II.Үй тапсырмасын тексеру. | Ахмет Байтұрсынов «Қара бұлт», «Анама хат» өлеңдерін мәңерлеп оқу. Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары: 1.«Қырық мысал», «Маса» жинақтарының авторы 2.Ақынның өмір сүрген жылдарын атаңыз. 3. «Анама хат» өлең құрлысына талда. | Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды. 1.Ахмет Байтұрсынов 2.1873-1938 3.Да|ла|ның күн|ге күй|іп ап|та|бы өт|кен Үс|ті|нен бұлт шық|ты қап|тап көк|тен Қу|ан|ды ша|ру|а|лар: «Я, құ|дай|лап»... Жер|ді бір су|а|рар деп ку|рап кет|кен. 12 буын, 3 бунақ, 6 шумақ, 24 тармақ қара өлең | Үй тапсырмасын тексеру арқылы оқушының өткен материалды қалай меңгергені байқалады. |
ІІІ.Жаңа материалды меңгерту: Жаңа материалды бекіту: | Жаңа тақырып: Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім». Туған жылы: 1893 – 1938 Қаршадайынан зерек, шығыс, Батыс әдебиетін еркін меңгерген Мағжан қазақ поэзиясына балғын шағында-ақ ерекше, аса талантты болмысынмен келді.Қазақ ауыз әдебиетінің тұнығына қана отырып, жарқ етіп шыққан Абай поэзиясын өзіне мектеп етті. Мағжан – ұлтын тереңнен сүйген ақын. «Қазақ тілі», «Мен кім», «Қазақ тілі» сияқты көптеген өлеңдердің авторы. Сөздік жұмысы: Ездік – Жемірілсін- Оқулықпен жұмыс: Қазақ тілі Күш кемінді , айбынды ту құлады, Кеше батыр- бүгін қорқақ, бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады Мен кім? Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? Көкте - бұлт, жерде- желмін гулеген, Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?
Бекіту тапсырмалары: 1 – тапсырма І (авторы,тақырыбы, жанр түрі, идеясы). «Қазақ тілі» өлеңі. 1. Авторы 2. Тақырып. 3.Жанр түрі. 4.Идеясы.
2 – тапсырма Өлең құрылысына талдау. 1. Шумақ. 2.Тармақ. 3. Бунақ. 4. Буын саны. 5. Ұйқас.
| Қазақ тілі Күш кемінді , айбынды ту құлады, Кеше батыр- бүгін қорқақ, бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады. Қыран құстың қос қанаты қырқылды, Күндей күшті, күркіреген ел тынды. Асқар Алтай- алтын ана есте жоқ, Батыр, хандар- асқан жандар ұмытылды. Ерлік, елдік,бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін, не бардың... Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! Жарық көрмей жатсаңда ұзақ, кен тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. Тарап кеткен балаларыңды байырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім! Сөздік жұмысы: Ездік –жасықтық, ынжықтық,бостық. Мыс:Егілгенім нағыз ездік болды-ау. Жемірілсін- біртіндеп бітіру, мүжу. Оқулықпен жұмыс: Қазақ елінің орыстың отарына айналып тілінен айырыла жаздағандығы ,қанша еркіндікке ұмтылғанымен жаны кісенде екендігі жазылған. Бұл өленіңде М.Жұмабаев өзін арыстанға, жолбарысқа, көктегі бұлтқа жердегі желге теңейді. 1 – тапсырма І (авторы,тақырыбы, жанр түрі, идеясы). «Қазақ тілі» өлеңі. 1. Авторы- Мағжан Жұмабаев 2. Тақырып-Қазақ тілі 3.Жанр түрі- 4.Идеясы- тіл туралы 2 – тапсырма Өлең құрылысына талдау. 1. Шумақ- 4 шумақ 2.Тармақ- 16 тармақ 3. Бунақ- 3 бунақ 4. Буын саны- 11 5. Ұйқас- қара өлең 3-тапсырма Ауызда жиек жоқ, Тілде тиек жоқ. * * * Әдеп басы – тіл. * * * Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты. * * * Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ. * * * Бал тамған тілден у да тамар. 4– тапсырма Мен кім? Мен оқушымын.Менің қазіргі кездегі мақсатым оқуымды жақсы аяқтап, өз мақсаттарыма жету. Ата анамның маған артқан сенімдерін ақтау.Мен оқушы кезімді аяқтап, жоғарғы оқу орнынын студенті атану. | Оқушы жаңа материалдың тақырыбын тыңдап,дәптеріне түсіру арқылы жаңа материалды меңгереді . Жаңа сөздермен танысады Өлеңді талдайды Оқушыларды өлеңді талдайды. Оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы жаңа материалды қалай меңгергендіктерін байқатады. Оқушылар тапсырманы орындау арқылы тақырыпты білімдеріне бекіте алады.
Оқушылар «Қазақ тілі» өленің оқи отырып тіл тақырыбына мақал- мәтелдер айтады.
Оқушылар Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?» өлеңін оқи отырып, ойтолғау жазады. |