Просмотр содержимого документа
«Жамбыл Жабаев - замана тол?ауы»
Жамбыл Жабаев - замана толғауы
Ұлылықтың қыры көп. Шын суреткерді, хас шеберді, алып талантты өзгелерден бөлектетіп тұратын белгілерінің бірі – тақырып аясының кеңдігі, ой тереңдігі ауқымдығы десек, ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбыл Жабаев шығармашылығы да заман мен адамның арақатынасын соншама жан-жақты қамтуымен қайран қалдырады.
Қарт жыраудан таса қалған тақырып жоқ десе де болғандай : кедей өмірі, жастық шақ, қайта жасару, туған ел, келбеті өзгерген қңір, жер дәулеті, ел сәулеті, халықтар достығы, табиғат тамашасы, Отан қорғау, кәрілік, адамдық пен наандық т.б.
Ақынның осыншама сан сала тақырыптың қай-қайсысын да толық игеріп, шыңнан асыра жырлауы да ұлылық еді.
Ақынның көп жырлаған тақырыбы – «Туғалы сөзі өтпеген, қолы есеге жетпеген, құлшылықтан кетпеген» жарлы мен жалшының азапты өмірі, кедейдің күйі. Бұл тақырыпты Жамбыл бала кезінен жырлаған. Жас кезінен ел аралап жүріп жалшы мен кедейлердің аш-жалаңаш, аянышты тағдырын талай көріп, егіліп, қабырғасы қайысады. Сөйтіп оның жырларында ел тілегі, ел қамы жайлы айтылып, әділет пен азаматтық үні айқындала бастайды :
Жаман көйлек жыртылып,
От басында итініп,
Әрі дімкес, тамақ аш,
Әрі тұттай жалаңаш,
Аш бұралып, күн суық –
Жұрт соңынан жоқшылық
Кешке ілескен итше ұлып.
Ақын кедейдің тұрмыс-тіршілігінің жеке қырларын алмай, оны өмірдің біртұтас құбылысына айналдырады. Ол кедейдің басына түскен жоқшылықты от басында итініп, аш-жалаңаш бұратылып отырған, жұрт соңынан көшке ілескен итке теңейді. Жоқшылықтың «көшке ілескен итше ұлып»,- жұттың соңына ілесуі туралы образ қазақтың өз тұрмысына байланысты шындық құбылыстармен тығыз сабақтасып жатыр. Сондықтан да ол ұғымға жеңіл әрі түсінікті. Кедейдің жоқ-жітік, аш-жалаңаш күйі жырда эпитет, теңеу сияқты көркемдік-бейнелеуіш құралдар арқылы суреттеледі. Жамбыл осы 7 тармақ өлең жолы арқылы бүкіл кедей-кепшіктің ауыр да қайғылы тағдырын тамаша суреттеп кеткен.
«Әділдік керек төреге» деген өлеңінде ұлық пен төренің, бай-болыстың халыққа көрсеткен зәбірінжелілі толғау деңгейінде көтеріп айтады. Өлеңнің қысқаша шығу тарихы мынадай: Ұзынағаш базарында Жамбыл мен Қисыбай болыс бастаған төрелер кездесіп қалады. Қисыбай да, тілмаш болып жүрген төре де Жамбылды ақын деп менсінбей, жақтырмай қарайды.Ұлықтардың бұл қылықтарына Жамбыл жырмен жауап береді.Бай мен ұлық төрелердің әлсіздің ақысын жеп, халыққа жасаған қиянатарын,кедейлердің кедейлігі болмаса, ешкімнен кем еместігін, олардың арасындағы нағыз асыл азаматтар барын айтады. Билік пен байлық иелерінің қорқаулығын беттеріне басып:
Болыс,төре жүрген жоқ,
Халықты қорлап жылатпай.
Шабарманы шаптығып,
Барады елді шыдатпай.
Болыс, төре, билері,
Кедейлерге теңдік бер
Қысы-жазы шулатпай!..-
Деп қара халыққа араша түседі.
Иттей көрем төрені,
Тамаққа тойса үретін.
Халықтың ақын – перзенті,
Ақтарып сырды беретін...
Айтқандары өтірік
Ұлыққа кім бар сенетін.
Сыздауық жара секілді
Денені сыздап керетін.
Жамбыл ақын сөйлесе,
Жарасы қалар жарылып,
Ел аңғарып көретін...
Бұл үзіндіде Жамбыл Жабаев өзінің төрені жақтырмайтынын, «иттей көретінін» айтып қана қоймай, оны итке теңеп «тамаққа тойса үретін» деп көрсетеді. Ақын ұлыққа басын шұлғып, сынық қарайтын, халыққа, халықтың ақынына, халық құрметтеген ақындық өнерге салғырт, сыздана қарайтын төренің жаман әдетін де, оған деген өзінің жек көруі сезімін де жеткізіп отыр. Ұлықтың айтқан сөзінде тұрмай, үнемі халықты алдайтынына бұрыннан зығырданы қайнап жүрген ақын, болысты «сыздауық жараға» теңейді. Ақын өзінен-өзі сызданып тұрған жараның «Жамбыл ақын сөйлесе, жарылып қалар» деп болысты бейшара күйге түсіріп, ащы мысқылмен мазақ етеді.
Жамбыл Жабаевтың «Әділдік керек халыққа» деп аталған осы шығармасын ғалымдардың біразы өлең деп бағалайды. Ал шығармада суреттеліп отырған өмір құбылысының өзі сол замандағы халықтың тұрмыс-жағдайынан хабардар етеді деуге болады.
Сагиден Әсем 10 сынып оқушысы
Май ауданы, Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп