Ата?ты француз о?ымыстысы С.Д.Пуассон «?мір екі н?рсемен к?ркемделеді – ол математикамен айналысу ж?не оны о?ыту» деген болатын. Бізді? заманымыздан бірнеше ?асыр б?рын айтыл?ан б?л ?ла?атты с?з б?гінгі к?ні ?з д?режесін жой?ан емес. Бізді? елімізде де математика п?ні мен оны о?ыту?а к?п к??іл б?лінеді. Соны? ай?а?ы Елбасымыз Н.?.Назарбаев: «Елімізді? индустриалды – инновациялы? даму жа?дайында математика негізгі техникалы? п?ндерді? бірі ретінде алды??ы ?атарда т?р. Жа?а м?мкіндіктер математикалы? білімді модернизациялау, на?ты механизмдерді аны?тау, оны дамыту ж?не болаша?та тиімді ?олдану тапсырмаларын ал?а ?ояды » деп айт?ан болатын.
1-курс студенттеріні? математика п?нінен білімдерін тексеру ж?не дамыту ма?сатында «Же?іске кім жетеді?» атты интеллектуалды? ойынды ?йымдастырып отырмыз. Олай болса ойынымыз?а ?ош келді?іздер!
Б?гінгі ойынымыз 4 айналымнан т?рады. ?рбір айналымны? ?пай сандарын есептеу ?азылар ал?асына ж?ктеледі. Олай болса алдымен б?гінгі сайысымызды? же?імпазын аны?тау міндеті ж?ктелген ?азылар ал?асымен танысайы?:
------
------
------
------
Алдымен орта?а студенттерді ша?ырамыз. Ша?ырыл?ан студенттер ?здеріні? аты-ж?нін, ?мірлік ?станымдарын айтады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Интеллектуалды? ойын " Же?іске кім жетеді?! "»
«Жеңіске кім жетеді ?»
Интеллектуалдық ойынының жүрісі
Мақсаты: Студенттердің математикадан логикалық ойлауын , ой-өрісін дамыту және математикаға қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Шараның өткізілу барысы:
Атақты француз оқымыстысы С.Д.Пуассон «Өмір екі нәрсемен көркемделеді – ол математикамен айналысу және оны оқыту» деген болатын. Біздің заманымыздан бірнеше ғасыр бұрын айтылған бұл ұлағатты сөз бүгінгі күні өз дәрежесін жойған емес. Біздің елімізде де математика пәні мен оны оқытуға көп көңіл бөлінеді. Соның айғағы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің индустриалды – инновациялық даму жағдайында математика негізгі техникалық пәндердің бірі ретінде алдыңғы қатарда тұр. Жаңа мүмкіндіктер математикалық білімді модернизациялау, нақты механизмдерді анықтау, оны дамыту және болашақта тиімді қолдану тапсырмаларын алға қояды » деп айтқан болатын.
1-курс студенттерінің математика пәнінен білімдерін тексеру және дамыту мақсатында «Жеңіске кім жетеді?» атты интеллектуалдық ойынды ұйымдастырып отырмыз. Олай болса ойынымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі ойынымыз 4 айналымнан тұрады. Әрбір айналымның ұпай сандарын есептеу қазылар алқасына жүктеледі. Олай болса алдымен бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау міндеті жүктелген қазылар алқасымен танысайық:
--------------------------------
--------------------------------
--------------------------------
--------------------------------
Алдымен ортаға студенттерді шақырамыз. Шақырылған студенттер өздерінің аты-жөнін, өмірлік ұстанымдарын айтады.
Сайыстың жоспарымен таныстыру
«Бәйге»
«Дода»
«Көп ойланбай, тез тап»
«Нартәуекел»
«Жорға»
I Бәйге
Әрбір студентке 5 сұрақтан қойылады.Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Сұрақтар: 1-студентке
1.Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы неге тең? 3.14
2.Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар қандай сандар деп аталады?
Қарама-қарсы сандар
3.Биквадрат нешінші дәрежелі теңдеу? Төртінші
4.Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда не деп аталады? Диаметр
5.Пифагор теоремасы қалай айтылады?
2- студентке
1.Трапеция дегеніміз не?
2.Картадағы кесінді ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасы не деп аталады? Масштаб
3.Айнымалысы түбір таңбасының астында тұратын теңдеу не деп аталады?
Иррационалдық теңдеу
4.Бірлік вектордың анықтамасы қалай айтылады?
5.1 жай сан ба әлде құрама сан ба?
