kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сындарлы о?ытуда?ы о?у ж?йесіні? тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

                   Сындарлы о?ытуда?ы  о?у ж?йесіні? тиімділігі

 

     Баланы? ж?регінен жол тауып, оларды? ойына, санасына к??іл б?лу

    ар?ылы есте са?тау ?абілетін шы?дап білімге жетелей білу ?шін м??алім

   о?ушыларды ?ызы?тырып, о?ушыны? ой-?рісін шы?армашылы?пен дамы-

   ту?а ?р т?рлі ?діс-т?сілдерді ?олдану ?ажет.

      Сындарлы о?ыту мен д?ст?рлі о?ытуды? айырмашылы?ы жер мен к?ктей сындарлы о?ытуда о?ушыны?  ?міт, ?ялу, ма?таныш, еркін с?йлеу т.б. сезімдеріне ?сер еткенде ?ана тиімді болма?.   Сындандарлы о?ытуды? ?анша тиімді ж?не ой ?рістерін дамыту?а септігін тигізеді. Сонды?тан саба?та о?ушыны? та?ырып бойынша керекті білімді, ?з бетінше ізденістерді арттырып, о?ушылар  бір-біріні? жауабын толтырып, ойлау ?абілеттерін шы?дап отырады. Д?ст?рлі о?ытуда білімні? ?зіндік жа?ымды т?стары да болады. Біра?, ?мір а?ымы ?з ?лшемімен, ?з ба?ыты бар. Сол секілді, елімізді? сапалы білім беру ісін жол?а ?ойып, жетілдіруде.  ?з болаша?ына сенімді, сауатты т?рбиелі ?рпа? ?сіруде білімні? ба?а жетпес рухани ?ару екендігі даусыз. Еліміз ынталы, білімді о?ушы?а ??ша?ын ай?ара ашуда. Ондай болса, жа?а ?асырда?ы елімізді? іргесін ?алап, уы?ын бекітіп, ша?ыра?ын шай?алтпайтын азамат болып шы?ару ?стаз ?ауымыны? -басты міндеті. Сонды?тан да ?стаздар ?ауымы балаларды о?ыту мен т?рбиелеуде жа?а технологияларды тиімді пайдаланып, ш?кірттерге сапалы білім беруге ?мтыл?ан ж?н.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сындарлы о?ытуда?ы о?у ж?йесіні? тиімділігі »

Сындарлы оқытудағы оқу жүйесінің тиімділігі


Баланың жүрегінен жол тауып, олардың ойына, санасына көңіл бөлу

арқылы есте сақтау қабілетін шыңдап білімге жетелей білу үшін мұғалім

оқушыларды қызықтырып, оқушының ой-өрісін шығармашылықпен дамы-

туға әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану қажет.

Сындарлы оқыту мен дәстүрлі оқытудың айырмашылығы жер мен көктей сындарлы оқытуда оқушының үміт, ұялу, мақтаныш, еркін сөйлеу т.б. сезімдеріне әсер еткенде ғана тиімді болмақ. Сындандарлы оқытудың қанша тиімді және ой өрістерін дамытуға септігін тигізеді. Сондықтан сабақта оқушының тақырып бойынша керекті білімді, өз бетінше ізденістерді арттырып, оқушылар бір-бірінің жауабын толтырып, ойлау қабілеттерін шыңдап отырады. Дәстүрлі оқытуда білімнің өзіндік жағымды тұстары да болады. Бірақ, өмір ағымы өз өлшемімен, өз бағыты бар. Сол секілді, еліміздің сапалы білім беру ісін жолға қойып, жетілдіруде. Өз болашағына сенімді, сауатты тәрбиелі ұрпақ өсіруде білімнің баға жетпес рухани қару екендігі даусыз. Еліміз ынталы, білімді оқушыға құшағын айқара ашуда. Ондай болса, жаңа ғасырдағы еліміздің іргесін қалап, уығын бекітіп, шаңырағын шайқалтпайтын азамат болып шығару ұстаз қауымының -басты міндеті. Сондықтан да ұстаздар қауымы балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жаңа технологияларды тиімді пайдаланып, шәкірттерге сапалы білім беруге ұмтылған жөн. Оқытудың бұл міндеттерін де жүзеге асыру айтуға жеңіл болғанмен шешуін табу қиынға соғып отыр.Себебі,барлық мектептер қарқынды түрде білім беруге кейбір мектептердің балалары әлі де дайын емес. Қазір елімізде сындарлы оқытудың арқасында білім мен ғылымды түбегейлі дамытуға мүмкіндік туып отыр. Береке – басы бірлікте.

Орта білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге қол жеткізге сындарлы

оқыту теориясы негіздерін қамтып отыр. Бұл теория оқушылардың ойлауын

дамыту достарынан немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен

алған білімдерімен жүзеге асады. Сындарлы оқытудың мақсаты оқушының

пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, тиімді пайдалана білуін қамтамсыз ету.

Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақыры төңі-

регінде, оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қа-

жеттігі сипатында болады.Осы жағдайларды болдырмас үшін, жаңа әдіс тә- сілдерді сабағыма енгіздім.Мен 2- сыныппен әдебиеттік оқу пәнінен « Түйе мен тышқан»тақырыбында сабақ өткіздім. Сабағымның мақсаты: мәтіннің мазмұнын ащу.Әңгіме кейіпкерлерінің бойындағы адамгершілік қасиеттерді саралау. Мазмұнға байланысты мынадай міндеттер қойдым: Әңгімедегі ұнамды кейіпкерлердің адамгершілік қасиеттерін талдайды.Әңгімені өмірмен байланыстыра отырып, терең ойлауға бейімделеді.Мейірімділік адам бойындағы ең асыл қасиет екенін анықтайды.Күтілетін нәтижелер мыналар болды:1.Әңгімедегі өзекті мәселені анықтайды;2.Адами қасиеттерді талдай алады.3.Көзқарастарын ортаға салады.

Әңгіменің тақырыбы мен идеясын топ ішінде талқылайды;

Оқушылар оқиғаны естеріне түсіреді;

Өз білімдерін қолдана алады; Қорытынды шығарады.

Сабақта пайдаланылған әдіс-тәсілдерім: Қабырғаға қарап оқу, Ойлан, жұптас, талқыла әдісі,ДЖИГСО-2,Де Бонаның алты қалпағы, «Құпия сөз» шешу, балық ойыны.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қима қағаздар, постерлер кері әсер парағы, смайликтер болды.Сабақ қазақ тілімен байланыса өтілді.Сабақ ізденіс сабағы түрінде өтті.

Сабақ ұйымдастыру кезеңімен басталды. Сабағымды оқушылармен психологиялық тренинг өткізу арқыл бастадым.

  • Бүгін сабаққа дайынбыз ба? -Иә

  • Сабаққа белсенді қатысамыз ба? -Иә

  • Сыныбымыз тату ма? -Иә

  • Біз қалай оқимыз? -Жақсы

  • Біздің сынып қандай? -Тату

  • Бүгін күн ашық па? -Иә- деген сұраққа оқушылар белсенділікпен жауап беріп отырды.

Сынып ішінде «жағымды ахуал» туғызу үшін «Шаттық шеңберін» жасатып, оқушыларды жануарлар бейнесі арқылы топқа бөлдім. Әр жануардың бейнесімен І-топ «Қасқырлар», ІІ-топ «Арыстандар», ІІІ-топ

«Түлкілер», ІҮ-топ «Қояндар», Ү-топ «Тиіндер» болып топқа бөлініп отырды.

Үй тапсырмасын сұрадым. « Қазақстан» өлеңін жатқа айтты.

Өз шығармашылығынан жазып эссе, бес жолды өлеңін, суреттерді қорғады.

Мен сабағымды балалардың қызығушылығын оятудан бастадым.

«Құпия сөз» деген ойынды әр топқа жыл қайыру әр жылдың аты жасырылған постерлер таратылып жасырылған сөздерді оқушылар өздері тауып оқыды. Әр топ оқушылары құпия жасырылған сөздерді 1- топтан Темірлан, 2- топтан Талшын, 3- топтан Ақниет,4 -топтан Исатай, 5- топтан Тоғжан тауып оқыды. Әр топтан бір оқушыдан қорғап, оқыды.Сынып арасында сабаққа белсенділік танытпай отыратын оқушылар да өз ойларын айтып отырды. Бір –бірлерінің пікірлерімен келісе отырып диалогтік оқытуды жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында қолдандым.

Осы аңдар мен жануарлар қандай ертегіде кездеседі?- деген сұраққа оқушылар белсенділікпен жауап беріп отырды. Жыл басына таласқан хайуанаттар-деген жауап айтты. Ертегі дегеніміз не? – деген сұрағыма. Ертегі –ауыз әдебиетінің көне жанры. Ертегіде халық басынан кешкен ғасырлар ізі жатыр. Ертегі үшке бөлінеді: қиял-ғажайып ертегілері, шыншыл ертегілер, хайуанаттар туралы ертегі деген жауап алдым.

«Қабырғаға қарап оқу» әдісі арқылы оқытуда оқушылардың ойлау қабілеті, сөйлеу мәдениеті, бір –біріне қарым – қатынасы оянды. Оқушылар сұраққа жауап беруде, топтастыруда бүгінгі сабағымның тақырыбын бірге талқылап анықтады.Балаларды диалог арқылы оқытуда өз ойларын ашық айтуға, жұптық жұмыс жасауда,мәтінді талқылауға үйрету.Оқушылардың бір – бірімен сөйлесу арқылы ой өрісі, тіл байлығы, есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында «ДЖИГСО-2»стратегиясы арқылы жанұялық топпен жұмыс жасадым. Мәтінді бес топқа бөліп бердім де, өзара оқып шығып , топпен ой бөлістірдім.

«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі бойынша топтаса жиналып «Түйе мен тышқан» ертегісін бір – біріне оқып, түсіндірді. Енді әр топтан екі оқушыдан келесі топтарға барып мағлұмат жинап өз жанұясына келіп ақпараттарымен бөлісіп талқылап шықты.Барлық мағлұматты талқылап болған соң әр топтан өз түсінгендерін сыныпта айтып шықты.

Сергіту сәті.Достар бірге жүреміз,

Бірге балық аулаймыз.

Құстарға жем шашамыз,

Бақта гүлдер тереміз.

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз.

Тақтада аңдар суреті ілінді. Сол аңдардың ішінен әр топ басшысы өзі таңдаған суретін алды. Әр топ өз алған суреттеріне топтастыру жасады.І топта жылқы,ІІ топта сиыр, ІІІ топта қой, ІҮ топта тауық, Ү топта-иттің қасиеттерін жазып топтастырды.

Алған аң немесе жануарларының қандай пайдасы бар екенін топтастырып, жазып және әр топтан топ басшылары қорғап айтып шықты. І топ жылқыдан-қымыз, саумал, ет, мінсең көлік, сүтінің пайдасын айтса, ІІ топ сиырдан май, құрт, қаймақ, ірімшік, ет, сүт, айранның пайдасын айтты, ал ІІІ топ қойдың еті, жүні, сүті, шұлық, жемпір, кілем тоқитынымызды айтса, ІҮ топ тауықтың еті, жүнінен жастық істейміз, жұмыртқасының пайдасын айтты, Ү топ иттің жүні ем, өзі үйді күзетеді, бізді қорғайды деп пайдасын топ басшылары айтып қорғап шықты. Аң немесе жануарларының қандай пайдасы бар екенін іздеп жазу барысында Мирас, Исатай, Абай,Талшын, Тоғжан сынды үздік оқушылар белсенділік танытып отырды. Бұл жаңа әдіс – тәсілдерді оқушы толық меңгермегендіктен әр тапсырмаларда кедергілер кездесіп отырды.

Балаға сұрақты жауап алу мақсатында қоймай,баланың ойлануына бағыттайтын сұрақтар болу керек.Сонда ғана баланы жан-жақты ойлануға бағыттаймыз, диалогтік оқыту оқушының өз ойын бүкпесіз ортаға салуына кең жол ашады,өзгелердің пікірін тыңдай отырып, өзі дұрыс ой қорытып шығаруға талпынады. Деген тұжырымдамамен келісе сабақтың жинақтау уақытына келгенде сұрақ қою әдісі ұсынылды.

Бес топтың алдарына сұрақтар тастадым.

  1. Жыл қайыру деген не?

  2. Бұл мәтіннің авторы кім?

  3. Жыл қайыруда қандай жануарлар бар? Атап шық.

  4. Түйе неліктен жыл басы бола алмады?

  5. Тышқан айласын қалай асырды?

Әр топ бір – бірімен ойласа отырып, пікірлерімен санаса отырып,бес топтан Нұрсұлтан, Гүлназ, Мақсұт, Саят, Бекзат жауап берді.Диалогтық оқыту білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Яғни диалогтық оқыту баланың білімін жетілдіруде көп қоданылады. Мен көбінесе диалогтық оқытуды сұрақ-жауап ретінде қолданамын.Әдебиеттік оқу сабағында теория-мен қатар практикамда ұштасып отырдым.

Сабағымды қорытындылау кезінде оқушылар интерактивті тақтадан «Балық» ойынын ойнады. Әр топтан балықтың денесіндегі сызықшалардың арасына жыл қайырудағы жануарлардың атын ретімен жазып шықты.

