-1-о?ушы:Жа?сылы? пен жаманды?ты, ?ділдік пен ?иянат туралы білгі?із келсе, Абайды о?ы?ыз.
2-о?ушы: Адамгершілік пен арлылы?, махаббат пен з?лымды? туралы білгі?із келсе, Абайды о?ы?ыз.
3-о?ушы: ?лім мен ?мір, адам жаныны? ?алтарыстары мен сырлары туралы білгі?із келсе, Абайды о?ы?ыз.
4-о?ушы: ?секші, ?тірікші, еріншектікпен ?р алуан арам тама?ты?тан ??тыл?ы? келсе, Абайды о?ы?ыз.
-??не, балалар, Абай атамызды? жазып кеткен ?сиет с?здерін о?ып, ?з бойымыз?а т?йіп алайы?шы.
-Білім алушылар ?сиет с?здерді о?иды.
Жа?а саба??а то?талу.
?ле? с?зді? патшасы с?з сарасы,
?иыннан ?иыстырар ер данасы, - деп Абай атамыз айт?андай бірінші саба?ымызды ?ле? ты?даудан бастаймыз.
Ш?к?рім:
Адамды? борышы?,
Хал?ына е?бек ?ыл
А? жолдан айнымай
Ар са?та оны біл,
Талаптан да, білім мен ?нер ?йрен,
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығымен таныстыру. Еріншек сөзінің мағынасын ашу. Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді ажырата білуге үйрету. Білім алушылардың дүниетанымын, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, шығармадағы көркем сөздердің, тіркестерінің мағынасын меңгерте отырып, сөздік қорын дамыту.
Сабақтың міндеті:
Жаман әдеттерден, жат қылықтардан аулақ бола білуге тәрбиелеу.
Білім алушыларды ұлтжандылық рухқа, ізгілік пен ізденімпаздыққа үндеу.
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгеру.
Сабақ түрі: Дамытпалы сабақ
Сабақ әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру, талдау жинақтау.
Көрнекілігі: Слайд,өлеңдер жинақтары , суреттер, портреті,оқулықтар. І .Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. 1 ) Психологиялық сәт: Үлкенге де сіз, кішіге де сіз, сәлем бердік сіздерге, әдеппенен біз, -деп бүгінгі сабағымызды ашық деп жариялаймыз.
-Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын,
Нұрын шашып жарығы мен мейірімімін
Көркін ашар мына әсем даланың,-дей келе сіздерге бүгінгі сабақта жақсы көңіл –күй сыйлаймын.
ІІ .Сабақтың негізгі бөлімі:
-Балалар өткен сабақта біз А.Құнанбаев өмірбаяны, шығармашылығы, өлеңдерін,қарасөздерін өткен болатынбыз. Енді сол өткен тақырыпты есімізге түсірелік.
Үй тапсырмасын сұрау:
1.Қарасөзін немесе бір өлеңін мәнерлеп оқып беру.
2.Өткен тақырыпты қорытындылау мақсатында сахналық көрініс.
Ортада Абай. Болашаққа өсиет жазып отыр.
-1-оқушы:Жақсылық пен жамандықты , әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
2-оқушы: Адамгершілік пен арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
3-оқушы: Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
4-оқушы: Өсекші, өтірікші, еріншектікпен әр алуан арам тамақтықтан құтылғың келсе, Абайды оқыңыз.
-Қәне, балалар, Абай атамыздың жазып кеткен өсиет сөздерін оқып, өз бойымызға түйіп алайықшы.
-Білім алушылар өсиет сөздерді оқиды.
Жаңа сабаққа тоқталу.
Өлең сөздің патшасы сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы, - деп Абай атамыз айтқандай бірінші сабағымызды өлең тыңдаудан бастаймыз. Шәкәрім: Адамдық борышың, Халқына еңбек қыл Ақ жолдан айнымай Ар сақта оны біл, Талаптан да, білім мен өнер үйрен,
Білімсіз,
Өнерсіз, Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе
Басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл
Өлгеніңше,
Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайырылып,
Қауымға келмейсің,
Барыңды,
Нәріңді
Тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңы із қалдырсаң,
Шын бақыт – осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!
- Өлең не туралы (адамдық борыш) - Бұл кімнің өлеңі? - Олай болса біз бүгінгі сабағымызда Ш. Құдайбердіұлы өмірі, шығармашылығымен және «Еріншек» өлеңімен танысамыз.
-Балалар , қазақ халқының рухани, мәдени, әдеби өмірінде өзіндік із қалдырған асыл тұлға, сөз өнерінің өрең жүйрігі, даналық ойдың дара зергері, әмбебап талант иесі Ш.Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы туралы қандай мағлұмат білесіңдер? Олай болса слайдқа көңіл аударайық.
Слайд арқылы көрсетіледі.
1.Шәкәрім – Меккеге барып,қажы атанған адам.
2.Шәкәрім өз заманында ойшыл азаматтардың бірі атанған. Мекке сапары Шәкәрім үшін діни сапар ғана емес, ілім іздеу жолы болды. Ол
аса бай Стамбул кітапханасында болады. Египеттегі Александрия кітапханасына қызмет еткен ғалымдардан сұрап, керекті кітаптарды жаздырып алады.
3.Шәкәрім тарихпен де айналысады. «Меккенің де, Мединенің де тарихтарын ақтардым», - дейді өзі. Бұл саладағы басты еңбегі – «Шежіре».
4.Шәкәрім түйеқарын өсімдігін қайнатып, қойылтып, оған ашудас қосып, қолдан сия жасай білген, өзі сол сиямен жазған.
