kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М.?уезов. К?ксерек

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:«К?ксерек» повесіндегі ?ас?ырды?  та?ылы? жол?а т?су 

жолдарын  суреттеудегі   жазушыны? шеберлігін таныту.

Саба?ты? міндеттері: 1. М. ?уезовты? шы?армалары мен ?мірі туралы 

м?лімет беру.  Повестегі кейіпкерлер та?дыры туралы т?сінік беру,                  о?ушыларды? ойлау ?абілеттерін арттырып, пікір айту?а                  да?дыландыру. 2.О?ушыларды? ой еркіндігін, пікірін саралай                  білуге, тияна?ты с?йлей білуге да?дыландыру, ?з бетімен ізденуге                  жетелеу. 3.Жазушыны? шы?армаларын о?ытып, жалпы тіршілік                атауыны? т?тасты?ын т?сіндіріп, ?дебиетке деген с?йіспеншілігін                оятып,егеменді елімізді? жас ?рпа?тарын жан-жа?ты жетілген адам                атына  лайы?ты азамат болып ?алыптасу?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М.?уезов. К?ксерек »

Камзина Гүлза Сайлауғалиевна

ШҚО Семей қаласы

«№41 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Әдебиеттік оқу пәні, 4 сынып


Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов. Көксерек

Сабақтың мақсаты:«Көксерек» повесіндегі қасқырдың тағылық жолға түсу

жолдарын суреттеудегі жазушының шеберлігін таныту.

Сабақтың міндеттері: 1. М. Әуезовтың шығармалары мен өмірі туралы

мәлімет беру. Повестегі кейіпкерлер тағдыры туралы түсінік беру, оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырып, пікір айтуға дағдыландыру. 2.Оқушылардың ой еркіндігін, пікірін саралай білуге, тиянақты сөйлей білуге дағдыландыру, өз бетімен ізденуге жетелеу. 3.Жазушының шығармаларын оқытып, жалпы тіршілік атауының тұтастығын түсіндіріп, әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятып,егеменді еліміздің жас ұрпақтарын жан-жақты жетілген адам атына лайықты азамат болып қалыптасуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: интерактивті сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, аудиоқұрылғы,

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Т.Айбергенов. «Аппақ қыс» жатқа айту.

ІІІ.Жаңа тақырыпқа кіріспе.

– Балалар, қазір бәріміз тақтаға назар аударып бір кинофильмнен үзінді көрейік.(кинофильмнен үзінді)

-Бұл киноны көргендерің бар ма? Кино кім туралы, не туралы? Мазмұнын айтып көріңдерші.

- Өте жақсы. Бұл фильм 1973жылы Қазақфильм киностудиясымен түсірілген. Нәтижесінде бұл фильм көптеген жүлделі орындарға ие болған екен. Ал бұл фильм ұлы, аты әлемге әйгілі жазушы-драматург М.О.Әуезовтың «Көксерек» атты повесінің желісі бойынша түсірілген екен. М.Әуезов бұл повесті 1928жылы жазған. Повесті жазуға түрткі болған француз жазушысы Джек Лондонның «Ақ азу» атты хикаяты әсер еткен екен. Хикаятта қасқырдың адамға достығы, оны үйретсе үй жануары сияқты болатыны, өз иесіне адал қызмет ететіні жазылған. М Әуезов осы шығарманы оқыған соң, қарсы пікірде қасқырдың адамға дос емес, жау екенін, оның еш уақытта адамға дос болмайтынын, ешқашан адам қолына үйренбейтіндігін дәлелдегісі келіп «Көксеректі» жазды. Себебі далада мал бағатын қазақ үшін қасқыр - қырдың жауы, түз тағысы.

