I. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалімнің әрекеті оқушылардың зейінін шоғырландыруға бағытталған. Мұғалім оқушыларды парақ таңдау арқылы 4 топқа (үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, параллелограмм) топтарына бөліп отырғызады. Топ жетекшілерін таңдап, бағалау парақтарымен таныстырады. Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың/оқытудың мақсаттарын, «жақын даму аймағын», бағалау критерийлерін анықтайды. Мұғалім оқушыларды сабақтың жоспарымен таныстырады: Теориялық материалды қайталау Дайын сызбалар негізінде есептерді шығару Деңгейлік тапсырма (қолданбалы есеп) Пика формуласына тапсырма (үлгерімі төмен оқушымен жұмыс) Сергіту сәті Оқулықпен жұмыс Plickers бағдарламасы бойынша сабақты қорытындылау II. Үй тапсырмасын тексеру а) Дәптерлерін топ жетекшілері тексеріп, презентацияға қарап салыстыру. b) Топтарының атына байланысты аудандарының формулаларын жазып шығу. Қалған топтар «Смайлик» әдісі арқылы бағалайды. Үшбұрыштың аудандары: Шаршының ауданы: Төртбұрыштың аудандары: Параллелограммның аудандары: III. Дайын сызбалар негізінде есептерді шығару Оқушылар топпен тапсырмаларды шешеді, ауызша түсініктеме береді. Мұғалім оқушылардың жұмысына пікір білдіреді, қажет болған жағдайда көмектеседі, слайдтар бойынша дұрыс шешімдерді көрсетеді. ІV. Қолданбалы есептерді шығару. Оқушылар қолданбалы есептерді орындайды парақтарда өз шешімдерін рәсімдейді, содан кейін оларды өзара бағалау үшін іледі. Оқушылар жұмыстарды бағалайды, қателіктер жібереді, шешімдер мен жауаптарды түзейді және талқылайды, сонымен қатар есептер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім, егер қажет болса, қадағалайды, түзетеді және бағыттайды. Деңгейлік тапсырма: Компания табаны 250 м, төбесі мен табанына дейінгі ең қысқа қашықтығы 150 метрге тең, теңбүйірлі үшбұрыш түріндегі жер телімін көгалдандыру үшін тендерді жеңіп алды. Егер 5 м2 –қа үш шырша егу керек болса, осы жерге неше шырша отырғызу қажет? V. Пика әдісі бойынша аудан табу. Берілген сызба бойынша топтағы үлгерімі төмен оқушылар фигуралардың ауданын тауып, тақтаға шығып түсіндіреді. VI. Сергіту сәті. VII. Оқулықпен жұмыс Оқушылар №3,33 есепті дәптерге орындап теңқабырғалы үшбұрыштың формуласын қорытып шығарады. Мұғалім бақылайды, оқушыларға қажет болған жағдайда көмектеседі. «Бағдаршам» әдісі бойынша топтар өзідерінің қандай дайындықта екенін білдіру мақсатында картоннан жасалған ұзын таяқшасын көрсетеді. Таяқшаның бір жағы қызыл, екінші жағы жасыл. Дайын топты тақтаға шығарып формуласын жаздыру. Жауабы: VIIІ. Plickers әдісі бойынша сбақты бекіту. 4 топ Plickers бағдарламасымен дайындалған сұрақтарға карталары арқылы бекіту сұрақтарына жауап береді. ІХ. Үйге тапсырма. №3.28 есепті шығару. 85-бет. |