Сабақ жоспары
№ 6 КППК әдіскері:______________ Маман: Нурбалаева С.К
Сабақтың тақырыбы: « Ертегі еліне саяхат»
- Білімділік мақсаты: «Бір уыс мақта» ертегісін оқып, ертегінің мазмұнымен түсіндіру. Баланың ой өрісін дамыта отырып өздігінен қорытынды шығара біліге машықтандыру. Ертегі арқылы баланың өмірге деген көзөарасын қалыптастыру
- Дамытушылық мақсаты: Ертегіні мазмұндау және талдай отырып, ойын тиянақты жеткізе білуде ойлау шеберлігін дамыту.Ұсақ моторикасына нүктелі массаж жасау арқылы саусақ жаттығуларын орындау арқылы ұсақ моторикасының бұлшықеттерін дамыту. Артикулияциялық жаттығулар орындау арқылы артикулияциялық жүйесін дамыту.
- Тәрбиелік мақсаты:Сүйіспеншілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Кітап, айна.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
– Сәлемдесу
- Қал жағдайын сұрау
- Ыңғайлы етіп отырғызу.
2. Үй тапсырмасын еске түсіру
- Үйге қандай тапсырма берілді?
-Үй тапсырмасын қайталау.
.
3.Дайындық кезеңі.
Артикулияциялық жаттығулар жасау
А) басқа арналған жаттығулар жасау
- оңға, солға қарау
-жоғары төмен қарау
Ә) Көзге арналған жаттығулар
1. Көзін жұмып, ашу
2. Басын қозғалтпай тек көзімен жоғары, төмен қарау
3. Оңға, солға қарау
В) Дұрыс дем алуға арналған жаттығу
- ұртына ауа толтыру, демді шығару.
- мақтаға үрлеу
-карандашты сырғыту
Г) ұсақ моторикасын дамыту
- нүктелі массаж
«Отбасы» саусақ жаттығуы
Әр саусақты атай отырып, жұму.
Мына саусақ – Атам
Мына саусақ – Әкем
Мына саусақ – Анам
Мына саусақ – Сіңілім
Мына саусақ – мен
Бұл менің – Отбасым!
Алақанға массаж.
Қаламсапты жібермей, алақанның біреуі үстінде, ал екіншісі астында болуы керек. Алақанды алдыға –артқа қозғалту, алақанның басынан саусаққа дейін жеткізу.
- Негізгі тапсырмалар.
- «Бір уыс мақта »әңгімесін оқу. Әңгімелеп беру.
Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отырған еді, шешесі қасына отырып, ақыл айтты:
– Балам, дүниедегі жаратылған жәндік-жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды.
Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киімді жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден далаға лақтырып тастады да:
– Апа, осы қиқымның еш нәрсеге керегі бола қалмас?
– Балам, сол да жерде қалмайды,- деді шешесі.
Осылайша олар терезеден далаға қарап сөйлесіп отырғанда манағы мақтаны жел көтеріп ұшырып кетеді де, оны бір торғайдың іліп алып, тістеп ұшып кеткенін байқайды.
Қыз анасынан:
– Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны не қылады? – деп сұрады.
– Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөзімнің келгенін. Сол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді,- деп түсіндірді анасы.
Сергіту сәті
Бойды бүкпей тік ұста,
Еркін тұрып тыныста.
Жай оң қолды оң жаққа.
Жай сол қолды сол жаққа,
Қолды айналдыр жақсылап,
Екі шеңберді сызғандай.
Сәл тынығып байқа да,
Бірнеше рет қайтала.
- Бекіту
«Шапан»-астарына жүн не мақта салып,сырып тігілген сырт киім.
«Қиқым»- бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы.
«Мамық»-құстын үлпілдеген жұмсақ жүні.
Әңгіменің мазмұнына байланысты сұрақ қою.
-үйде анасы мен қызы не істеді?
-қыз артылып қалған бір уыс мақтамен не істейді?
-мақтаны не іліп алып кетті?
-торғайға мақта не үшін қажет?
-Иә,жоқ
-жақсы, жаман
-ұнаған кейіпкерлерді атайды.
7.Үйге тапсырма
- Ертегіні мазмұндау
8. Сабақты қортындылау.
- Айбар саған әңгіме ұнады ма?
-осы әңгімеден қандай әсер алдын?
-әңгімеде саған қандай кейіпкер ұнады? Бүгінгі сабақ ұнады ма?
9. Сабақты аяқтау.
- Сабағымыз осымен аяқталды!
-Сау бол!