- М.Әуезов туралы не білеміз? Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келді. Алғашында атасы Әуезден мұсылманша сауат ашып, хат таниды. Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен іргелес отырып, айналасындағы

адамдармен достық көңілмен араласа білген. Әуездің өзі Абайдың өлеңдерін сүйіп оқыған, түрік, парсы әдебиетінен хабары мол, ескіше сауатты, еліне қадірлі адам болған.Атасы Әуез, әжесі Дінәсіл немерелеріне Абай өлеңдерін қайта-қайта айтқызып тыңдап отырған. (көрме 1)

- Бүгін жаңа айтқан «Көксерек» повесінен үзінді оқып көрейік. Үзіндіні ашып, көз жүгіртіп отырайық. Ал мен аудиоқұрылғы арқылы сендерге мәтін мазмұнын түсіндіремін. (аудиоқұрылғы)

- Мәтін барлығымызға түсінікті болды ма?

- Не туралы екен?

- Түсінбеген сөздерің бар ма?

Сөздік жұмысы.

- Иә, бұл үзіндіде Құрмаш қасқырдың күшігін ауылға алып келгеннен бастап, жоны күжірейген көкжал қасқыр болғанға дейінгі Көксеректі сипаттайтын тұс. Жалпы бұл повесте автор табиғат пен адам арасындағы тәуелділікті, табиғаттағы кез-келген аңның барлығы адамға бағына бермейтіндігін, аңның аты аң екенін, одан қай кезде де сақ болу керек екенін,сонымен бірге бала жүрегінің пәктігін, мейірімділігін көрсеткісі келген. Яғни, жақсылыққа жақсылық, жамандыққа жақсылық тек адам қолынан ғана келетінін айтқысы келген. Құрмаш пәк жүрегімен қанша қасқырды күтіп бақса да, оған қиянат жасағаны арқылы көрсеткен. Сонымен бірге, фильмнен сол замандағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін де көруге болады. Қазіргідей үлкен үй, жарық, киім, тамақ, компьютер, интернет сияқты тіпті техниканың да болмағанын аңғартады. Ал біз қазір, дамыған, керегеміз кең, тереземіз тең тәуелсіз мемлекетте тұрып жатырмыз. Осыған тәубә, шүкір деп қуануымыз керек.

Ү.Мәтінмен жұмыс.

- Әңгімедегі басты кейіпкер кім деп ойлайсың?

- Құрмаш пен Көксерек.

- Көксерек «ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады» дегенді қалай түсінесің?

- Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікірлер айтты? Мәтіннен сол тұсты тауып оқы.

- Ауыл иттерінің Көксеректі жек көретіні туралы жазылған жерді тауып оқы. - Көксеректің ашқарақтығын суреттейтін тұсты тауып оқы.

- Міне, балалар, біз бағанадан бері айтып жатқандай тағы, түз аңының бәрі адам қолына үйрене бермейтінін мәтіннің басында да көрсетіп кеткен екен. «Бөлтірікті қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды» деген сөз осыдан айтылса керек.

ҮІ.Сергіту сәті

ҮІІ.Шығармашылық жұмыс.

Көксеректің күшік кезі

Көксеректің көк шолақ қасқыр болған кезі

Жүні – кішкене, күшіктікіндей

Езуі – ақырын ыржитады

Бойы - өзі қатарлас күшіктердей

Жота жүні – үрпиген

Көзі – жасылданған

Азуы – бар тістерін көрсетіп, ақситады

- Жалпы қасқыр туралы деректер білесіңдер ме?

- Қасқырдың күшігін не дейді?

- Қасқырды тағы қалай атайды?

- Енді мына бір слайдқа назар аударайық. (көрме 2)

- Бұдан басқа Көксерекке қандай мінездеме берер едің?

Ашқарақ ызақор


долы арам


кекшіл жыртқыш

төзімді күшті

ҮІІІ.Қорытынды.

- Әңгіме сендерге ұнады ма?

- Бұл әңгіменің соңында Құрмашты қасқыр талап өлтіреді. Егер осы шығарманы сен жазған болсаң, қалай аяқтар едің?

ІХ.Бағалау.Үйге тапсырма. Көксерек әңгімесін мазмұндау. Шығарманы сен қалай аяқтар едің? Шағын эссе жазу.



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
М.?уезов. К?ксерек

Автор: Камзина Г?лза Сайлау?алиевна

Дата: 08.12.2014

Номер свидетельства: 140919


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства