-Балалар, қазір жылдың қай мез- гілі? -Көктем мезгілінің айларын атап беріңдерші? - Осы ай қалай деп аталады? - Сәуір айы деп аталады. - Иә,бұл сәуір айында да, бір үлкен мереке бар. -Ол – ғарышкерлер мерекесі. Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар. Аспан әлемінде де,көптеген ғалам бар.Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз -Ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді.Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз. Бәріміз тақтаға мұқият қарайық. Сурет арқылы әңгімелеу. Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Юрий Гагарин деген кісі.Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі. Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышерлері - Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев деген ағаларымыз. Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек, батыр,халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін,білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек. Ал мынау аспан әлемі.Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар. - Аспанда тағы нелер болады,балалар? -Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі.Онымен адамдар аспанға ұшып,аспан кеңістігін зерттейді екен.Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ғарышкерлердің бәрі осы жер- ден ғарышқа ұшады екен. Байқоңыр ғарыш айлағы- ол біздің Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің Қызылорда облысында орналасқан. Мына суретте ғарыштағы адам, ол үстіне арнайы киім, яғни скафандр киген.Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады. Тыныштық сәті: ( балалар көздерін жұмып, ыңғайланып отырады). Енді қиялымызға ерік беріп, бір сәт бізде ғарышқа саяхаттап қайтайық. Қане ұшуға дайындаламыз.3,2,1 ал ұшып барамыз,ұшып барамыз. Алдымыздан үлкен бір ғалам көрінгендей.Қонуға дайындаламыз.3,2,1.Қондық. Балалар,біз «таңғажайып табиғат» әлеміне келгендейміз. Міне қараңдаршы,бұл ғаламның суы да,талдары да біртүрлі екен. - Зымыранмен ұшатын адам қалай аталады? - Балалар қалай ойлайсыңдар, ғарышқа кез келген адам ұша ала ма? Неліктен? /Ғарышқа кез келген адам ұша алмайды, ол үшін денсаулығы мықты, ақылды, арнайы білімі бар адам болу керек/ - Ғарышкерлер киетін арнайы киім бар ма? Ол қалай аталады? - Ғарышкерлерге скафандр не үшін қажет? /Ғарышта дем алатын ауа жоқ, көлеңке жоқ, суық, күн тұрған жақ өте ыстық болады сондықтан осыдан сақталу үшін, ғарышкерлер скафандр киеді/. Балалар,сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме? Ендеше,мына зымыранға қарайықшы.Дене бөлшектері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды? Өзімізге осындай зымыран құрастырсақ қайтеді? Ендеше,мына жерде әртүрлі геометриялық пішіндер бар.Соларды мына тақтадағы суретке қарап тұрып,құрастырайық. Міне,біздің де зымыранымыз дайын болды. |