Просмотр содержимого документа
«С?т ?алай ?йы?тайды »
Сабақтың тақырыбы: «Сүт қалай ұйықтады?» (Оспанхан Әубәкіров)
Сабақтың мақсаттары:
Біліктілігі: Оқушылар мәтіндегі негізгі ойды, идеяны, ұғыну арқылы мысалдың мазмұнын меңгереді. Ой қозғалу стратегиясын пайдалана отырып, оқушылар сұрақ қою арқылы жан жақты ойлауға үйренеді.
Дамытушылығы: Дәлелді сөйлей білуге үйренеді. Ой өрістерін, тілдерін, сөздік қорын дамытады.
Тәрбиелігі: Салақтық, ұйқышылдық, мақтаншақтық, өсек айту, еріншектік, жалқаулық сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға, тұрақты батыл болуға тәрбиеленеді.
Сабақтың көрнекілігі: Оспанхан Әубәкіровтың бейнесі, өмірбаяны, электрондық оқулық
Сабақтың түрі: аралас сабақ, ойын сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ - жауап, әңгіме, көрнекілік.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық.
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1.Мәтіннің авторы кім? Ы.Алтынсарин туралы не білеміз?
2.Салақтық сөзін қалай түсінесіңдер?
3.Салақтыққа байланысты мақал-мәтелдер
Салақтықтан басқа тағы қандай әдеттерден аулақ болуымыз керек?
Ондай жаман әдеттердің бірі-ұйқышылдық,бүгін оқитын келесі тақырыбымыз осы кереғар қасиеттің
төңірегенде айтылады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Кіріспе әңгіме. Жұмбақ шешу(«Сүт қалай ұйықтады?») тақырыпты ашу.
Кел балалар ойнайық,
Ойнайықта ойлайық.
Қандай жұмбақ болсада,
Шешпей оны қоймайық.
Қәне әуелі тыңдаңдар,
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық деп жүріп ,
Бөгеліпте тұрмақдар.
Жұмбақ шешу
Сылдыр сұйық су емес,
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады? (Сүт)
- Ал, балалар, жарайсыңдар, Енді бұл мысал не туралы деп ойлайсыңдар? (Бұл мысал сүт туралы).
- Сол сүтті қайдан аламыз? (Үй жануарлары төрт түлік малдан: қой, сиыр, ешкі
- сүт, түйенікі - қымыран, биенікі - қымыз деп айтады.)
- Осылардың ішінде қандай сүтті ұйытуға болады? (қой, сиыр, ешкі - сүтін)
Не арсыз? (Үш арсыз: ұйқы, күлкі, ас.)
Бейне ашылды.
1. Мұғалім түсіндірмесі. Оспанхан Әубәкіров туралы айту.
1934 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Ұзақ жылдар «Қазақстан пионері», «Ұлан» газетінде қызмет істеді. 1961 - 1962 жылдары Қазақ теледидарында аға редактор, «Ара» журналында жұмыс істеді. «Бөден», «Сиыр», «Сүзеген сөз» атты кітаптары бар.
Кім Оспанхан Әубәкіров туралы біледі?
Есіңе сақта! Балалр 11-12 сағат үлкендер 8 сағат ұйықтайды.
Әдебиет сыр шертеді.
Элкетрондық оқулық тыңдалады.
Сүт туралы видио ролик көрсетіледі.
Оқушылар өз ойларын айтады.
1-тапсырма
І-топ Сүттің ұйықтап қалуы
ІІ-топ Сүттің тасуы
ІІІ-топ Қалтаға құюы
Сергіту сәті
2-тапсырма
Буындардан сөз құрап жазу
І-топ ІІ-топ ІІІ-
қай
рім
сүз
шұ
мыз
кө
шұ
қол
І
І
ай
шік
же
бат
ран
ғап
лық
шік
ран
мақ
бе
ай
Қы
май
та
тон
мақ
Қорыта айтқанда сүттен алынған құрт, май, айрандардың адам ағзасына пайдасы көп. Әрқайсысының өзіндік емдік қасиеттері бар. Ешкінің сүті адамдарға пайдалы.
Төрт түліктен алынған сүттер мен стерилденген түрін салыстыру.
Қымыз асқазанға, ұйқы безіне, жүйке жүйесіне, жүрек, қан тамыр, қан аздығы, өкпе туберкулезін емдеуге пайдалы. Ұзақ жасайды. Тәбетін ашады.
Шұбат – қанның қызыл, ақ, түйіршіктерін арттыруға. Бауырдағы зат алмасуды қалыпқа келтіреді. Жүйке жүйесін емдейді. Созылмалы ауырғандарға ем.
Сүтте В2,Д,А1 дәрумендері бар. Сүт адам ағзасына кальцийді көбейтеді және сүйектерді қатайтады.
Соңғы сөзді мен айтайын...
Үйге тапсырма:
«Сүт қалай ұйықтады?» ертегісін мәнерлеп оқуға жаттығу.
Сүттен жасалатын тағамдардың атын, жасалу жолдарын жазып келу.