5.Шәкәрім төрт тілге жетік болған: орыс,араб, түрік, парсы.
6.Шәкәрім өз тұсындағы құсбегі, мерген, аңшы болған.
7.Шәкәрім Л.Толстойды өзіне ұстаз тұтқан, онымен хат алысып тұрған.
1) Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы мағлұмат. Шәкәрім (1858 - 1931) Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы. Ұлы Абайдың немере інісі. Әкесінен 7жасында жетім қалған. Атасы Құнанбай тәрбиесіне алады. Абайдың - ақыл кенесімен өлең жаза бастады.
Шәкәрім.Сонымен балалар Шәкәрім кім болды? ↓ Ұлы ақын, тарихшы, аудармашы Абайдың немере інісі Шығыс. Қазақстанда туған
2)«Еріншек» өлеңі оқылады. Білім алушы оқиды.
3 ) Ой қозғау «Еріншек» сөзін қалай түсінесіңдер. Еріншек – жалқау, тілазар, салақ, надан, жігерсіз, ұйқышыл.
4) Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу. Әр топтың топ басшыларын таныстыру, жақсы тілектер айтқызу.
І топ – тілазар, жігерсіз сөзінің мағынасын түсіндір ІІ топ – салақ,ұйқышылдық сөзінің мағынасын түсіндір
«Мағынаны аш»
І топ – Тілазар,жігерсіз ІІ топ – Салақ,ұйқышылдық
І топ. Тілазар – деп үлкеннің тілін алмайтын, жұмсағанға бармайтын баланы айтады. Бұл адам бойындағы жаман қасиет.
Жігерсіздік – ұятсыз, өтірікші дегенді білдіреді. Жігерсіздік те еріншектіктен пайда болады.
ІІ топ. Салақ – үсті басын, өзінің құралдарын, киімін күтіп ұстай алмайтын адамды айтады. Салақтық еріншектіктен пайда болады. Ұйқышылдық- жалқау, маубас, қолынан дым келмейтін,еріншек.
5) Оқулықпен жұмыс. а) білім алушылардың мәнерлі оқуы. ә) жеке оқушыларға мәнерлеп оқыту. ( Әр топтан екі-үш оқушыдан оқиды )
«Мәнерлеп оқу минуты» Мәнерлеп оқу әлемі, Әсерлі де әдемі. Әр адамның міндеті. Жүрегімен оқуы – деп мәнерлеп оқу минутын өткізбекпіз. Әр топтан бірнеше оқушы шығып Шәкәрімнің өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтады. «Жаз», «Адамдық борышы», «Сен ғылымға», «Бүгінгі жастарға», «Мен кетемін, келеді».
- Тамаша, балалар, бәрінде жақсы оқыдыңдар. - Ендеше сұрақтарға жауап берейік. Осы өлеңде кездескен еріншектік қасиетті Абай атамыз қалай түсіндірді? - Абай атамыз еріншектік бес дұшпанның бірі деп түсіндірген. Атамыз «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде. 5 нәрсеге асық бол, 5 нәрседен қашық бол. Адам болам десеңіз – деп түсіндірген. Адамның 5 асыл ісі мен 5 дұшпанын таныстырған. Абай атамыз бен Шәкәрім атамыздың өлеңдерінің арасындағы ұқсастық барма екен? (Екеуі де жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, өнерге, білімге шақырған екен)
Сергіту сәті:
Мен саған сенемін
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап айналып отырады. Әуен тоқтаған кезде «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың немесе тағы тағы.....
6)Дәптермен жұмыс.
1-топ. Жағымды қасиеттер ↓ Сергектік Еңбексүйгіштік Ұқыптылық Білімді Тілалғыш
2-топ. Жағымсыз қылықтары ↓ Ұйқышылдық Еріншектік Салақтық Надандық Тілазарлық
Өзінің бойында осы қасиеттердің қайсысы бар деп ойлайсың? (2 - 3 оқушы) - Балалар, адам өз бойындағы жаман қылықтарды жоюға өзі күш жұмсап, өзін – өзі тәрбиелей білуі керек. Сонда ғана, адам, саналы, үлгілі, тәрбиелі азамат бола алады. III. Қорытындылау бөлімі.
Педагог білім алушыларға сұрақтар қояды: - Бүгінгі сабақта кім туралы айтылды? - Шәкәрім кім? - Шәкәрімнің шығармаларымен таныстық? - Ендеше, біз Еріншек шығармасы арқылы неге үйрендік?
Білім алушылар жауап береді.
Педагог : Бүгінгі сабақтан біз еріншектік жаман қасиет екенін білдік, мұндай әдеттерден сақ, аулақ болайық.
Әрқашан, елгезек, тілалғыш, еңбексүйгіш болайық.
Бәріміз бірге: Ән "Болайықшы осындай»
Сөзі мен әні – А. Меңжанованікі.
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досым-ай!
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған,
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.
Шәкәрім Абайдан кейінгі тұлғалы ақын. Өз халқының болашағы үшін жанын ауыртып, тұйықтан шығар жол іздеумен болған. Келешек жастарға үлкен үмітпен қарап, сенім білдірген. Сондықтан сабағымызды Шәкәрім атамыздың өз сөзімен қорытындылаймыз.
«Адам үшін – еңбегім,
Өмірден барлық тергенім.
Қалағанын қалап ал,
Мұрам сол, жастар бергенім!»
Бағалау Балалар берген жауаптарына қарай бағаланады. Үй тапсырмасы: