Балалар, сабақты бастамас бұрын шағын төрт топқа бөлінейік. Сынып бөлмесіне, айналаға көз салып қараңыздар, жер - жерге үлестірмелер бекітілген, сол үлестірмелерді бір – бірден алып, ондағы есептің мазмұны бойынша топтарға бірігіңіздер. Үлестірмелер бойынша: жылдамдық; өзен ағысы; қоспалар; аралас. Осындай төрт топқа бірігеді, енді осы топтар қолдарындағы есептерді бірігіп орындайды. Жылдамдық тобы №1. Жүк көлігі бірінші күні барлық жолдың үштен бір бөлігін жүрді, екінші күні бірінші күнгі жолдың 90 % жүрді, ал үшінші күні қалған 440 км жолды жүрді. Жүк көлігі екінші күні қанша километр жол жүрді? №2. Саяхатшылар тобы 1 сағ автобуспен, содан кейін автобус жылдамдығынан 18 км/сағ – қа кем жылдамдықпен 6 сағ жаяу жүрді. Саяхатшылар тобы барлығы 67 км жол жүрген болса, автобус жылдамдығы мен жаяу жүргендегі жылдамдықты табыңыз. №3. Ара қашықтығы 256 км екі станцадан бір мезгілде, бір бағытта жүк пойызы мен жолаушылар пойызы жолға шықты. Жолаушылар пойызының жылдамдығы жүк пойызының жылдамдығының 50% - ға артық және 8 сағаттан кейін жолаушылар пойызы жүк пойызын қуып жетсе, онда олардың жылдамдықтары қандай болғаны? Жауабы: 360 км; 25 км/сағ, 7 км/сағ; 64 км/сағ, 96 км/сағ; Өзен ағысы тобы №1. Кемежайдан өзен ағысымен 4 км/сағ жылдамдықпен сал жіберілді. 3 сағаттан кейін салдың соңынан қайық шығады. Егер қайықтың меншікті жылдамдығы 9 км/сағ болса, ол салды кемежайдан қанша километр қашықтықта қуып жетеді? №2. Моторлы қайық су ағысының бойымен 105 км жүргенде, осы жолды ағысқа қарсы жүзгендегіден 2 сағ жылдам жүзді. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 18 км/сағ болса, су ағысының жылдамдығын табыңыз? №3. Моторлы қайық ағыспен жүзіп, А пунктінен В пунктіне 1,3 сағ – та барды. Моторлы қайық ағысқа қарсы жүзіп, осы қашықтықты 1,9 сағ – та жүрді. Ағыс жылдамдығы 2,4 км/сағ. Моторлы қайықтың өз жылдамдығын табыңыз. Жауабы: км; 3 км/сағ; 12,8 км/сағ. Қоспалар тобы №1. Сироп құрамында 18% қант бар. 40 кг сиропқа қанша килограмм су қосқанда, қанттың мөлшері 15% болады? №2. Ылғалдылығы 85% құрайтын 8 кг балғын түймедақ гүлі жиналды. Гүлдер кептірілгеннен кейін олардың ылғалдылығы 20% болды. Кептіргеннен кейін түймедақ гүлінің массасы қандай? №3. 10 кг салмағы бар мыс пен қалайы қорытпасы 70% калайыдан тұрады. Осы қорытпаға 8 кг мыс қосылды. Қоспадағы қалайының концентрациясы мыстың концентрациясынан үш есе артық болуы үшін қанша килограмм қалайы қосу керек? Жауабы: 8 кг; 1,5 кг; 26 кг. Аралас тобы №1. Кафеде бірінші күні барлық шырынның бөлігі сатылды, екінші күні қалғанының бөлігі сатылды. Егер екінші күні сатылған шырын 60 л болса, барлығы неше литр? №2. Математикадан бақылау жұмысында 8 оқушы «5» алды, 18 оқушы «4» алды, 12 оқушы «3» алды және бірнеше оқушы «2» алды. Егер бақылау жұмысы бойынша орташа балл 3,8 болса, онда «2» алған оқушы саны қанша? №3. Қабырғалары 20 см, 30 см болатын тік төртбұрыштың ұзындығын 10% - ке арттырып, ал енін 10% -ға кемітсе, онда тік төртбұрыштың ауданы қанша пайызға өзгереді? Жауабы: 140; 2; 1% кемиді. Топтар жұмыстарына слайдта көрсетілген дайын жауап арқылы өзін – өзі бағалау жүргізеді, кемшілік болған жағдайда мұғаліммен пікірлеседі. Бөлім бойынша жиынтық (ББЖ) бағалау тапсырмалары: №1. Өрнекті ықшамдаңыз: a) . №2. Алгебралық өрнекпен берілген тепе – теңдікті дәлелдеңіз: . №3. Катер 5 сағ ағыспен және 6 сағ ағысқа қарсы жүзді. Егер катердің меншікті жылдамдығы км/сағ, ал өзен ағысының жылдамдығы х км/сағ болса: a) катердің ағыспен жүрген жолын; b) катердің ағысқа қарсы жүрген жолын; c) барлық жолды; d) ағыспен жүрген жолдың ағысқа қарсы жүрген жолға қарағанда қаншаға көп екенін математикалық модель түрінде көрсетіңіз. |