3.Салыстырыңыз.Омонимдердің көп мағналы сөздерден айырмашылығы
4.Талдау жасаңыз.Омонимдер мағыналары
5.Қолдаңыз.Омонимдер жұрнақ жалғануы
6.Дәлелдеңіз.Туынды омонимдер
64-жаттығу.
Жас, оң, көз, үй сөздерінің омонимдік мағынасын көрсететіндей сөз тіркестерін құраңдар.
ІІІ. Жаңа сабақты қалыптастыру.
Зат есім Сын есім Етістік Үстеу
Кім? Қандай? Не істеді? Қашан?
Мұғалім Ажарлы Амандасу Жылдам
Ұстаз Келбетті Сәлемдесу Шапшаң
Әр бағанадағы сөздерге сұрақ қойып бір-бірімен мағынасы және жазылу жағынан салыстыра отырып синонимдердің ережесін ашу.
Жаңа сабақ.
Мағыналары бір-біріне жақын,бірақ әртүрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер.
Синоним тұлғалары әр түрлі, мағынасы жақын сөздер. Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады:
Сөздің дыбысталуында өзгешелік болуы керек;
Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек;
Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы тиіс;
Кітаппен жұмыс.
70 - жаттығу. Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдаланып, әр синонимдер сыңарларын бір вагон деп есептеп, синоним қатарларынан пойыз жасаңдар. Содан кейін сол пойызда неше вагон болғанын айтыңдар.
1 - топ «Туысқан» сөзі /Туыс, тума, ағайын, туған - туыс, жекжат - жұрағат, жамағайын/
2 - топ «Данышпан» сөзі /Ұлы, дана, ғұлама, ойшыл, білімдар, оқымысты, данагөй/
71-жаттығу.Мәтінді оқып,синонимдерін тауып, ар намыс туралы білетін сөздеріңді дәптерге жазу .
Сергіту сәті. Ерте, ерте, ертеде Лексика деген ауыл болыпты. Сол ауылда Синоним деген бай болыпты, Оның балалары өте көп екен. Бай отбасымен өте тату - тәтті өмір сүріпті. Олардың татулығы сондай, тіпті балаларының барлығы бір үйде тұрыпты. Олай болса сертіту сәтін «Тату сөздер» деп атап, сол байдың 5 ұлына және 5 қызына мағынасы ұқсас сөздерден ат қояйық. (Күшті, Мықты, Қайратты, Қажырлы, Әлді, Сұлу, Әдемі, Әсем, Көркем, Ару
Сабақты қорытындылау.
Тест
1. Синоним дегеніміз –
А) Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер
В) Мағыналары қарама - қарсы сөздер
С) Жазылуы әр түрлі, мағыналары бір - біріне жуық сөздер
2. «Даңқ» сөзінің синонимін тап.
А) Мықты
В) Атақ
С) Дәулет
3. «Қадірлі, құрметті, қадірменді» синонимдік қатары қай сөз табына
жатады?
А) Сын есім
В) Зат есім
С) Үстеу
4. «Адам» сөзінің синонимін тап.
А) Шәкірт
В) Дос
С) Кісі
5. Синонимдік қатардың дұрысын тап.
А) Күлу, сықылықтау, жылау
В) Зат, мүлік, нәрсе, бұйым
С) Көне, жаңа, ескі
«Сәйкестендіру кестесі» стратегиясы. Синоним сөздерді сәйкестендіру тірек сөздер беріледі.
ертеде
азанда
алыс
баяғыда
үлкен
дәм
кішкентай
келбет
ажар
шалғай
тамақ
дәу
таңертең
биттей
V.Үйге тапсырма беру.
84-жаттығу. Мына сөздердің синонимдерін тауып жазыңдар. Синонимдерге сөзді де, тұрақты тіркесті де алуға болады.
VІ. Оқушы білімін бағалау.
Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау.