Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал орнату. Шаттық шеңберінде тұрып "сұрақтарды қағып алу" әдісі арқылы бір-біріне тілектер айту. (Миға шабылу). Оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру. Үй тапсырмасы ауызша сұралады: 1.Талдықорған қаласының тұрғындарының 60% -і А депутатқа дауыс берді, қалдандары В депутатқа дауыс берді. Қала тұрғындарының неше проценті В депутатқа дауыс берді? Оқушылар орындарынан тұрып, ауызша жауап береді. Шешуі: 100% - 60% =40% Жауабы: Қала тұрғындары 40% процент В депутатқа дауыс берді. 2. Жолаушылар түске дейін 64 км қашықтыққа барды, Бұл жүруге тиісті межеленген қашықтықтың 20% -індей. Жолаушылар неше километр қашықтықты жүруді межелеген еді? Шешуі: х- жолаушының межелеген жүруге тиісті қашықтығы. 64 км____________20% x км_____________100% Осыдан Жауабы:320 км Қб: бас бармақ әдісі Түрлі түсті қағаз қиындылары арқылы топқа бөлу. Жеке жұмыс: Белсенді оқыту: «Түсіндіру және сипаттау» Оқушылар берілген тапсырманы орындайды. 1 есеп. Ауылшаруашылық жұмысшылар жиналысында 69 адам қатысты, бұл барлық жұмысшылардың 92% -ын құрайды. Жиналысқа қатыспаған адамдар саны қанша Шешуі: Жиналысқа барлық жұмысшылардың 8% - пайызы қатыспаған. Пропорция құрып есептің шешімін табайық. 69 92% х 8% Дескриптор: Білім алушы: -берілген есепке пропорция құрады - жиналысқа қатысқан адамдардың санын анықтайды - есептің шешімін табады 2- есеп. Талдықорған қаласының ауа ластануының 70,6% -ын көліктер, 12,3% -ын қалдықтар мен химикаттар,10,3%-ын отынның жануынан бөлінген газ,ал қалған пайызды өнеркәсіптер құрайды. Өнеркәсіптер ауа ластануының қанша пайызын береді? Шешуі: 100% - ( 70,6%+ 12,3%+10,3%)=6,8% Жауабы: Өнеркәсіптер ауа ластануының 6,8% береді. ( сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбымен мақсаты ашылады Дескриптор: Білім алушы: -берілген есепке пропорционалдық тәуелділікті анықтайды. - пропорция құрады - өнеркәсіптер ауа ластануының қанша пайызын есептейді Қб: мадақтау әдісі жарайсың, керемет,бас бармақ әдісі арқылы бағаланады. |