Просмотр содержимого документа
«План урока М?ка?али Макатаев. «Мен таулыкпын» »
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев. «Мен таулықпын»
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік; Оқушыларды қазақ поэзиясының алыбы атанған М. Мақатаевтың өлеңдерімен таныстырып, жас буынды поэзия нәрімен сусындату,өлеңдерінің өзіндік табиғатын саралай отырып, өзгешелігіне көніл бөлу,өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру.
2)Дамытушылық:Оқушыларды іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу сөйлеу тілін дамыту, логикалық ойлау қабілетін, сана – сезімін дамыту.
3) Тәрбиелік;Оқушыларды болашаққа деген сенімге баулу,Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрсені қадір тұтуға ,ақын жырларынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі; Интерактивті тақта, слайд, бейнетаспа, кітаптары
Сабақтың түрі; Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың типі: Танымдық сабақ
Сабақтың әдісі; сұрақ-жауап, шығармашылық ізденіс, СТО стратегиялары, сатылай-кешенді талдау.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу.
Сыныпты топқа бөлу, бағалау парақшаларын тарату.
Сабаққа дайындық.
2.Үй жұмысын тексеру:
І топ. Ақынның өмірінен мәлімет..
ІІ топ. Еңбек жолы.
ІІІ топ.Жыр жинақтары. Өлеңдерінің тақырыптары.
«Фантазия», «Барлығы да сендердікі» өлеңдерін жатқа сұрау.
3. Жаңа сабақ: Мұқағали Мақатаевтың «Мен таулықпын!» өлеңі
Өлеңдерді бір рет мәнерлеп оқып беріп, 2-3 оқушыға оқытамын.
Өлең мәтіні бойынша жұмыс жасау:
Өлеңде кім туралы айтылады?
Ақын тауды кімге теңейді? (Ал біздің асыраушы анамыз кім?)
Ол қалай дүниеге келдім дейді?
Киік қандай жануар?
Қыран қандай құс?
Табиғат пен адам байланысы қалай суреттелген?
Ақын қай таудың баурайында дүниеге келген?
Слайдтан Алатау туралы түсінік беру, Хантәңірі шыңы туралы айту.
4. Әдебиет теориясынан түсінік беру:
Гипербола (Әсірелеу) – бір затты не іс-әрекетті шамадан тыс ұлғайтып көрсету. Мысалы: