Сабақтың көрнекілік құралдары: Қазақстан туралы суретте, өлең жинақтары.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,
оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
2.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- балалар, оқушының тілін дамытып,ойын еркін айтып,жинақтап жазуға баулуда әдебиет сабағындағы жазба жұмыстардың алатын орны ерекше екенін білесіңдер.Жазбаша тілдің ауызекі сөйлеу тілімен ортақ жақтары да бар.Ортақ мәселелері екеудінде де айтылған,жазылған сөздердің айқын,дәл,дәлелді,жүйелі түрде беруілі,құлаққа жағымды,тыңдауға сүйкімді,оқуға тартымды болып келуі талап етіледі. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар», «Өнер алды қызыл тіл» деген сияқты халқымыздың мақал-мәтелдері екеуіне деқойылатын ортақ талап,біргей шарт болып отыр. Дұрыс сөйлеу білу – дұрыс жаза білуге,дұрыс жаза білу – дұрыс сөйлей білуге үйретеді, біріне-бірінің көмегі,себі бар.
Шығарма сендердің ой-өрістеріңде кеңейтеді,тілдеріңді дамытады,қиял шыңына шарықтатып,тәтті сезімге бөлейді. Шығарманы сендер алдағы сыныптарда да жазып жүрсіңдер, сондықтан тәртібін білесіңдер. Ескерте кететін жағдай, жоспарда,әсітресе жоғары сыныптп, міндетті түрде жоспар болуы қажет. Шығарманың елеулі ішкі сырын ашатын бір белгісі – эпиграф.
Эпиграф шығармадағы оталық ойды,негізгі идеяны айқындау үшін келтірілген қысқаша үзінді немесе мақал-мәтел,нақыл,қанатты сөз.
Шығарма жанры әр алуан. Сондықтан оның жоспары да,құрылысы да әр түрлі болып келуі заңды. Шығарма негізінен үш бөліктен тұрады:
1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім.
3.Қорытынды.
Кіріспе – тақырыпқа байланысты мәселені дамытып отыратын арнаның бастауы. Сөз болатын оқиғаның өрістеуіне жол сілтеп,бағдар нұсқайтын бөлім. Кіріспе бөлім жазылатын шығарманың сипатына,түріне және жанрына байланысты
Негізгі бөлім – шығарманың мазмұнын ашып, негізгі идеяны шешіп және логикалық ой-жүйесін дәлелдеп беретін ең жауапты кезең. Тақырыптың негізгі мақсаты осы бөлімде шешіледі.
Қорытынды бөлім – шығармада сөз болып отырған мәселе бойынша тұжырымдалатын түйін немесе тақырыптағы негізгі ойға үйлесімді жинақатлаған пайымдау. Шығармашылық талап бойынша шәкірттің ойы өзінің жазу жұмысымен іштей жымдасып жатқа жарасымды қорытынды болғаны дұрыс.
-Шығарма жазу көшірме емес,ол – шығармашылық еңбек,оқырманның жазбаша сөйлесу тілін қалыптастыратын,дамытатын игілікті жұмыс. Олай болса бұл – үлкен тебіреністен туатын шығармашылық еңбек.
- Бүгінгі шығарма тақырыбына сай мына өлең шумақтарын эпиграф ретінде алуға болады:
( тақтаға бормен немесе плакатқа жазылған сөздерді іліп қоюға болады)
Туған жерім – түп қазығым,тұғырым,
Ұланыңнан ұлан асыр сыр ұғын!
Өкінбес ем басқа жерді көрмей – ақ,
Өмір-бақи сенде өтсе ғұмырым!
Бал күлкісі сыңғырлаған бұлақтың,
Ерке желмен тербелегені құрақтың
Ертегідей елестейді көзіме,
Туған жер,сен төріндейсің жұмақтың! (Айдын Шайкенов).