Сабақты бекіту кезеңін«Де Бонаның алты қалпағы » әдісі бойынша әр топ өз ойларын ортаға салып әңгімелеп айтып шықты.

Талшын: -Жамандығы:

Өмірде ақ пен қара, жақсылық пен жамандық қатар жүреді. Бұл « Жыл басы» ертегісінде әділетсіздік үстем еткен. Өйткені, қулық жүзеге асқан. Әділеттісі бойы ұзын, дәу, сабырлы. Түйе бірінші болып күнді көруі керек еді. Содан кейін сиыр, жылқы, қой, шошқа, ит, әтеш ең соңында тышқан. Мен бұны әділетсіз деп санаймын.

Гүлназ: –Жақсылығы

Тышқан жылдам, ақылды болғандықтан бәрін алдап соғып бірінші болып күнді көрді. Бұның жақсылығы бізді күнделікті өмірде жылдам, ақылды кішкене қу болуды үйретеді.

Абай: -Логикалық.

Әр істе де адамның немесе жануардың бойы бірінші тұрмайтыны белгілі. Егер ақылдылық жағынан жеңетін болса, онда тышқан, жылан, ит, алар еді. Ал бойыжағынан болса: түйе, сиыр, жылқы алар еді. Ал қимылы ең бәсеңдеу жануарды таңдасақ: ұлу, түйе, қой болар еді. Бұл ертегіде жамандық та, ақылдылық та, Бойының кішентай болуы да үлкен роль атқарған. Сол себептен тышқан жеңген.

Ақниет: Жамандық.

Әр жылдың керегі не? Жыл өзі де өтіп жатыр емес пе?

Бекзат: Болжау.

Әр жылдың қысын сол жылдың жануарлардың мінезіне теңейді.

Сонда барлық жануарлар жаман ба? Мысалы: сиыр жылы байсалды, қоян жылы шошақай, доңыз мінезі қиқар, ұлу жайбасар, жылқы ақылды деп әр жылды адамның туылған жылына да теңейді.

Исатай: Жақсылық пен жамандық.

Әр аң өз күшіне сеніп, жыл басы болуына болатын еді. Бірақ олар бір-бірін тыңдап, ауызбіршілікпен таласпай әр жылды келісе отырып бөліп алды. Бізде осы жануарлар сияқты сыныпта татумыз.-деп әр топ өз ойларын ортаға салды.Қорытындылай келе әңгімедегі өзекті мәселені анықтады,адами қасиеттерді талдай алды,көзқарастарын ортаға сала алды,

әңгіменің тақырыбы мен идеясын топ ішінде талқылады,оқушылар оқиғаны естеріне түсірді,өз білімдерін қолдана алды, қорытынды шығарды.

Оқушыларды бағалау кезінде формативті бағалау критерийлері арқылы топтағы белсенділігі үшін үш түрлі ағаштар ілінді. Онда сары ағаш -3, жасыл ағаш-4, қызыл ағаш-5 деген бағаны көрсетті.Тапсырмаға байланысты берген жауаптары бойынша смайликтермен бағалап отырдым. Оқушыларды сабаққа белсенді қатысқандары үшін өз арқаларынан қағып өздерін мақтап отырды.

Сабақта өз үйренгендерін кері әсер парағына жазуды да біршама үйрен- гендерін көріп байқадым. Оқушылар осы әдіс – тәсілмен өткен сабақтың ұнағандарын көбірек жазған. Сабақ кезінде көбінесе мұғалімнің сұрақ қой-ғаннан гөрі оқушының оқушыға сұрақ қойғаны дұрыс деген тұжырымға келдім. Өйткені, оқушылар сыныптасының қойған сұрағына қызығушы-лықпен жауап қайтарды,осы сәтте жауап дұрыс болмаған жағдайда басқа оқушыларға тағы кімнің қандай қосар пікірлері бар деп сауал қоюыма да болады. Егер оқушылардың жауабы дұрыс болмай қалған жағдайда сұрақ қойып отырған оқушы өз ойын ашық білдіріп, ой бөлісу арқылы сабаққа деген қызығушылығы артады, білім беруді қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды.Сонымен, баланың тілінің бай, сөздік қоры мол, көркем, бейнелі сөздерден байланыстыра сөйлем құрастыра білуге, мәдениетті сөйлей және сұраққа толық жауап беруінің маңызы өте зор
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сындарлы о?ытуда?ы о?у ж?йесіні? тиімділігі

Автор: Турысбекова Гульбайра Задыновна

Дата: 07.01.2015

Номер свидетельства: 151005


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства