Сыныбы: 10 Пәні: әдебиет | Күні: |
Сабақтың тақырыбы | Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен шығармашылығы, толғау – дастандары |
Мақсаты | Мұрат Мөңкеұлының толғау – дастандарының мазмұнын меңгерту, ақын шығармаларынан игерген білімдерін тың мәліметтер беру арқылы тереңдету, деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы бағалау. Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру, танымдық белсенділігін арттыру, тіл байлығын дамыту. |
Оқыту нәтижесі | Бір-бірін тыңдап, әрі еркін сөйлеп үйренеді. Өз ойын, аз сөзбен түйіндеуге, пікір айтуға дағдыланады, шығармашылық қабілеттері мен білімдерін кеңейтеді. |
Түйінді идеясы | Айтыскер ақын, жырау шығармалары арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, ақын көтерген тағылымды дүниелерден үлгі – өнеге алуға шақыру |
Әдіс-тәсілдер | Венн диаграммасы, шығармашылық ізденіс жұмыстары, топтастыру, бес жолды өлең стратегиялары.ЖИГСО-2, жұптық, топтық жұмыс, «Жұқа, қалың сұрақтар», «Сұхбат алу» әдістері |
Күтілетін нәтиже | Мұрат Мөңкеұлының толғау – дастандарының мазмұнын меңгеріп өмірмен байланыстыра біледі. |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
І. Ұйымдастыру бөлімі Жылы жүрек тренингін жүргізу. Стикерлер арқылы «Достық», «Бірлік», «Ынтымақ» тақырыптарын алады. Балалар бүгінгі сабағымызда сендер алдарыңа қандай мақсат қояр едіңдер? | Стикерлер арқылы «Достық», «Бірлік», «Ынтымақ» топтарына бөлінеді. Тақырыптың мазмұнымен танысып, түйінді идеяны табу. |
«ЖИГСО-2» әдісі Мұрат Мөңкеұлының өмірі туралы түсінік. Ақын өмір сүрген кезең. Мұраттың арнау өлеңдері, олардың тақырыптары. Ақынның сұлулық тақырыбына арналған өлеңдері, мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру. | Берілген тапсырманы топпен оқып, танысады. Келесі топтарға барып түсіндіреді. |
«Жұқа, қалың сұрақтар» әдісі бойынша сұрақтар қою. 1. Мұрат толғауларындағы ел – жұрт басына түскен ауыртпалық. 2. Туған жерді қорғауға, ерлікке шақырған толғаулары. | Топтар өзара бір-біріне сұрақ қояды. |
«Сюжеттік кесте» әдісі Кім? Нені? Қайда? Не істеді? Осы сұрақтарға жауап жазу. | Сұрақтарға жауап бере отырып, төрт сөзден тұратын сөйлем құрайды. |
«Сұхбат алу» әдісі . | Екі оқушы әңгімелейді. Үшінші оқушы түсінгенін айтады. |
«Мұғалімге хат», «Эссе» жазу | Түсінбеген сұрақтарын мұғалімге хат арқылы жолдайды. Бүгінгі сабақ туралы эссе жазады. |
Кері байланыс | Бүгінгі күннен алған әсерлерін, тілек лебіздерін жапырақшаларға жазып, «Жеміс ағашына» жапсырады. |
Үйге тапсырма беру. | Ақын толғау - дастандарын оқып, мазмұнын айту, талдау.сұрақтар мен тапсырмалар |