kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы:Жыл мезгілдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:О?ушылар?а жыл мезгілдері жайлы сурет ар?ылы ??гімелеу,маусымды? ?згерістерді                            баяндау,ауа райыны? ?згерістерін ба?ылау

Сурет ар?ылы о?ушыларды? ойлау ?абілеттерін арттыру,с?здік ?орын ойын ар?ыл    танымдылы? белсенділігін дамыту

Таби?атты ?ор?ауда экологиялы? т?рбие беру

Саба?ты? т?рі:таным саба?

Саба?ты? типі:жа?а білімді ме?геру

Технология:ойын ар?ылы

Саба?ты? ?дісі:баяндау,ішінара іздену,ертегі

К?рнекілік:суреттер,конверттер,жазыл?ан дыбыстар,ше?берлер,т?рлі т?сті ?а?аздар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы:Жыл мезгілдері »

Тақырыбы:Жыл мезгілдері

Мақсаты:Оқушыларға жыл мезгілдері жайлы сурет арқылы әңгімелеу,маусымдық өзгерістерді баяндау,ауа райының өзгерістерін бақылау

Сурет арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру,сөздік қорын ойын арқыл танымдылық белсенділігін дамыту

Табиғатты қорғауда экологиялық тәрбие беру

Сабақтың түрі:таным сабақ

Сабақтың типі:жаңа білімді меңгеру

Технология:ойын арқылы

Сабақтың әдісі:баяндау,ішінара іздену,ертегі

Көрнекілік:суреттер,конверттер,жазылған дыбыстар,шеңберлер,түрлі түсті қағаздар



Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.Дүйсенбиевтің «Не деу керек?» өлеңі.

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді!

Ең үлкенің,жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деу керек? Рақмет!

Балалар жүр көшеде,

Естіледі айқай-шу

Сен де шықтың,көршіңді

Қағып кеттің байқамай.

Не деу керек? Кешіріңіз!

Осы келген бетіңде,

Допты қудың,жарыстың.

Көшенің сол шетінде,

Кезікті бір танысың.

Не деу керек? Сәлеметсіз бе?

*СӨЗДІК:таңдап-выбирая,айқай-шу-крик и шум,қағып кеттің-задел,байқамай-нечаянно.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:сурет,жаңа сөздер/жаңа мәтіннен/

ІІІ Жаңа сабақ.

*Топқа бөлу,жетекшілерін таңдаймын /қыздар+ұлдар командалары/

*Оқулық б/ша,114бет,1-тапсырма.Сурет арқылы жұмыс.Мұғалімнің сөзі.

*Жылдың төрт мезгілі бар.Олар:күз,қыс,көктем,жаз.Әр мезгілдің өзіне тән белгілері бар.Күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.Күздің басы жылы болса,аяғы суытады.Бұл қыс мезгілінің басталатынын білдіреді.Көктемде қар еріп,дала көкорай шалғынға оралады.Жазда шуақты күндер басталып,бақта жидектер пісіп жетіледі.

ІҮ «Бұл қай кезде болады?» ойыны.Сурет арқылы белгілеу.

*Жетекшілер конвертке суреттерді жинап алады.Өздігінен тексереді.

Ү.Сергіту сәті.Тақтада дыбыстар жазылған.

Жел улейді: У-У-У

Қатты жел соқты: ГУ-ГУ-ГУ

Құйын келіп биледі: ЗУ-ЗУ-ЗУ

Жапырықтар қол соқты: ДУ-ДУ-ДУ

ҮІ Дәптермен жұмыс/оқулық б/ша/,115бет,3-тапсырма.

ҚАШАН? Мен көктемде саябаққа барамын.

Мен жазда лагерьге барамын.

Мен күзде мектепке барамын.

Мен қыста стадионға барамын.

ҮІІ «Шеңбер» ойыны.Жыл мезгіліне орай шеңбердегі сөздерді табу.





Қар жауады Жаңбыр жауады Күн жылынады Күн ыстық

*Топтарды ауыстырамын.

ҮІІІ. «Екі сөзбен» ойыны.

Жазда болатын демалыс-жазғы демалыс

Қыста болатын демалыс-қысқы демалыс

Күзде күн суық болады-күн суық

Көктемде қар ериді-қар ериді

ІХ Кестемен жұмыс.Кім қорғайды?Бесжолды өлең!

Қыс

Көктем

Жаз

Күз

Қар.

Ақ қар.

Бүгін ақ қар жауды.

Бүгін көп ақ қар жауды.

Күн.

Күн жылыды.

Бүгін күн жылыды.

Көктемде күн тез жылынады.

Бүгін күн жылынды,қар еріді.

Күн.

Ыстық күн.

Бүгін күн өте ыстық.

Бүгін күн өте ыстық болды.

Жаңбыр.

Жаңбыр жауды. Күнде жаңбыр жауады. Күндіз жаңбыр көп жауды.

Күндіз жаңбыр өте көп жауды.



*Жетекшілері бағалайды.

Х Ертегі «Ауа,су және жарық».Мәтін б/ша.

Ерте,ерте,ертеде.Осыдан көп жыл бұрын су болыпты.Құстар шөлдеп қаталапты.Ағаштар қурап қалады,гүл солады.Шаршаған құстар желден көмек сұрайды.Көмектесуге уәде берген жел күнге келеді.Күн көлдердің суын қыздыра бастады.Су тамшылары буға айналып,аспанға көтерілді.Ол жерде тамшылар бір-бірімен қосылып бұлтқа айналды.Жерге жауын жауды.Жер рахаттана демалды.

ІХ «Ағашта не өседі? Не өспейді?» /Екі түрлі түсінік күнделігі/

өседі өспейді


/алма,алмұрт,шие,өрік,апельсин,жүзім/ /баклажан,пияз,қызанақ,асқабақ,сәбіз/


*Жетекшілері тексереді.


ХІІ Бекіту: сұрақ-жауап


-Күз мезгілі туралы кім айтады? -Күз айлары-қыркүйек,қазан,қараша.Күзде күн суық.

Жаңбыр жауады.

-Қыс мезгілі туралы. –Қыс айлары-желтоқсан,қаңтар,ақпан.Қыста күн суық бола-

ды.Аяз болады.Қысқы ойын түрлері көп.Жаңа жыл келеді.

-Көктем туралы. –Көктем айлары-наурыз,сәуір,мамыр.Көктемде Наурыз

Мейрамын тойлаймыз.Көктемде күн жылынады.

-Жаз мезгілі туралы. –Жаз айлары-маусым,шілде,тамыз.Жазда күн ыстық болады.

Жазда біз үш ай бойы демаламыз.

ХІІІ Үй тапсырмасы: Қыс туралы 5 сөйлем құрастыру.

ХІҮ Бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Та?ырыбы:Жыл мезгілдері

Автор: Каражигитова Еркежан Избасаровна

Дата: 09.08.2015

Номер свидетельства: 224730


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства