Ауызша – 1 Сынып: 6 «Ә» Күні:17.02.16 |
1 | Ұйымдастыру кезеңі | Картамен жұмыс тәртібі түсіндіріледі. Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі | Тақтаның жоғары оң жағына 63 пайыз нормасының саны қойылады. №1 кесте |
2 | Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру | Өткен сабақ тақырыбы бойынша қарама-қарсы сұрақ қою. Мұқағали қай жерде дүниеге келді? Алматы обл.Райымбек ауд.,Қарасаз ауылы Өмір сүрген жылдары 1931-1976 «Мұндай ақыны бар халық- бақытты халық» деп кім баға берді? Ф.Онғарсынова Мұқағалидың азан шақырылып қойылған есімі (Мұхаммедқали) Ақынның туылған күні (9 ақпан) «Қайырлы түн» өлеңінің тақырыбы (тыныштық, бейбітшілік) Адамдар неліктен ұйықтар алдында қайырлы түн тілейді? «Қара өлең» өлеңінің тақырыбы ( тіл өнері, өлең-жыр) «Елім барда» өлеңінің идеясы (елін, жерін сүю) «Таулар-бақытым, ырысым-кең далам» әдеби- теориялық ұғымның қай түрі (метафора) Ааба ұйқастың қай түрі (қара өлең) Табиғатты адам кейпінде суреттеу көріктеудің қай түріне жатады? (кейіптеу) Ақынның қай поэмасын Ю.А. Александров, М.М. Курганцев орыс тіліне аударды? «Зов душы» «Жан азасы» Мұқағалидың қай кітабы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды? «Аманат» «Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деп баға берген кім? Ә.Тәжібаев Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басынды», «Қойшы бала – Әкітай» Ақынның жыр жинақтары Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” Лашын кім? Ақынның жары Ақынның аудармалары У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964) Ақын өлеңдерінің саны шамамен 650 Шығармалары қай тілге аударылды ? орыс, өзбек., қырғыз,т.б. Ақынмын деп мен қалай айта аламын... (Халқымның өзі айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын) Шекпен деген не?Шекпен — жүннен тоқылатын сырт киім. Шекпен тек қана түйе жүнінен тоқылады «Шәйіге орап әлдилесін Құс жолы, Тыныштық деп аталатын жас ұлды» қай өлеңнен «Қайырлы түн» Күпі деген не? Күпі— матамен тыстал, ішіне түйенің, қойдың жабағы жүнін салып тігетін ұлттық сырт киім. Күпі әрі жеңіл, әрі жылы болғандықтан, оны ерлер де, әйелдер де, балалар да кие берген. «Менің атым Қожадан» кейін жарыққа шыққан фильмнің жаңа нұсқасы? «Менің де атым Қожа» «Менің атым Қожа» повесі қай жылы жазылды? «Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен...» қай өлеңнен алынған? «Қара өлең» Повесть деген не? Бандау түрінде келген оқиғалы көркем шығарма «Қу бұтағын құшақтап, Түксиеді кәрі емен» өлең жолдарын жалғастыр | Бірінші баға. Нәтиже бойынша барлық оқушыларға плюс немесе минус қойылады. Алдымен сұрақ қойылады, одан кейін ООМ орнын көрсетеміз. Тақтаға нәтижені жазамыз 1 кезең ≤немес≥ |
3 | Қабылдауды ұйымдастыру | Жаңа тақырыпқа қысқаша шолу экраннан қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайлы видео көрсетіледі Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза (28.9. 1932 жылы туған, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылы) — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992). М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1955). 1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1989 жылдан-«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакторы. «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы. 1990 жылдан - Ұлттық саясат, мәдениет және тілді дамыту жөніндегі комитет мүшесі. 1994 жылдан - Мәдениет, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитет мүшесі, Мәдениет, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитеттің мәдениет, әдебиет және өнер бөлімдік комитетінің төрағасы. ҚазКСР Халық депутаты (1990-1993). ҚР Жоғарғы Кеңесінің (1994-1995), ҚР Парламенті Мәжілісінің 2-ші шақырылым (1999-2004)депутаты.1992 — 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. 1995 жылдан - шығармашылық жұмыспен айналысуда. 1996 жылдан - «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкері. «Құрмет белгісі», «Отан» ордендерімен марапатталған (1999). «Қара алқа» романы үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының (1978); Қазақстандық Лениндік Коммунистік Жастар Одағы, Жалпыодақтық Лениндік Коммунистік Жастар Одағы, «Тарлан» тәуелсіз сыйлықтарының лауреаты (2000). ҚазКСР мәдениетіне Еңбек сіңірген қызметкері. Қазақстанның Халық жазушысы (1992). Қырғыз Республикасының Халық ақыны. Хоббиі - төс белгілер және асықтар жина жасалады.Тақтаға тірек сөздер жазылады. 14 сөз «Қызыл жебе» Тұрар Тұтқын Рысқұл Губернатор Пәуеске Гимназия Надзиратель Кісен Камера Қылмыскер Бронников Аркаша | 14 сөз- 1 мин.15 секунд Тақтаға нәтижені жазамыз 1 кезең ≤немесе≥ |
4 | Ұғынуды ұйымдастыру | Берілген уақытты оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып бітіруі керек. Оқылған материал бойынша білімді тексеру мақсатынды оқушылардан сұралатыны ескертіледі. Сұрақтар: Қай романнан үзінді? «Қызыл жебе» Камера деген не? Надзиратель кім? Приходько мырзаға Рысқұл неге разы? Тұрар мырзаның үйінде қандай қызмет атқарды? Аркаша қандай бала? Аркаша мен Наташа қайда оқиды? Дар мен ар қалай араплысқа түсті? Неге гимназия жанынан бала кеткісі келмеді? Аркаша сабақты қалай оқиды? Тұрардың мұсылманша сауатын кім ашты? Қарғыс пен қасіреттің гимнініндей сұрапыл сарын қайдан шықты? Баланы қатал надзирательден кім арашалады? Александр бұл түрмеге қалай түсті? Шеңберден шыққан тұтқындарды қалай жазалады? Қай жылы Рысқұл камерасының құлпы соңғы рет салдырлады? Баласына айтқан соңғы сөзі Каторга деген не? ала Тұрарды әкесі абақтыға не мақсатпен алдырады? Тұрар әкесімен қалаи қоштасты? Тұрар неге тегін «Қырғызбаев» деп ауыстырды? «Қызыл жебе », «Аспара», «Көке» деген сөздер қандай мағына білдіреді? Тақтаға шыққан Тұрарға Атамырза неге күлді? Куәлік аларда Тұрар қандай қылмыс жасады? Иван Владимирович Тұрарға қандай тілек айтты? Неге Қырғызбаев атанып кетті? Тұрардың дәптеріндегі сөздер? Атамырза қандай оқушы? Иван Владимирович қандай сыр жасырды? Тұрар куәлігін қалай толтырды? | 152-158 – беттер 1-қатар 159-165-бет-2-қатар 166-172-бет-3-қатар 15минут беріледі Тақтаға нәтижені жазамыз 1 кезең ≤немесе≥ |
6 | Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру | 10 дұрыс 20 қате құрылған сұрақ Заң деген кәрі қудың құшағына Тұрар қалай келді? Директор Тұрарды қалай еркелетеді? Тергеушінің жанында қандай қызмет атқарды? Тұрардың әкесі не себепті түрмеге түсті? Мектепте қандай пәндер оқытылды? Мектепке неге Қырғызбаев деген бүркеншік атпен келді? Түрмедегілер Рысқұлмен қалай қоштасты? Мектепке қабылданғанда Тұрар неше жаста еді? Тұрар орыс тілін қалай біліп алды? Тұрар мектепке қалай келді? Қисық сұрақтар Аркаша Нарын көшесіндегі гимназида оқыды? Тұрар надзирательдің үйінде қызмет атқарды? Губернатор- түрме бақылаушысы Аркадий – үлгілі оқушы Тұтқындар Рысқұлды түрме сыртында шығарып салды Тұрар мектепке екінші сыныпқа қабылданды Тұрардың жасы 15-те «Қызыл жебе»- тау атауы «Қайталау- білімнің анасы» Әліпбектің сөзі Аспара- жүйрік жылқы Атамырза тергушінің баласы Қоп-қою шашты, қоңыр ботинкалы бала- Атамырза «Қазақтың кедейін жақтаймын деп, орыстың батырағының обалына қалушы болма» атасының сөзі Жақсы бала жеткізеді ұятқа.. Әке көрген тон пішер... Тұрар өзіне губернаторды үлгі тұтты Диірменде туған тышқан дүрсілден қорқады Абақтыдан қашқан Тұрар Алматыда қалды Рысқұлов «Қанды жексенбі» құрбаны Әліби деген орысша әріп үйрену | Тақтаға нәтижені жазамыз 1 кезең ≤немесе≥ |
7 | Талдау 5 минут | Тақырып бойынша тақырыптық сөздік қор өткізіледі. 63 сөз болу керек. | Тақтаға нәтижені жазамыз 1 кезең ≤немесе≥ |
8 | Рефлексия | Сабаққа қысқаша талдау. | |
9 | Бағалар | 5 ұпай-5 4ұпай-4 3 ұпай- үш 2 ұпай-2 | Сапа нормативі 62 пайыз |
10 | Үй тапсырмасы | 4 бағадан кем алғандарға үйге тапсырма беріледі. «Жақсы бала жеткізеді мұратқа» эссе | |