Ма?саты: ?л – Фараби ?мірі жайлы т?сінік бере отырып, м?тінді т?сініп о?у?а ?йрету; тілін , ой ?рісін дамыту; білімділікке, ізденімпазды??а,мейрімділікке т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«?нерлі жігіт. ?л Фараби »
Тақырыбы: Өнерлі жігіт (Әл – Фараби туралы аңыз)
Мақсаты: Әл – Фараби өмірі жайлы түсінік бере отырып, мәтінді түсініп оқуға үйрету; тілін , ой өрісін дамыту; білімділікке, ізденімпаздыққа,мейрімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Аңыздың басында Шықбермес Шығайбай туралы оқығаныңда көз алдыңа қандай адам елестеді? Шықбермес Шығайбайды алдау үшін Алдар қандай қулық ойлап тапты? Шығайбайдың үй іші түгелімен сараң адамдар екенін олардың қандай әрекеттерінен, қандай сөздерінен байқауға болады?
ІІІ. Өткенді қорыту: Бүгінгі күні Шығайбай секілді адамдар бар ма? Егер сен Шығайбайдың орнында болсаң, не істер едің? Теңеу дегеніміз не?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Әл – Фараби туралы не білесің? ә/ Сергіту сәтін өткізу.
Ү. Жаңа сабақ:
1. Аңызды түсініп, теріп оқу. 2. Сөздік жұмыс:
Дихрем – теңге деген сияқты ақшаның аты,
Дәруіш – ел кезіп жүретін адам, Делдал – екі жақты келісімге келтіретін кісі.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
1. Жігіттің қандай өнері Әл – Фарабиге ұнап қалды деп ойлайсың? Әл – Фараби жігітке қандай ұсыныс айтты? Ондағы мақсаты не?
2. Әл – Фарабидің әрекетіне қарсы айтылған сөзді тауып оқы. (Мына диуана дәруіштің дені сау ма? ...).
1. Әл Фараби туралы деректер іздеп тауып, дәптеріңе мына сызбаны толтырып жаз.