Просмотр содержимого документа
«Т?рт т?лікті? ке?есі. »
Қызылорда облысы Шиелі ауданы № 244 Ы. Жақаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Маханбетова Гулжанат Отенқызы
2 сынып Ана тілі
Тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі Мақсаты: 1. Оқушылардың төрт түлік туралы түсініктерін кеңейтіп, әр малдың ерекшеліктері, пайдасы туралы білімдерін тексеру, ізденушілік қызығушылықтарын арттыра отырып, төрт түлік малға байланысты мақал-мәтелдер, әңгімелер, тақпақтар айтқызып, білімдерін толықтырк. 2. Оқушылардың сөйлеу шеберліктерін, ой-өрістерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. 3. Төрт түлік малды қастерлей білуге тәрбиелеу. Түрі: Қайталау сабағы Әдісі: Сұрақ-жауап, талдау – жинақтау, салыстыру, ізденушілік, сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы. Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта.
Ұйымдастыру Сабақтың барысы:
Жарылқап күн ашылды, Айнала нұр шашылды . Қайырлы күн, біз көңілді баламыз, Қайырлы күн, сәлемдесіп аламыз, Мақсатымыз – білім алу, Міндетіміз – еңбектену.
-Балалар, бүгінгі сабағымыз төрт түлік мал жайлы Қазір төрт топқа бөлініп, әр түрлі жұмыстар жасаймыз. Ой шақыру әдісі: а) Төрт түлікке нелер жатады? ә) Олардың төлдерін атаңдар.
II. Зерде бөлімі: Әр топ басшысы әр түліктің ерекшеліктері, маңызы туралы толық мағлұмат беру. III. Бәйге кезеңі: Әр топқа 3 сұрақтан беріледі.
I. Ботақандар тобы: 1.Түйе жасына қарай қалай аталады? 2. Түйенің сүті қалай аталады? 3. Түйенің жүнінен не жасалады?
II. Құлыншақтар тобы: 1.Жылқы жасына қарай қалай аталады? 2. Жылқының сүті қалай аталады? 3 . Жүйрік аттарды қалай атайды?
III. Бұзауқандар тобы: 1.Сиырдың сүтінен жасалатын заттарды ата. 2. Сиырдың етінен әзірленетін тағамдарды ата. 3. Жасына қарай сиырды қалай атайды?
IY. Қошақандар тобы: 1.Қойды жасына қарай қалай атайды? 2. Қойдың жүнінен нелер дайындалады? 3. Қойдың терісінен нелер дайындалады?
V. Жорға кезеңі: а) Поэзия минуты (төрт түлік туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу) ә)Мақал-мәтелдердің жалғасын табу. V. Сергіту сәті. VI. Жаңа сабақ. Төрт түліктің кеңесі а) рөлге бөліп, мәнерлеп оқу ә) дәптермен жұмыс
Берілген сөздердің мәні
Мәтіндегі осы сөздердің мәні
1.Тұрмыс жағдайы төмен адам
...
2.Еңбекқор адам
...
3.Батыл,өжет адам
...
4.Шаруасы жақсы,бай адам
...
б)Төрт түлік қандай жерді,қандай кісіні қалайды?
VII.Сыр сандық бөлімі. Оқушы шығармашылығын шыңдау Төрт түліктің пайдасы туралы эссе жазу, өлең құрастыру VIII.Бекіту:жалпы сабақ бойынша оқушы ойын тыңдау IX.Үйге тапсырма. Төрт түліктің кеңесін сахналау