з ?ле?дерімнен ?арамаулары?ызды ?тінем. Естері?ізде болсын, мені? ?ле?ім жеке т?р?анда т?к те емес. Біріктіріп ?ара?анда ол поэма іспетті. Басы ж?не ая?ы бар. Ол кейде к?лімдеген, кейде т??ілген жанымны? ??дды даусындай..»
М??алім с?зі:
Біз М??а?али а?ынды – поэзия патшасы десек, ендеше, поэзия патшалы?ына сапар шегіп к?рейік. Міне, патшалы?ты? алтын ?а?пасы ашылды. «А??улар ?йы?та?анда» сарайыны? кілті ?з ?олдары?да. ?азіргі с?ттен бастап осы сарайды? сырына ??іліп к?рейікші
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«М. Ма?атаев «А??улар ?йы?та?анда» поэмасы»
Күні:_________________
Тобы:_________________
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Сабақтың мақсаты: Сезіммен өлең өрген жыр парағы Мұқағали поэзиясына талдау жасау, ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру, поэманың тақырыбы мен идеясы композициясы туралы теориялық білім беру.
Білімділік – поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұғындыру себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіруге жету;
Дамытушылық – оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру, өз ойын дұрыс тұжырымдап, дәлелмен жеткізе білуге, еркін сөйлеуіне дағдыландыру, талдаулар жасай білу, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік – оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ақын суреті, интерактивті тақта, кітаптар, аққу туралы жазылған нақыл сөздер, тақырыптық суреттер, көрініс, сызба – кестелер.
1. Мұқағалидың туған жері? (Алматы облысы, Райымбек ауданы,Қарасаз ауылы)
2. Өмір сүрген жылдары? (1931-1976 ж.ж)
3. Әкесі мен анасың есімі? (Сүлеймен, Нағиман)
4.Мұқағали ақынның жыр жинақтарын ата. («Армысыздар, достар», «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Шолпан», «Өмір дастаны», т.б.)
5. Мұқағали ақын кімнің тәрбиесінде болды? (Әжесінің. Ол «Мені сөзге, жырға үйір еткен – әжем» дейді. Ақын әжесінің аты – Тиын. Келіндері оны «Мақпал апа» деген.)
6. Ақынның поэмаларын атаңыз. («Ақулар ұйықтағанда», «Ару – ана», «Райымбек», т.б.)
М. Мақатаев өзі айтқан екен: «Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды даусындай...»
Мұғалім сөзі:
Біз Мұқағали ақынды – поэзия патшасы десек, ендеше, поэзия патшалығына сапар шегіп көрейік. Міне, патшалықтың алтын қақпасы ашылды. «Аққулар ұйықтағанда» сарайының кілті өз қолдарыңда. Қазіргі сәттен бастап осы сарайдың сырына үңіліп көрейікші.
а) Аққу қандай құс?
ә) Поэмаға оқушылармен біріге отырып мазмұндық жоспар құру.
в) Ақынның тіл шеберлігі. Әдеби – теориялық ұғымдарға талдау, тілдік теңеулерді табу. Оқулықпен жұмыс, дәптерде орындау.
№
Поэмадан үзінді
Эпитет
Кейіптеу
Теңеу
Дәйектеме
1.
Тәтті үн, аппақ нұр...
+
+
2.
Маужыраған түн, салбыраған шымылдық...
+
г) Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру. (интерактивті тақтада орындалады).
Кейіпкерлер
Іс – әрекеті, адами қасиеттері
Ана
Қамқор ана. Балажан, сәбиі үшін аққуды атты.
Әке
Адал жан, халық дәстүрін берік ұстанады.
Тәуіп шал
Мейірімсіз, қайырымсыз. Таяз ойлы.
Бақташы қарт
Ақылы мол, көргені көп.
ғ) Проблемалық сұрақтар:
1. Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?
2. Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?
3. Ана неге аққуды атпақ болды? Бұл шешімге келу анаға оңайға түсті ме?
Проблемадан шығу:
Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып - ананың балаға деген махаббаты.
Автор өзі көтерген мәселені толығыман ашқан, себебі поэма шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзелістен, шын сағыныштан туған.
Ана аққуды баласы үшін атты. Бұл шешім анаға оңай түспеді ана көп ойланды.
Ү. «Аққу – киелі құс» пікір – сайыс.
1) Жақтаушы топ: «Аққуды атуға болмайды»
Дәлелдеме: - Көлдің сәні – аққулар.
- Аққу киесі оңдырмайды.
2) Даттаушы топ: «Ананың балаға деген махаббатын дәлелдеу үшін аққуды атуға болатын»
Дәлелдеме: - Ана – махаббатымен құдіретті
- Бәрі де адам үшін жаратылған.
Мақсаты:
Түйін: Мақсатыма жеттім.
ҮІ. Рефлексия. Ой түйіндеу.
Шығармашылық тапсырма. Анаға хат. (Сүгірдің «Аққу» күйі ойнап тұрады). Оқушылар анаға арнап хат жазады.
ҮІІ. Осы сабақтан не алдым? Тест интервью
Мұқағали шығармаларының ерекшелігі
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бізге қандай тәрбие берді?
Ойы өзекті.
Бейнелі рух, сезім басым.
Қазақ тұрмысына жақын ойлар айтылады.
Ана махаббатының құдіреттілігін сезіндірді.
Табиғатты қорғауды үйретті.
Халық дәстүрін берік ұстануды дәріптеді.
Мұғалім сөзі: Балалар, адам – табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар: бірі – тіршіліктің анасы табиғат анасы, екіншісі адам анасы. Екеуіде мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.
Сабақтың нәтижесі
Оқушыға не берді:
Өзіне, айналасындағыларға сын көзбен қарауға үйренді;
Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттер туралы өз пікірлері қалыптасты;
Табиғатты қорғауға үйренді;
Өз ойын еркін айтуды үйренді;
Мұғалімге не берді:
Адамның жақсы-жаман болуы өзіне байланысты деген ойға жетеледім;
Қарым-қатынас мәдениетіне үйрете білдім;
Жаңа технологияны қолданып өткізген сабағымның оқушыға берері мол екеніне көз жеткіздім;
Рухани санасына қатысты мәселелерді талқылау кезінде толық еркіндік және жеткілікті уақыт берілуі керек деген ой түйдім.