3- студентке
«Миллион» сөзін қазақ арасына алғаш таратқан кім? Ы.Алтынсарин
y функциясының графигі қалай аталады? Гипербола
Француз математигі әрі физигі Р.Декарттың математикаға енгізген әдісі қалай аталады? Тік бұрышты координаттар
жүйесі
4.Екі қатынастың теңдігі не деп аталады? Пропорция
5. 1-cos2 cos2
4- студентке
1.Жай сан дегеніміз не? 1-ге және өзіне ғана бөлінетін сандар
2. Бүтін сандар жиынына қандай сандар жатады? Теріс таңбалы натурал сандар, нөл
және натурал сандар
3.Үшбұрыштың бір төбесінен шығып қақ бөлетін кесінді не деп аталады? Медиана
4. Адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым қалай аталады? Логика
5.1012 дәрежесі не деп аталады? Триллион
5- студенке
1.Қандай теңдеудің әрдайым екі түбірі болады? Квадраттық теңдеудің
2. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны не деп аталады? Шеңбер
3. «Ақын жанды болмаған адам, математик те бола алмайды» деген кімнің сөзі? Ковалевская
4. Тоннаның 10% -і неше килограмм? 100кг
5. х2+у2= R2 функциясының графиги не деп аталады? Шеңбер
Осымен 1 айналымымыз аяқталды. Әр студенттік жинаған ұпай санын білуге сөз кезегін қаылар алқасына береміз.
ІІ Дода
Таблода сәйкес сұрақтың тұсында сол сұрақтың құны белгіленген. Егер таңдалған сұраққа дұрыс жауап берілсе, ұпай сол ойыншыға беріледі.
1. Арифметика. 1) 5, 075 санын ондық үлестерге дейін дөңгелекте? (5, 1) 2) Шаршының қабырғасы 9 см. Периметрі неге тең? (36см) 3) Бірдей үш цифрмен жазылған үш таңбалы сан 3-ке де, 37-ге де бөлінеді. Сол санды табыңдар? (111) 4) Бөлімдері 10, 100, 1000 болып келген бөлшектер қалай аталады? (ондық) 2. Логика 1) 50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көріну керек? (5 бала) 2) «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1сағ 43 мин) 3) 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? (үтір) 4) 10 ақ шар, 8 қызыл шар, 11 қара шар бар. Міндетті түрде бір ақ шар алып шығу үшін неше шар алу керек? (20)
3. Жұмбақтар 1) Біз санбыз... Сызықпыз бөлінген Математиканы ұқпас адамға. Құбыжық болып көрінген, Дұрыс, бұрыс, аралас. Ондық болып бөлінген. Қандай сан? (Бөлшек сан)
2) Бір, үш, бес, он, Жиырма, елу, Жүз, екі жүз, мың бар, Әрқайсының құны бар. Ол не? (теңге)
3) Бүтін сан, бөлшек сандар, Барлығы да бар онда. Бұл қандай сан айтыңдаршы, Оң, теріс сандар осында! (рационал сан)
4) Алды артымыз шексізде, Жете алмайсың біздерге, Сәуле менен кесінді, Шыққан еді біздерден. (түзу)
Осы екі ойынның қорытындысы бойынша ұпайы аз бір студент ойыннан шығады. Сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.
ІІІ Көп ойланбай, тез тап
Мақалдың жалғасын табу керек.
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл) 2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар) 3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас) 4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына) 5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ) 6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын) 7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды) 8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз) 9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
10. Айдағаның бес ешкі, ( ысқырығың жер жарады)
11. Алтау ала болса, ( ауыздағы кетеді), Төртеу түгел болса, (төбедегі келеді)
12. Жүздің түсін білгенше, (бірдің атын біл)
13. Жүзден жүйрік , (мыңнан тұлпар)
14. Жеті атасын білмеген ұл – (жетесіз)
15. Екі аяқты да (бажа тату), төрт аяқты да (бота тату)
16. Бірінші байлық (денсаулық), екінші байлық (ақ жаулық), үшінші байлық (он саулық)
17. Елу жаста – (ер дана), елу жылда – (ел жаңа)
18. Екі қарға таласса, (бір қарғаға жем түсер)
19. Жігітке (жеті өнер де аз)
20. Көп көргеннен сұрама, (көп білгеннен сұра)
Осы ойынның қорытындысымен бір студент ойыннан шығады. Әділқазылар алқасы сөз кезегі өздеріңізде.
ІҮ Нартәуекел
Қазақта қолданылатын салмақ өлшеуіштерін ата?
Берілген нүкте арқылы түзуге неше перпендикуляр жүргізуге болады?
Теңдеуді шешіңдер:
Отбасында жеті қыз және әр қыздың бір – бірден бауыры бар. Отбасында барлығы неше бала?
Қосарланып жегілген үш ат 1 сағат ішінде 14 км жол жүреді Осы уақыттың ішінде бір ат қанша км жол жүреді?
Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонса цифр бар? 10 мен 100
1+ tg2 =
192=
Қандай сандар кемел сан бола алады?
Шеңбердің диаметрі 8 см. Радиусы неге тең?
Сағаттың 1\4 бөлігі неше минут?
Бөлімінен алымы көп бөлшек не деп аталады?
Осы ойыннан ұпайы аз бір ойыншы ойыннан шығады. Әділқазылар алқасына сөз кезегі беріледі.
Ү Жорға
Білім – деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім –деген ақылшың
Қиындықтан өткізер – дей отырып соңғы шешуші кезеңіміз Жорға сайысын бастаймыз.