Просмотр содержимого документа
«Открытый урок по казахской литературе »
Опорный орта мектебі мемлекеттік мекемесі
Паноромалық сабақ
Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Пән мұғалімі: Жолдасқали Мөлдір
2012 жыл.
І. Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев
«Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Сабақтың ұраны: «Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларды бұрынғы қазақ аулындағы аңшылық өнерімен таныстыру.Өлеңнің көркемдігі, шебер бейнесін алты бағыт арқылы айқындау.
ә) дамытушылық: оқушылардың еске сақтау қабілетін дамыту, оларды ізденімпаздыққа, байқампаздыққа үйретіп, ой-өрісін кеңейту.
б) тәрбиелік: оқушыларға аңшылықтың кәсіптік маңызынан басқа адамның көңіл күйне әсер ететін саяттық өнер, оның құс салып, ит жүгірту сияқты түріне ақынның көңіл күйін оқушы жүрегіне жеткізу, аңшылық жайында олардың эстетикалық сезімін ояту, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Паноромалық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, шығармалары, техникалық құралдар, сөздік
Пән аралық байланыс: бейнелеу, ұлттық көрініс
Сабақтың әдісі: Топтастыру стратегиясы, сатылай кешенді талдау, баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ – жауап, ой түйіндеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой қозғау бағыты (стратегиясы)
а) Абай қай жылдарда өмір сүрді
ә)Ақынның жыл мезгіліне байланысты жазған өлеңдері
б) Ақынның біз танысқан қара сөздері.
2. Мағынаны табу бағыты (стратегиясы)
Өлеңді мәнерлеп оқу, оқыту.
Оқулықта берілген сөздермен сөздік жұмыс
Қансонар – жаңа жауған қардың үстіндегі ақ ізі.
Ғанибет – қызық, тамаша мағынасында.
Талаға – бүркіттің екі көзіне кигізетін «бас киімі»
Яғни, құсты қолға үйретіп, баулитын адам – құсбегі. Ол қыранды аңға салып, түлкі аулайды. Ол – өнер адамы, ақын, қыс мезгіліндегі алғашқы қар сұлулығын аңшылар әрекетімен ұштастыра бейнелейді.
3.Топтастыру бағыты (стартегиясы): Аңшылық, ол – кәсіп.
А еңбекті
Ң ептілікті
Ш мергендікті
Ы шапшаңдықты «Қыран құс не алмайды солса баптап»
Л шеберлікті Абай
Ы қырағылықты
Қ сәттілікті.
4. Қарама қарсы элементтер бағыты (стратегиясы)
«Өлең көркемділігі оның тілінде». Ендеше, Зейнола Қабдолов айтқандай, өлеңдегі әр сөз адамның жол жүйесімен, көңіл – күйімен, сезім толқындарымен өзекті байланысады.
Өлеңдегі түлкі мен бүркіттің арпалысын бейнелейтін тармақтарды тап, оқы: «Біреуі көк, біреуі - жер тағысы,
Адам үшін батысып қызыл қанға,
Қар аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,
Ұқсайды қоса сұлу шомылғанға.» - деген жолдардан қандай қарама –қарсы түс, түр, құбылысты көруге болады деген сұраққа оқушылар ақ, қара, қызыл, жер тағысы, көк тағысы сөздерін айқындайды.
Ендеше шендестіру(қарама –қарсылық) туралы ұғым беріледі. Шендестіру дегеніміз екі нәрсе қатар қарама – қарсы келгенде арасындағы айырымның көзге көбірек түсуі.
5. «Қансонарда шығады бүркітші аңға» өлеңін сатылай кешенді талдау.
Авторы – Абай Құнанбаев 1845 жылы тамыз айында азіргі Шығыс Қазақстан облысына қарасты Шыңғыс тауының бөктерінде дүниеге келген.
Тақырып - белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындық,автор ойының қазығы. Бұл өлеңнің тақырыбы -аңшылық
Жанр түрі- өлең. Өлең дегеніміз—белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келген өрнекті сөз жүйесі.
Идеясы дегеніміз -ақынның айтар ойы мен мақсаты.Өлеңнің идеясы оқырмандарымызды ата баба дәстүрі аңшылыққа шақырады.
Шумақ дегеніміз - аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Үзінді 10 шумақтан тұрады.
Тармақ дегеніміз - өлеңнің әр жолы. 41 тармақтан тұрады.
Бунақ дегеніміз - белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. Бунақ саны 3.
Буын саны - дауысты дыбыс санына байланысты. 12-13
Ұйқас түрі.Ұйқас дегеніміз-өлеңнің бітім,мазмұнымен тамырлас келіп,оған әуен,ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі екендігін айтып кетеді.Өлең қара өлең ұйқасына құрылған.(а-а-б-а)
Қансонарда бүркітші шығады аңға,(а)
Тастан түлкі табылар аңдығанға.(а)
Жақсы атпен тату жолдас – бір ғанибет,(б)
Ыңғайлы ықшам киім адамға.(а)
Әдеби теориялық ұғымдар: Теңеулер:Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға, жарқ – жұрқ етіп екеуі айқасады. Жеке батыр шыққандай қан майданға.
6.Түйінді сөздер бағыты (стратегиясы)
Өлеңнің ішінде бейнелентін аңшылықтың көрінісін табу.
Ертемен қамдану, жеңіл киіну, жақсы ат даярлау, жақсы жолдастар, бапталған қыран.т.б Осы аңшылыққа байланысты салт дәстүр көрінісі. «Қанжығаға байлау» видео ролик көрсетемін.
7. Ой қозғау бағыты ( стратегиясы)
Өлеңде ақын сөзбен бейнелеген ақындық көріністі қағаз бетіне суретін түсіру. «Аңшылар», «Түлкі мен бүркіт»
8. Қазіргі өмірмен байланысы.
Халқымыз ежелден өзінің табиғатпен табыса алатын, тілдесе білетін қасиетімен танылған. Сондай табысудың бір түрі – жабайы құстарды, соның ішінде қырандарды баулып, баптай білу."Мәдени мұра" бағдарламасы қабылданғалы бері қазақтың дәстүрлі саятшылық өнеріне көңіл бөліне бастады. "Қансонарда салатын бүркіт қайда, Құмай тазы, жүйрік ат жанға пайда" деп қиқулайтын ата-баба ісін жалғастырушылар қатары соңғы кезде көбейіп келе жатқандығы – қуанышты жайт.Ел ішінде әлі де бар көнекөз қариялардың, осы өнерді ұмытпай жүрген адамдардың көмегімен, талап-тілегімен жастарды құсбегілікке баулитын "Жалайыр Шора" орталығының жұмыс істей бастағанына да ширек ғасыр уақыт өтіпті. Биыл 14-ші рет өткізіліп отырған құсбегілер жарысы Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы "Көкбастау" ипподромында өткізіліп тұрады.Дүбірлі жарыс кезінде қанатын жайып, қомдана ұшқан қыран құсты тамашалаудың өзі бір ғанибет. Аңға шүйліккен кезде жылдамдығын төмен қарай екі есе арттырады екен. Төмен қарай құлдырай құлауды атам қазақ "сорғалау" деп атапты. Алғырлық пен тегеурінділікке баланған қыран құстың көк туымызда бейнеленгенінің өзі көңілге қуаныш ұялатады.