1. Білімділік: ?аза? киносыны? са?ла?ы, дарынды актер, шебер кинорежиссер ?ртісі Ш?кен Аймановты? ?мір жолы, туып-?скен, о?ып білім ал?ан ортасы, ?ызмет еткен орындары туралы рухани білім беру.
2. Дамытушылы?: Ш?кен Аймановты дарынды актер ж?не шебер режиссер ретінде насихаттау ар?ылы шы?армашылы? да?дыларын ?алыптастыру.
Просмотр содержимого документа
«Тарихи т?л?а - Ш?кен Айманов»
Сынып: 6 в
Күні: 27 .02.15
Сабақтың тақырыбы: Тарихи тұлға – Шәкен Айманов
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Қазақ киносының саңлағы, дарынды актер, шебер кинорежиссер әртісі Шәкен Аймановтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған ортасы, қызмет еткен орындары туралы рухани білім беру.
2. Дамытушылық: Шәкен Аймановты дарынды актер және шебер режиссер ретінде насихаттау арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға, құрметтеуге тәрбиелеу.Топпен жұмыс жасауға, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Әңгіме, топпен жұмыс,түсіндіру жолымен қозғау салу, сұрақ- жауап
- Жақсы. Енді біз бір-бірімізге жылы лебіз жіберіп, жақсы баға алуға тілек етейік. Ол үшін алақанымызды уқалап жылытамыз, жанында отырған оқушыға қолымызды ұстатып өз ішімізден жақсы баға алуды тілейміз.
- Бүгін кезекші кім?
- Бүгін кезекші __________, ___________
- Сабақта кім жоқ.
- Сабақта барлығы бар. / Сабақта келесі оқушылар жоқ. ________________________
ІІ. Үй жұмысын сұрау.
-Оқушылар бүгін біздің сабағымызда топпен жұмыс жасаймыз. Екі топқа бөлінейік. 1-топ: Режисерлер; 2-топ: Әртістер. Әрбір топқа спикерлерді сайлайық.
- Тапсырманың орындалуын спикерлер бағалап отырады.
- Оқушылар өткен сабақта біз қандай тақырыпты өттік?
- Біз өткен сабақта Ертегі кейіпкерлерін өттік.
- Жақсы, үйге қандай тапсырма берілді
- Ертегі кейіпкері туралы жазып келу.
- Жақсы, енді үй жұмысын тексереміз. Қазір дәптерлеріңді ашыңдар мен тексеріп шығайын.
ІІІ. Мақсат-міндетін қою.
- Оқушылар қазір барлығымыз тақтаға назар аударайық.
Тақтада бейнетаспа көрсетіледі.
- Оқушылар, біз кім туралы көрдік.
- Шәкен Айманов туралы көрдік.
- Демек, бүгінгі тақырыбымыз қандай?
- Шәкен Айманов деп аталады.
- Өте жақсы. Ал бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болады?
- Бүгінгі сабағымыздың мақсаты Шәкен Аймановпен танысу, әңгімелеу, жаңа сөздерді үйрену.
-Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді жазайық. Бүгін Ақпанның жиырма жетісі. Сынып жұмысы. Тарихи тұлға – Шәкен Айманов.
ІҮ. Жаңа сабақ
Бүгінгі біздің жаңа сөздерімізді сөздік дәптерге жазып алайық.
Жаңа сөздермен жұмыс
Бас режиссер – главный режиссер
Кинофильмдерге түсу – сниматься в кинофильмах
Фильм түсіру – снимать фильм
- Өте жақсы балалар. Ал енді мәтінді тыңдайық.
а) Тыңдалым: Мәтінді өзім бір оқып беремін, оқушылар ілесіп оқып отырады.
Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы 15 ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1928 жылы орта мектепті бітіріп, 1931-1933 жж. Семей Қазақ ағарту институтында оқиды.
1947-1951 жж. Алматы драмалық театрдың бас режиссері болады.
1938 жылдан бастап Шәкен Айманов кеңес кинофильмдеріне түседі.
1954 жылдан бастап режиссер болып, бірқатар фильмдерді түсірді. Шәкен Айманов он төрт
фильм түсірген.
1959 жылы КСРО Халық әртісі атағын иеленді. Алматы қаласындағы «Қазақфильм»
киностудиясына Шәкен Аймановтың есімі берілді. Алматы қаласында көше аты берілген. Павлодар қаласында Шәкен Айманов атындағы кинотеатр ашылған. Шәкен Қалидың «Жиырма бесін» өте жақсы көрді.
ә) Оқылым: Оқушылар мәтінді жылдам әрі мұқият оқып шығулары керек.
Өте жақсы, оқушылар. Ал енді дәптермен, тақтамен жұмыс жасайық.
Сөйлемдерді аяқтап, етістіктерді жазу керек.
Жазылым: (№1 флипчарт)
а) Етістіктерді жазу
Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы
15 ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында ....
1931-1933 жж. Семей Қазақ ағарту институтында....
1938 жылдан бастап Шәкен Айманов кеңес кинофильмдеріне....
Шәкен Айманов он төрт фильм.....
- Бұл тапсырманы да бірге орындадық. Екі топқа жетон таратылады.
- Ал енді келесі тапсырма етістікті жіктеу
1-топ: Кел – осы шақта
2 топ: Кел – келер шақта (№2 флипчарт)
Шығармашылық тапсырма
Оқушылар, келесі шығармашылық тапсырма. Топтың атауына сәйкес Шәкен Аймановтың әртістік және режисерлік жұмысын жазу. Тақтаға шығып оны айтып беру. Сендерге ватман қағазы, тақырыпқа сәйкес суреттер және фломастерлер беріледі. Іске сәт!
Түсірген кинофильмдер
1954 «Дала қызы»
1954 «Махаббат туралы аңыз» 1956 «Біз осында тұрамыз»