kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ЭКОЛОГИЯЛЫ? МАЗМ?НДЫ ЕСЕПТЕР

Нажмите, чтобы узнать подробности

Есептер шы?ару - о?ушылардан ойлауды кажет ететін сапалы? ж?не санды? тапсырма. Олар жоспарлы ж?не бірізді іс ат?ару?а жетелейді, н?тижесінде білім алынады, т?ра?ты ?абылданады, жетілдіріледі ж?не д?рыс іске асырылады. Есептер шы?ару ар?ылы о?ыту мен т?рбие беру ма?саттарына жетіп, сонымен ?атар ?орша?ан орта туралы ??ымдарды ?алыптастыру?а болады. Сонды?тан біз ?р сыныпта экологиялы? мазм?нды есептерді? жіктелуін ?сынып отырмыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ЭКОЛОГИЯЛЫ? МАЗМ?НДЫ ЕСЕПТЕР »

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕР

ШҚО, Семей қаласы, «№13 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ,

Ахметжанова Райкамал Ибитаевна


Аннотация

Есептер шығару - оқушылардан ойлауды кажет ететін сапалық және сандық тапсырма. Олар жоспарлы және бірізді іс атқаруға жетелейді, нәтижесінде білім алынады, тұрақты қабылданады, жетілдіріледі және дұрыс іске асырылады. Есептер шығару арқылы оқыту мен тәрбие беру мақсаттарына жетіп, сонымен қатар қоршаған орта туралы ұғымдарды қалыптастыруға болады. Сондықтан біз әр сыныпта экологиялық мазмұнды есептердің жіктелуін ұсынып отырмыз.


Мақсаты: Мектеп жасындағы балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық мәселесін зерттеуші оқымыстылардың ғылыми тұжырымдарын ескере отырып, шаралар өткізу қажет. Басты мақсат - оларды табиғатқа деген сүйіспеншілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу қажеттігін тудырады.


ЖЕР БЕТІНДЕГІ ТҮРЛІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰРЫЛҒАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕР

5-сынып. Натурал сандар.

  1. Орман - атмосфера тазартушысы. Бір гектар жердегі шырша - 32 тонна шаңды, қарағай - 35 тонна шаңды, шегіршін ағашы - 43 тонна, емен - 54 тоннаға жуык шаңды, шамшат ағашы - 68 тоннаға жуық шаңды жұтады. 10 га жердегі шырша 3 жылда канша шаңды жұтады? 6 айда 3 га жердегі емен ше?

  2. Су құбырындагы бұранданың дұрыс жабылмауынан бір тәулікте 150 литр су тамшылап ағады? Егер 10 күн ішінде 20 жанұяның әрқайсысының пәтеріндегі ең болмағанда бір бұранда дұрыс жабылмай қалса, онда қанша литр су далаға кетер еді?

  3. Ұзындығы 5 - 6 см болатын омыртқасыз жәндік (перловица) 20° С-та 16 литрге жуық суды тазартады. Далаға ағып кеткен барлық суды бастапқы қалпына келтіру үшін оған қанша «жұмыс» жасауы керек?

4)Оқымыстылар мен мамандар Калмыкияны экологиялық жағдайы өте төмен ауданға жатқызады. Жылжымалы құмның алып жатқан ауданы 560 мың га және әр жыл сайын 40 мың га-ға үлкейеді. Калмыкияның ауданы 76 мың км² екенін біле отырып неше жылдан кейін адамзаттың кесірінен Европа нағыз шөл далаға айналатынын есептеңдер.

Ондық бөлшектер.

  1. Егер біздің еліміздегі орманды алқап 791,6 млн. га, яғни дүние жүзіндегі орманды алқаптың 1/5 белігін құраса, онда дүние жүзіндегі орманды алқаптың ауданы қандай?

  2. Бақылау мен есептеу бізге мынаны анықтап берді: «Қалыңдығы 18 см болатын топырақтың құнарлы қабаты пайдаланылмаса 15 жылда жойылады, ал егістік жерде тыңайтуға тастаған жерден 3,5 есе баяу жойылады, орманды алқапта егістік алқабына қарағанда 150 есе баяу жойылады». «Тыңайтуға» тасталған жерге қарағанда орманды алқаптағы топырақтың құнарлы қабаты неше есе баяу жойылады? Орманды алқаптағы жердің құнарлы қабатының қорғанысы туралы не айта аласыңдар?

б) ¥сақ жапырақты жөке орманда 400 жылға жуык өмір сүреді, ал қалалы жерлерде оған қарағанда 2,5 есе аз өмір сүреді. Жөке қалалы жерде неше жыл омір сүреді? Қалалы жерде ағаштардың өмір сүру ұзақтығы неге аз деп ойлайсыңдар?

  1. Әдеттегі радиоактнвті фон әр адамға әсер етеді. Іштей және сырттай сәуле түсуінің нәтижесінде адам бір жылдың ішінде орта есеппен 0,1 бэр мөлшерде сәуле қабылдайды. Өз өмір сүру уақытында адам қанша мөлшерде сәуле қабылдайды? (Өте көп емес жағдайда адам өз өмірінде 35 бэр сәуле қабылдайды).

Проценттер.

  1. Қазіргі кезде бүкіл жер шарындағы орманды алқап 40 млн.км2 жуық. Жыл сайын

бұл өлшем 2% - ке азаяды. Егер бұл процесс тоқтатылмаса, онда қай кезде жер шары өзінің «өкпесінен» айырылады?

  1. Африкада орманды алқап барлық жердің 60% алап жатыр, қазіргі кезде тек барлық

жердің 17% алып жатыр. Егер Африканың территориясы 30,3 млн.км2 болса, ондагы орманды алқаптың ауданы қанша млн.км2 қысқарған?

  1. Жыл сайын Сібірде 600 мың гектар орман кесіледі және осындай орман өртенеді. Бір жылда жасанды жолмен 200 мың га орман қалпына келтіріледі. (Кесілген ағаштарды қалпына келтіру үшін жыл сайын 1,5 млн га жерге ағаш отырғызу қажет). Қажетті жағдайға қарағанда орманның жасанды жолмен қанша проценті қалпына келтіріледі?

  2. Әлем бойынша жыл сайын 160 млн.м3 ағаш алынады, оның 20% жуығы жағуға

жіберіледі. Жыл сайын неше куб метр ағаш жағуға жіберіледі?

  1. Маскаренск аралындағы жергілікті құстардың 28 түрінің 24 түрі жойылып кеткен.

Құстар түрінің канша проценті жойылып кеткен?

6)Қыстың қатты аязынан орманда құстардың 90% өледі. Егер орманда 3400 құс мекен етсе, онда тірі қалғандарының саны қанша? Олардың өліміне не себепті?

7) Сібір бал қарағайының кесілген немесе өртенген жерлері көбінесе бал қарағай торғайының көмегімен қайта өсіп қалпына келтіріледі. Олар өзіне азық қоры ретінде балқарағай жаңғағын орманда әртүрлі жерлерге жинайды. Әдетте ол өзінің жиналған азық қорының 20% ғана табады, ал қалғандары өніп кетеді. Егер балқарагай торғайы азық қорын 25 жерге жасырып жинаған болса, онда қанша жердегі балқарагай жаңғағы өсіп-өнуге қалдырылады?

8)Эрозияның әсерінен жердің кұнарлылығы төмендейді, жерасты сулары төмендеп,

таяздайды, т.б. соңғы 100 жыл ішінде өңделген жердің 27% эрозияға ұшыраған. Егер өңделген жер 4 млрд.га болса эрозияға ұшыраған жер қанша гектар?

9)1992 жылы тұрмысы өте төмен жағдайлары кедейліктен де төмен адамдардың саны 500 млн болған, ал ғасырдың аяғына таман 532 млн.адамға артқан (бүл Б.Ұ.Ұ, мамандарының бағалауы бойынша). Тұрмыс - жағдайы өте төмен адамдардың саны неше процетке артқан?

10)Дамушы мемлекеттерде әр 100 жанұяның 72-сі лашықтар мен тұрмысы өте төмен аймақтарда, ал Африкада әр 100 жанұяның 92-сі осы аталған жерлерде тұрады. Олардың осы ерекшеліктеріне байланысты атаулары бар: Латын Америкасында - «callatnpas» (саңырауқұлақтар), француз тілінде сөйлейтін Африкалықтарда - «bidnvilles» (консерв қалалар) деп атайды. Сонда карапайым санитарлық-гигиеналық жағдайлары жоқ жанұялар қанша процент? Адамдардың осы жағдайларына байланысты қоршаған ортаны қорғау мен адамдардың денсаулығына байланысты қандай мәселелер қозғалады?

6-сынып. Пропорциялар.

1)Өндіріс орындарының лас қалдықтарынан өзендер мен ормандар зардап шегеді. Мысалы, Швецияның территориясында 100 мыңнан астам көл бар, олардың 18 мыңы - «өлі». Швециядағы «өлі» көлдер барлық көлдің қанша процентін құрайды?

2)Осыдан 10 мың жыл бұрын Жер шексіз ормандармен көмкерілген болатын. Оның алып жатқан ауданы 6 млрд. гектардан астам болған. Орман өнімдерін өндіретін өндірістердің және т.б. әсерінен оның ауданы 1/3 - азайды. Орманның алып жатқан ауданы қанша процентке азайған?

3)Қоғамның қажеттілігіне байланысты XVI ғасырдан бастап Батыс Европада ормандарды жою жедел іске асырылды. Францияда орманды алқаптың ауданы мемлекет территориясының 80% алып жатқан, ал 1789 ж көрсеткіші бойынша 14% қысқарған. (Бүкіл тарихтағы ең минимальды көрсеткіш). XVIII ғ аяғында Францияда орманды алқаптың ауданы қанша болған?

4)Ресейде тазартылған судың басым копшілігі (117037 млн.м3) өндіріс орындарына түрмыстық-коммуналдық шаруашылыққа жұмсалады. Мына пропорцияны шешу арқылы бұл қанша процентті кұрайтынын аныктаңдар.

Өндіріс орындары: х : 28 = 7 : 4;

Ауыл шаруашылығы 2 : х = 6 : 102 ;

Коммунальдық шаруашылық: 9,1 : 4,2 = х : 6

Оң және теріс сандар.

1)Ірі қалаларда азық-түлік қалдықтарының көп процентін жеміс-жидектердің қалдықтары құрайды. Бұл олардың сауда орындарындағы өте коп проценті шартқа сәйкес келмеуімен байланысты. Шартқа сәйкес келмейтін жеміс-жидектерді сауда орындарына әкелуді тоқтату бірқатар экологиялық және экономикалық есептерді шешуге әкеледі. Схемаға қарап жеміс-жндектердің қалдықтары қанша процент екенін анықтацдар.

-90 +45 : (- 5) *3,6 -18

7- сынып. Функциялардың графиктері.

1)Ені 100 м болатын орманның шеткі жағында ауаның шаңдануы 65%. Орманның шетінен 400 м қашықтықта ашық жердегі ауаның шаңдануы 38% дейін төмендейді, 1000 м - 25% дейін, 3 км - 5% дейін томендейді. Ауаның шаңдануының төмендеуінің орманнан қашықтаған ара қашықтыққа тәуелділік графигін сал.

2)Берілгендерді пайдалана отырып Жер бетіндегі тұрғындардың ауқымды өсуінің графигін сал: XIX ғ. 1 млрд тұрғындар көрсетілген, біз өмір сүріп жақан ғасырдың 20-шы жылдарында - 2 млрд, 50-шы жылдардың соңында - 3 млрд (32 жылдан соң), 1974 жылы (14 жылдан соң) - 4 млрд, 1987 жылы (13 жылдан соң) - 5 млрд, 1992 жылы тұрғындар саны - 5,4 миллиардтан астам болды. Б.¥.¥. мамандарының бағалауы бойынша тұрғындардың өсуі 6 миллиардқа жетеді. Балалардың дүниеге келуіне, адамдардың денсаулығына, өлімі мен орташа өмір сүру уақытына қандай факторлар әсер етеді.

8-сынып. Квадрат түбірлер.

Біздің эрамызға дейін Египетте жэне Қьггайда тұрғындар санын анықтау жүргізілген. Мына квадрат теңдеуді 4а² - 24а + 36 = 0 шешу арқылы сендер оның б.э.д. нешінші мың жылдықта болғанын анықтайсыңдар.

АЙМАҚТЫҚ КОПМОНЕТКЕ ҚАТЫСТЫ Қ¥РЫЛҒАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕР

Аймактық компонентті әр пән мұғалімі өз сабақтарында пайдаланудың жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытудағы мүмкіндіктері өте зор.

Оқулықтың мазмұнына жергілікті аймақтың жетістіктерін, қайталанбас ерекшеліктерін, экологиялық жағдайларын кіріктіре отырып, оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге, елжандылыкқа тәрбиелеуге мүмкіндік жасауға болады. Оқушыларға аймақтық компонентті оқу-тәрбие үрдісіне енгізе отырып, түрлі тапсырмаларды, экологиялық мазмұнды есептер мен тест тапсырмаларын орындату арқылы шығармашылық іскерліктерін, қабілеттіліктерін дамытып, жетілдіруге жағдай жасауға болады.

Математика сабағында сабақ мазмұнына аймақтық компонентті қолдануда алдыға мынадай мақсаттар қоюға болады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту. Бұл мұғалімнен бастамшылықты, қажыр мен жігерлікті, ұстаздык шеберлікті талап ететін аса жауапты міндет.Сабақтағы оқу материалын жоспарлауда оқулық мазмұнын мүмкіндігіне қарай аймақтық компоненттермен толықтыруға ұмтылыс жасалынады.

Оқытудың мақсат - міндеттерінің өзара үйлесілімділігіне, көрнекіліктер мен окыту әдіс-тәсілдерінің тиімділігіне, дамытушылық, білімділік, коммуникативтік, тәрбиелік ықпалының мүмкін боларлық жагдайлары ескеріледі. Оқушылардың оқу және ойлау қарекеттерін ұйымдастыру жолдарын түрлендіру аркылы дамыту.

Енді математика сабақтарында аймактық компонентті кіріктіріп, оқушылардың тұлғалық қалыптасуына, дамуына аз да болса ықпал ететін экологиялық мазмұнды есептерді ұсынамыз.

6 - класс. Оң және теріс сандар.

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы негізінен қоңыржай климаттық белдеудің континенттік аймағында орналасқан. Ауа температурасының жылдық орташа көрсеткіші 5° С. Ең жылы ай - шілде 23°С, ең суық ай - қаңтар -14 С. Шамаларды мағынасына қарай оң және теріс санмен жазыңдар. ШҚО Семей каласы радиологиялық диспансері жұмысшыларының зерттеулері бойынша тұрғындардың ағзасындағы қорғаныш функциясы қызметін атқаратын клетка көрсеткіші 3 - 4,4 мың. Ал орташа көрсеткіш 6-8 мыңды кұраса, онда Семей қаласындағы көрсеткіш жалпы көрсеткіштің қандай бөлігін кұрайды?


ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде айтарымыз мектеп жасындағы балалардың экологиялық білімін жетілдіре түсудің маңызы зор, өйткені өзара тығыз байланыста екеніне уакытта, табиғи ортаны корғаудың халықаралық мәселелері де және шетелдік тәжірибелер де көрсетіп отыр.

Ендеше экологиялық тәрбие беру жұмысы отбасында, балалар бақшасында, мектепте, орта арнаулы жоғары оқу орындарында үздіксіз жүргізілген жағдайда ғана адам санасында табиғатты қорғау, оның байлықтарын сақтау жөніндегі тиянақты көзқарасты қалыптастырып, жүйелі білім беруге болады. Бұл жөнінде белгілі ақын, ақындардың халықаралық «XX ғасыр, әлем және экология» қозғалыстарының төрағасы болған Мұхтар Шаханов өзінің «Аралға жол» мақаласында « ... бізде экологиялық тәрбие болған жоқ, ол қазір де жоқ. Экология ғылым ретінде ең артта калған, қараусыз қалған жағдайда, біз адамдардың экологиялық санасын оятуымыз қажет, ертең кеш болады» ден айтқан болатын.

Экологиялық тәрбие беруде оқушылардың табиғатқа эмоциялық қатынасын қалыптастыра білудің үлкен мәні бар. Эмоция психологиясында адамның жан дүниесін қозғаушы жерге лайықты жауап ретінде қарастырылады. Табиғат тағдырына ортақтаса білу касиетін ескермей, оқушылардың экологиялық санасын қалыптастыру мүмкін емес. Өйткені «... адамгершілік заңдылықтар ұғынумен де, есте сақтаумен де меңгерілмейді». Табиғатқа жасалған қиянатты ақылмен түсіну жеткіліксіз, ендеше оның қасірегін сезіне білу керек. Сондықтан біз оз жұмысымыздағы 5-8 сыныптарда математика курсындағы такырыптарға байланысты құрылған экологиялық мазмұнды есептерді мектеп математика курсына кіріктіре оқытудың маңызы зор екендігін атап айтқымыз келеді. Бұл біздің бойымыздағы экологиялық сауаттылығымызды кеңейтеді, «экологиялық мәдениетті» қалыптастырады, «экологиялық тәрбиені» жетілдіреді, жалпы табиғи ортаны аялап қорғай білуге үйретеді.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Молдахметов З.М., Газалиев А.М., Фазылов С.Д. «Экология негіздері».Қарағанды, 2002

  2. Ә. Бейсенова, А. Самақова Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Алматы. 2004

  3. Методические пособия по организации учебно-исследовательской деятельности школьников в природе / под ред. А.С. Боголюбова «Экосистема», 2001.

  4.  В.Н.Литвиненко, А.Г.Мордкович.Практикум по элементарной математике

  5. П.М.Эрдниев. Методика упражнений по математике

  6. Дарибаева А.О., Оразбаева Р.С. «Экология негіздері». Астана, 2001

  7. Асқарова У.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. А, 2004

  8. Тұрғанбаева, Қ. Ғажайып математика алаңы : Мектептегі

Утебаева,Ш.Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастыру.

  1. Д.О. Логофет «Что такое математическая экология //Математическая экология, гл. 1 . Общие вопросы моделирования. М., Наука, 1981.








Авторлардың АӘТ толығымен

 

Утегенова Маулиза Кабировна

 Жамалбаева Жулдыз Тлеубековна

Лауазымы, мекеме

 

 «№19 ЖОББМ» КММ, математика пәні мұғалімі

Байланыс телефоны, электронды мекен-жайы

 

 8 7222 3101 17, 8 775 299 96 15

Эл.п. [email protected]

Толық пошталық мекен-жайы  (қала, облыс, ауыл)

 

 ШҚО, Семей қаласы, Юность 37-89, тел: 8 7222 310134, 8 775 299 96 15

Номинация

 

 «Орта білім беру мекемелеріндегі экологиялық және экономикалық білім беру және тәрбиелеу»

Оқу-әдістемелік құралдың атауы

 

 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕР



Толтырылған күні


29.03.2014






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
ЭКОЛОГИЯЛЫ? МАЗМ?НДЫ ЕСЕПТЕР

Автор: Ахметжанова Райкамал Ибитаевна

Дата: 02.12.2014

Номер свидетельства: 138211


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства