М.Әуезов: "Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін.Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда, маған “Абай” деген сөз “қазақ” деген сөзбен теңбе-тең түсетіндей кездері бар секілді”.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«презентация на тему "М.Әуезов - Абайтанушы"»
Мұхтар Әуезов –
АБАЙТАНУШЫ
“Қазақстан үшін Мұхтар Әуезов - екінші Абай”
Н.Погодин:
“Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін.Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда, маған “Абай” деген сөз “қазақ” деген сөзбен теңбе-тең түсетіндей кездері бар секілді”.
Мұхтар Әуезов Абайтанудағы ізденістерін 4 салаға бөліп қарастыруға болады
Абай шығармаларын жинақтап, сұраптап , жариялауы
Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы арнайы зерттеу жұмыстары
3 сала нәтижесінде әр түрлі жанрдағы шығармалар жазу
Абай өмір сүрген дәуірі туралы деректер жинап, естеліктер жазып алуы
Абайтану ғылымындағы жаңа тыныс
1933 ж басылған жаңа жинағында ақын шығармалары барынша толықтырылып, бұрын жарияланбаған өлеңдері мен поэмалары, қарасөздері түгелге жуық басылды.
Абай өмірбаны көп жылдық зерттеудің, талдаудың нәтижесінде толықтырылып, түгелдей негізінен қайта жазылды.
Абайдың өлеңдерінің қай жылы, не себепті жазылғаны анықталып, алғаш рет 35 өлеңіне түсініктеме берді.
Тұңғыш рет ақын замандастарының Абай туралы естеліктері жариялануы
Бұрмаланған Абай өлеңдерінің өлеңдік өлшемдері мен емлелік қателіктері түзетіліп, табиғи қалпына келтірілді.
Абайдың ақындық өнерінің дамуын тануға мүмкіндік беретін әдіс ретінде хронологиялық принцип ұсталды. Ақын шығармалары : өлеңдері, поэмалары , қара сөздері деп жанрына қарай жіктелді.
Абай жайлы зерттеу еңбектері:
1. «Абайдың өнері һәм қызметі» Ж.Аймауытов, М.Әуезов, 1918 ж (“Екеу” деген бүркеншік атпен) 2. «Абайдың туысы мен өнері» 1933ж. (Абай өмірбаянының алғашқы нұсқасы) 3. «Абай ақындығының айналасы» 1934 жыл. 4. «Абай юбилейі туралы» 5. «Абай еңбектерінің биік нысанасы», «Социялистік Қазақстан» газеті, 1945 жыл, 18 тамыз. «Абай» романының жазылуы жайынан (Абай жайлы романдардың алғақы екеуі жайлы) 1955ж, “Әдебиет және искусство” журналы №3 басылым.
“ Абай Құнанбайұлы” (монография) 1959 жылы «Әр жылдар ойлары» атты жинақта жарияланған. Монографияның бір нұсқасы 1961 жылы шыққан «Қазақ әдебиеті тарихында» (II том, бірінші кітап) басылды.
“Абайтану дәрістері”
Алматы, Рауан
1994ж. Құрастырып,
түсініктемелерін жазғандар:
Ләйлә Мұхтарқызы
Әуезова тарих ғ.д
Мекемтас Мырзахметұлы ф.ғ.д
“ Туған халқына мәңгілік мұра болғандай мәңгілік туынды сыйлау тек қадау-қадау ұлылардың үлесіне тиген. Солардың бірі – Мұхтар Әуезов.” З.Қабдолов
Ғ.Мүсірепов: «Абай» романын неше рет қайталап оқысаң, сонша, әрдайым жаңа бір ой, жаңа бір көркемдік, бұрын оқығанда байқалмай кеткен тереңдік табам».
Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр...