Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту | Ағартушы педогог Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянын білуге тиіс. Берілген шығарманың тәрбиелік мәнін ашып, түсінуі тиіс. Әңгімедегі кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасай отырып кейіпкерлердің рөлін сомдай алуы тиіс . |
3 мин 5 мин 20 мин 8 мин 9 мин | Топқа бөлу. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларында көп кездесетін тәрбиелік мәні терең сөздер арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу. Мысалы: кішіпейіл, жанашыр, мейірбан, қамқор... т.с.с Қызығушылықты ояту сатысы. Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар оқылық» өлеңін аудио арқылы тыңдау. Мұғалімнің сұрағы: Оқушылар жұпта, топта жұмыс жасайды. Әр топтан бір оқушы ойларын жеткізеді. Бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбын оқушылар өздері қорытындылап шығарады. Мағынаны тану сатысы. Мәтінмен жұмыс. 1 топқа берілетін тапсырма: Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны туралы күрделі мәтін беріледі. Бұл топтың оқушылары жұмыс соңында басқа оқушыларға Ы. Алтынсарин туралы ақпараттарды түсінікті түрде жеткізу үшін, түрлі жолдар іздестіруі қажет. Мысалы, постер, слайд-шоу т.с.с 2 топқа берілетін берілетін тапсырма: Ы. Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесін оқып, талдайды. Әңгіменің желісі бойынша сахналық көрініс қояды.Әңгіменің тәрбиелік мәнін ашуы қажет. Бұл топқа қалған оқушылар сұрақтар қояды. 3 топқа берілетін берілетін тапсырма: «Болашақтың мектебі қандай болу керек» тақырыбына қысқаша жоба жұмысын жүргізу. 4 топқа берілетін берілетін тапсырма: «Егер мен мұғалім болсам...» тақырыбына қысқаша жоба жұмысын жүргізу. Топтық жұмыстарды қорғау. Топтық жұмысты бағалау: Топтар | Тақырыпты дұрыс мазмұндауы | Тақырыпты жан-жақты ашуы | Мәдениеттілігі | Топтағы тәртібі,бірлесіп жұмыс жасауы | -
| | | | | -
| | | | | -
| | | | | -
| | | | | Ой толғаныс сатысы. Эссе жазу. Эссе тақырыбы: «Менің алғашқы ұстазым» Эссені бағалау критерийлері: «5» алу үшін эссе мына шарттарға лайық болуға тиісті: Бір айтқанды қайталай бермей, мәнділігімен көзге түсуі керек. Дәлелді берілген тезисті қолдаңыз. Сол тезиске берілген қарсы пікірлерді де ескеріңіз. Әңгіменің кіріспесі анық мәтіннен жіне қорытындыдан тұруы керек. Көлемді болғанменен де ойлы, қызықты,әсерлі болуы керек. Сауаттылығына көңіл аударылады. «4» алу үшін эссе мынадай болуы керек. Бір айтқанды қайталай бермей, мәнділігімен көзге түсуі керек. Дәлелді берілген тезисті қолдаңыз. Әңгіменің кіріспесі анық мәтіннен жіне қорытындыдан тұруы керек. Көлемді болғанменен де ойлы, қызықты,әсерлі болуы керек. Сауаттылығына көңіл аударылады. «3» алу үшін эссе мынадай болуы керек. Тезисі анық,түсініксіз емес. Тезисті қолдайтын себептер жоқ. Әңгіме құрылымының жүйелілігі жетіспейді./кіріспе,мәтін, қорытынды/ Ұқыпты жазылмаған, грамматикалық және орфографиялық қателері байқалады. Көлемі азырақ. Үйге тапсырма: Ы. Алтынсариннің қандай шығармаларын білесің? | Әңгіме не туралы? | Әңгімеден қандай әсер алдың? | Қандай тәрбиелік мәні бар? | | | | | | Флипчарт Аудио жазба (өлең) Флипчарт, Ы. Алтынсарин туралы мәтін, бағалау кестесі. Аюдың маскасы |
«А» оқушыға мәтін бойынша тест сұрақтарын ұсыну. | Кесте арқылы мұғалімнің топтарды бағалауы. | Музыка, бейнелеу, еңбекке баулу пәндерімен пәнаралық байланыс бар. |
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: Екінші топтағы диалогтік оқыту жақсы өтті. 2: «Менің алғашқы ұстазым» тақырыбында жазған эсселері. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: : Сыни ойлауға жетелейтін тапсырмаларды көбейту. 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? 1: 2: |