Просмотр содержимого документа
«Сайын М?ратбековті? "?ылау" ??гімесі»
Абилова Алима Ораловна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
І санат
Астана қаласы №66 мектеп-лицей
САЙЫН МҰРАТБЕКОВТІҢ «ҚЫЛАУ» ӘҢГІМЕСІ
І. Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбековтің «Қылау» әңгімесі
ІІ. Сабақтың мақсаты:
Көркем шығарманың мазмұнын меңгерту, кейіпкерлер бейнесін жан-жақты аша білу. Оқушылардың өз бетімен ізденіп оқуға, ойларын еркін айтуға үйрету.
Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, шығармашылық ізденістерге баулу. Кейіпкерлердің әрекеті арқылы адамгершілікке, шынайы достыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.
ІV. Сабақтың әдіс-тәсілдері: Блум таксономиясы, СТО стратегиялары, талдау, тест, сұрақ-жауап.
V. Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, флипчарт, activoit тест құрылғылары.
VІІ. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу;
ә) оқушыларды түгендеу;
б) оқушы назарын сабаққа аудару;
в) үй тапсырмасын тексеру;
VІІІ. Үй жұмысын тексеру
І Білу
Өткен сабақта сынып оқушыларын 3 топқа бөліп, әр топқа жеке-жеке тапсырмалар берілген.
І топ «Қылау» шығармасы бойынша жоспар құру (өздік жұмысы).
ІІ топ С.Мұратбековтың өмірі, шығармалары жайлы мағлұмат жинау, презентация түрінде қорғау (ізденіс жұмысы).
ІІІ топ Шығармадағы басты кейіпкерлерге мінездеме беру (шығармашылық жұмыс).
Сабақтың эпиграфы:
«Сайын Мұратбековтің мәні мен мәнісі жұмбақтығында. Жаратушы Иеміз Сайындайын суреткерді солай жаратқан. Оны қайталап оқу керек. Ол қазақ оқырманы барда қайталанып оқыла бермек.
Байғұт Мархабат
ІІ Түсіну
Шығарманың қысқаша мазмұнын сұрап, жаңа сабақпен байланыстыру.
Мазмұндық жоспар бойынша баяндау.
Шырт ұйқының құшағында жатқан Сатай
Әкенің жұмсақ үні
Сатайдың Тастөбеге қарай тартуы
Жолдағы қорқыныш ойлары
Рабиғаны жолдан кездестіруі
Сатайдың қайырымдылығы, сезімталдығы.
Өткен сабақпен тақырыптық байланыс
«Зымыран сұрақтар» (сұрақ-жауап)
Әкесі таң сәріде Сатайды неге оятты?
Сатайдың құлағына әке дауысы неге жағымсыз естілді?
Өлім мен өмір туралы Сатайдың ойлауына не түрткі болды?
Сатайдың сезімталдығы, жайдарылығы оның қандай әрекеттерінен байқалады?
Рәбиғамен келе жатып қасқырды көргенде Сатайдың айғайға басуы, оның батылдығы ма? Әлде мақтануы ма?
Сатай Рәбиғаға деген алғашқы балауса сезімін қалай білдірді?
Рәбиға Сатайға не сыйлады?
ІІІ Қолдану
Шығармадғы басты кейіпкерлердің портретін беру.
(Әдебиет теориясы бойынша портретті сұрау)
Шығармадағы басты кейіпкерлер
Ішкі портрет
Сыртқы портрет
Сатай
Рәбиға
«Тұжырым» кестесі бойынша жұмыс
Кейіпкерлер
Іс-әрекеті
Адами қасиеті
Сатайдың әкесі
Сатай
Рәбиға
ІV Талдау
«Талдау – табы с кілті» 3 топқа талдау жұмыстарын беру
І топқа шығрамадан тұрақты тіркестерді, айшықты сөздерді табу, мағынасын ашу. Қазақ тілі бойынша тұрақты тіркестердің ережесін сұрау, еске түсіру
ІІ топ сатылай кешенді талдау жасау.
Авторы:
Шығарманың тақырыбы:
Шығарманың идеясы:
Шығармадағы кейіпкерлер:
Шығармадағы әдеби-теориялық ұғымдар:
Шығарманың тәрбиелік мәні:
Шығарма бойынша өз ойым (түйін)
ІІІ топ композициялық талдау жасау.
Басталуы.
Дамуы.
Байланысуы.
Шиеленісуі:
Шарықтау шегі
Шешімі.
Қорытынды.
Сөздікпен жұмыс (оқулықпен жұмыс жасату)
Іңірде жағылған-
Қамыт саймандар-
Доға-
Пима-
Күн бұлыңғыр-
Қылау-
Торы дөнен-
Сұр бөрі-
V Жинақтау
«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы
Мәтіндегі маған әсер еткен тұстар
Сол әсер еткен үзінділер жайлы өз пікірің
Торы дөнен қос аяқтап шаба жөнелген. Шақұр-шұқыр еткен тұяғы шанаға қарай қар кесектерін бұрқырата атқылап берді. Кенет торы дөнен ішін тартып, жалт бұрылып тұра қалды. Қос құлағы найзаша шаншылып, қалш-қалш етеді. Қамшыны үстемелете үйірген Сатай кенет:
-Әне, қасқырды қара!-деп айғайлап жіберді.
-Егер де сен Сатай орнында болсаң не істер едің?
-Өзінің жағымсыз мінездерінің бар екенін Сатай мойындай білді. Ал сенің жағымсыз мінезің бар ма? Бар болса қыз алдында мойындай аласың ба?
VІ Бағалау.
«Білім өлшеуіші – тест»
Aktivoite құрылғылары арқылы тест жұмыстарын жүргізу. Әр оқушының дұрыс жауабы және алған бағасы тақтада беріледі.
Бағалау парағы арқылы топтағы әр оқушы бірін-бірі бағалайды.
ІХ. Үйге тапсырма
«Дос туралы сыр» тақырыбында эссе жазу.
Х. Бағалау
Топтарды бағалау. Әр топтағы ерекше көзге түскен оқушыларды атап өту.