Просмотр содержимого документа
«Ж?рек ауруларын емдеудегі жа?алы?тар.»
ЖШС«Талдықорған қалалық медициналық колледжі» МКК
Теориялық сабақтың әдістемелік өңдеуі
Пән: кәсіби қазақ тілі
Тақырыбы :Л/Т: Жүрек ауруларын емдеудегі жаңалықтар.
Мамандық: 0305000 «Лабораториялық диагностика»
Курс: 3
ЦӘК отырысында
қаралып талқыланды
Хаттама №____
«___»_______2014ж
ЦӘК төрайымы ______
Әдістемелік өңдеу жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырған:Ибрагимова А.Т.
Тақырыбы: Жүрек ауруларын емдеудегі жаңалықтар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жүрек құрылысы, жүрек аурулары туралы білімдерін кеңейте отырып, ауруларын емдеудегі жаңалықтар туралы танысу, өз ойларын еркін жеткізу, өз бетімен жұмыс істей білу;
Тәрбиелік: Оқушыларды кәсіби қазақ тілі пәніне сүйіспеншілігін ояту арқылы өз мамандығына деген жауапкершілікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау, шығармашылық қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақтың түрі:аралас
Сабақтың әдісі:сөздік жұмыс, сұрақ-жауап,түсіндірмелі, әңгімелеу, рөлдік ойын,сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.
Сабақтың уақыты:2 сағат
Сабақты өткізу орны: 408 дәрісханасы.
Пәнішілік байланыс:
Пәнаралық байланыс:орыс тілі, анатомия.
Сабақтың жабдықталуы:слайд,интерактивті тақта, видео ролик, үлестірмелі қағаздар, жүректің муляжі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
негізгі: Қ.Аяпбергенова,Р.Қатаева «Қазақ тілі»
қосымша: Ә.Иманбекова, Г.Имантаева,Ә.Әмірова. «Қазақ тілі» Алматы 2008
Оқушы білуі тиіс: мәтіндегі бөліктердің мағынасын анықтау,тақырыптық мәтіндерден сөйлемнің түрін, өз бетімен жұмыс кезінде өзінің ойын нақты жеткізе білу.
Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин
Оқушылармен амандасып,сабақта жоқ оқушыларды белгілеу,сабаққа назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру – 20 мин
1. «Бала – өмірдің жалғасы» тақырыбына эссе жазу. «Ортада қаламсап» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын тексеру.
2. Рөлдік ойын өткізу.1-топ. «Баспасөз конференциясы». 2-топ. «Дауа телеемханасы»
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру – 45 мин
Қызығушылықты ояту .
1-видео ролик көрсету арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау
Қалай ойлайсыздар ? Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.Сабаққа мақсат қою.
Жаңа сабақ.
«Жүрек» сөзін естігенде қандай ассоциация туады?
Жүрек құрылысын атап беріңіздер.Муляж көрсету арқылы айтып береді.
«Жүрек аурулары» туралы не білесіздер?
Жаңа сөздермен танысу.
Мәтінмен жұмыс
Жүрек – қан тамыр аурулары
Жүрек – қан тамырлары ауруларын зерттеп, емдеумен медицина арнайы бөлімі - кордиология шұғылданады. Бұл аурудың туа пайда болған және жүре пайда болатын түрлері болады. Бірінші түрінде ауру жүректің оң және сол жақ бөліктерінің ортасындағы перденің жетілмеуінен, сондай-ақ қолқаның тарылуынан дамиды. Жүре пайда болатын түрі жүрек қақпағынан дамиды. Жүре пайда болатын түрі жүрек қақпағының ревматизм ауруының салдарынан зақымдауынан және вена (көктамыр) қан тамырының тарылуынан болады. Бұл біртіндеп жүрек инфарктісіне алып келеді. Жүректің қандай ауруы болсын, осы мүшенің қызметінің бұзылуына әсер етеді. Адам ағзасындағы тіршіліктің қайнар көзі-жүректің қалыпты жұмыс жасауы. Жүрек ағзада қанның ағуы төмендеп, ол мүшелері мен тіндерді оттекпен дұрыс қамтамасыз ете алмайды. Бұл кезде адамның терісі боп-боз болып, көгеріп кетеді, науқас адам әрең дем алады, оған болар-болмас қимылдауының өзі қиынға түседі. Жүректің вена қан тамырлары ауруында жүрек тұсы қатты шаншып ауырады, мұны стенокардия немесе жүректің демікпелі ұстама ауруы деп атайды. Жүректің кейбір ауруларында, мысалы жүрек қақпақтарының жұмысы бұзылғанда немесе миокард инфаркті болғанда жүрекке операция жасайды. Жүрек қан тамыр ауруларының хирургиялық операция арқылы емдеуден медицина ғылымының арнайы саласы – жүрек - қан тамыр хирургиясы шұғылданады. Жүрек қан тамыры ауруларының мөлшерден тыс тамақты тойып ішу, көп темекі тарту, аз қозғалу, ұзақ уақыт ой еңбегімен шұғылдану себеп болады.
1-тапсырма.Сурет бойынша медициналық терминдерді қолданып, жүректің құрылысына мәтін жазыңыз.
2-тапсырма. Қалып қойған сөздерді жазыңыз.
Жүрек ------- қуысының сол жағына жақын орналасады.
Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (--------------) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгеше болады.
Бірінші қабаты өте жұқа қабықша-------- деп аталады.
Екінші қабаты бұлшық еттен тұрады. Мұны ----------- деп атайды.
Үшінші қабаты жүректің ішкі жағы, оны --------- дейді.
Адамның жүрегі төрт бөліктен тұрады: ----------,--------.
Құлақша мен қарыншалар ------------ арқылы байланысады.
3-тапсырма.Қазақ тіліне аударып жазыңыз.
5-тапсырма.Орыс тіліне аударыңыз.
Жүрек кеуде қуысының сол жағына жақын орналасады. Ересек адамның жүрегінің салмағы 250-300 г.Жүрек бірнеше қабаттан тұрады.Бірінші қабаты өте жұқа қабықшаэпикард деп аталады. Екінші қабаты бұлшық еттен тұрады. Мұны миокард деп атайды. Үшінші қабаты жүректің ішкі жағы, оны эндокард дейді. Бұл қабаттың астында өте көп жүйке талшықтары орналасады.Адамның жүрегі төрт бөліктен тұрады: екі құлақша,екі қарынша. Құлақша мен қарыншалар қақпақшалар арқылы байланысады. Қақпақшалар тек қарынша жаққа ғана ашылады да, қанның құлақшадан қарыншаға еркін өтуіне мүмкіндік жасайды, сондықтан ол кері қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады.Жүрек жұмысы үш кезеңнен тұрады: құлақшаның жиырылуы, босаңсуы және үзіліс.
ІҮ. Жаңа тақырыпты бекіту –10 мин
Блиц турнир сұрақтарына жауап беру.
Кардиология немен шұғылданады?
Жүрек-қан тамырлары ауруларының қандай түрлері болады?
Бірінші түрінде ауру қалай дамиды?
Жүре пайда болатын түрі неден пайда болады?
Адам ағзасындағы тіршіліктің қайнар көзі не?
Жүрек ауырғанда ,ол мүшелері мен тіндерді немен дұрыс қамтамасыз ете алмайды?
Стенокардия қандай ауру?
Жүрек қақпақтарының жұмысы бұзылғанда қандай ауру болады?
Жүрек-қан тамырларының ауруы неден болады?
2-видео роликті қою .Дәптермен жұмыс.
Эссе жазу. Жүрек ауруларын емдеудегі жаңалықтар.
Ү. Қорытындылау – 10 мин
Абайдың «Он жетінші сөзі» қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады. Алдыңғы үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әрқайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. Жеке-жеке үшеуінде де кемшілік бар. «...Осы үшеуің басыңды қос, оның ішін де жүрекке билет», -деп сабақты қорытындылай отыра
Сіздерге нұрлы жүрек, ыстық қайрат қасиеттерін тілеймін.