Бізді? е?бегімізді? е? ?зекті м?селесі - орыс тілді мектептерде о?ушыларды ?аза?ша с?йлеуге ?йрету болып табылады . С?йлеу дегеніміз - ?рекет . С?йлеу тілдік материалдар ар?ылы ж?зеге асады . О?ытуды? тілдік за?ы ережелерге , тілдік нормалар?а ба?ынады . Тіл мен с?йлеу бір - бірімен ажырамас , ты?ыз байланыста дамиды . О?ушылар?а берілетін о?улы?та?ы м?тіндерді? к?рделілігі сол м?тінмен ж?мыс істейтін о?ушыларды? білім де?гейіне с?йкес келулері керек .
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«О?УШЫЛАР?А М?ТІНДІ МЕ?ГЕРТУ . »
ОҚУШЫЛАРҒА МӘТІНДІ МЕҢГЕРТУ .
Орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқыту барысындағы негізгі міндет - тілді үйретудің ең қолайлы амалдары мен тәсілдерін пайдалану арқылы жүзеге асыру . Оқытудың қандай да болмасын амал - тәсілін ұтымды , нәтижелі қолдану – әрбір оқытушының тәжірибесіне байланысты . Сабақ өткізу барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі - оқулықпен . кітаптағы мәтіндермен , жаттығулармен жұмыс .
Сабақта мәтінмен жұмыс әр түрлі әдістерден тұрады .
1 . Дыбыстармен жұмыс .
2 . Сөздіктермен жұмыс .
3 . Сөздік қорларын жетілдіру .
4 . Ауызекі сөйлесе білуге дағдыландыру .
5 . Ережелермен жұмыс .
Мәтінмен жұмыс істеу кезінде мәтінге қатысты тапсырмаларды оқушылардың білім деңгейлеріне қарай топтарға бөліп , әр топқа лайықты тапсырмалар берген ұтымды . Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді :
Мәтінге дейінгі кезең .
Мәтінмен жұмыс кезеңі .
Мәтіннен кейінгі жұмыс .
Мәтінге дейінгі кезеңде мәтінге қатысты жаттығулар беріліп , әр – түрлі құрылымдылық тіркестерді меңгерту көзделеді .
Мәтінмен жұмыс кезеңінде оқыған мәтінді түсіну , мазмұндау , мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру , мәтіндегі негізгі ойды тапқызу жұмыстары жүргізіледі .
Мәтін соңындағы жұмыс кезеңінде мәтіндегі сөздер , сөз тіркестерімен жұмыс жүргізіледі , мәтінді грамматикамен байланыстыру мақсатында сөз тіркестерін талдауға назар аударылады . Мәтіндегі терминдерді есте сақтау үщін сол терминдермен сөз тіркесін , сөйлем құрастыру жұмыстары жүргізіледі .
Орыс тілді мектепте қазақ тілін үйретуде негізгі нәрсе мәтін болғандықтан , тіл үйренушілер әрдайым мәтінмен тығыз байланыста болады . Мәтінді меңгеру түрлі жолдармен іске асады .
1 . Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару .
2 . Оқыған мәтіннің мазмұнын айтқызу .
3 . Мәтіндегі сұраққа дұрыс жауап беру .
4 . Мәтінді өз ойымен бірнеше сөйлем арқылы жеткізе білу .
5 . Мәтіндегі жаңа сөздермен сөз тіркестерін тақтаға жазып ,есте сақтауын қадағалау .
6 . Мәтіндегі негізгі ойды қысқаша баяндау және дәптерлеріне жаздыру .
Мәтінмен жұмыс істер алдында міндетті түрде таныс емес сөздермен тиянақты түрде жұмыс істеу керек . Жаңа сөздерді оқушылар міндетті түрде меңгерулері қажет .
Қазақ тілін меңгерудің басты мақсаты – тыңдау , сөйлеу ,ойлау , оқу , жазу болса , мәтінді меңгеру барысында тілдік қызметтің барлық амалдары жан-жақты қамтылады .