kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математика саба?тарында а?паратты? технологияны ?олдана отырып, о?ушыларды шы?армашылы??а баулу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?гінгі та?да жастарды о?ытуда, к?сіби білім беруде жан-жа?ты даярлауда ?о?ам мен мемлекет ?лкен назар аударуда.Білім ж?йесінде а?паратты? технологияны? тере?деп енуі оны т?бегейлі ?згертіп жатыр. А?паратты? технологияны саба? барысында м??алімге к?мекші ретінде ?ана емес балаларды? п?нге ынтасын арттыруда бірден-бір ??рал ретінде де ?олдану тиімділігін к?н ?ткен сайын ?ылым да мойындауда.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математика саба?тарында а?паратты? технологияны ?олдана отырып, о?ушыларды шы?армашылы??а баулу»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі







«Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдана отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулу»









Дайындаған: М.Әуезов атындағы №7 орта мектебінің ІІ-санатты

математика пәнінің мұғалімі

Хайнешова Шынаргүл Талапеденқызы



















Атырау-2013ж







Мазмұны:



І. Кіріспе_________________________________________________________1

ІІ. Негізгі бөлім.

1.Ақпараттық технологияның математика сабақтарындағы

маңызы____________________________________________________2

2.Математика сабағында интерактивті тақтаны қолдану

мүмкіншіліктері____________________________________________3

ІІІ. Қорытынды.





«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен

байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі

жаңа білім беру өте қажет»

Н.Ә.Назарбаев.













Бүгінгі таңда жастарды оқытуға, оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің барынша назары аударылуда. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған.Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты - өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау.Қазіргі мектеп ғылым жетістіктері мен адам қызметінің әртүрлі салаларының сұраныстарына сәйкес ертеңгі күннің қажеттіліктеріне сай бола отырып, мектеп бітіруші түлектің алдағы өміріне қажетті білімінің берік іргетасын қалауы керек. Сондықтан, білімдер мен икемділіктер білім жүйесін құруға арналуы тиіс. Жалпы білім жүйесінде ақпараттық технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да өзгерте бастады. Математика саласында математикалық әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетаным да жаңаруда. Мектепте математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қоюымыз қажет. Қазіргі кезде білім беру : пәндік – мазмұндық, мазмұндық – әрекеттік және мазмұндық – тұлғалық байланыста болуы керек.

Білім берудегі жаңа ақпараттық технология – оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуге арналған есептеуіш техника мен инструменттік құралдардың жиынтығы, сол сияқты ол есептеуіш техника құралдарының оқу процесіндегі ролі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жеңілдетуде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі. Оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялар аса қажетті педагогикалық проблемалардың шешімдерін табуға, ой-еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Оның негізгі ерекшелігі ол мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, мүддесіне, көзқарасына әсер ете отырып оның интеллекттілік мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі. Жаңа ақпараттық технологияның білім беру саласына енуі педагогтарға оқытудың мазмұнын, әдістері мен ұйымдық түрлерін сапалы өзгертуге мүмкіндік береді.

Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Интеграция дегеніміз (латынша қалпына келтіру, толықтыру, бүтін) – педагогикалық тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әртүрлі ғылымдарды біріктіру.Білім беру процесі – ақпараттық қоғам жағдайында жасөспірімдерді жан-жақты даярлайтын процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды.

Ақпараттық технология құралдарын математика пәніне пайдалану оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әсері мол.Оқушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты осы сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуінен басталады.Бұл технологияны қолдану барысында пәнге қызығушылығы артып қана қоймай, оқушы бір уақытта жан-жақты мағлұмат алып, шығармашылықпен жұмыс жасауға қабілеті артады:

  • компьютерде еркін жұмыс жасай алады;

  • түрлі компьютерлік желілермен байланыс жасайды;

  • ақпарттарды алады, өңдейді, сақтайды;

  • интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;

  • электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;

  • өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;

  • ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады;

  • басқа пәндерді оқығанда компьютер мүмкіндігін тиімді қолдана алады.

Математика сабақтарында интерактивті тақтаны жаңа тақырыпты өткенде, қорытынды-қайталау сабақтарында, тарау бойынша қорытынды сайыс-сабақтарда, т.б. сабақ түрлерінде қолдануға болады. Күнделікті дәстүрлі әдістен гөрі бұл сабақтың динамикасын, көрнекілігін, ақпарттың өте жоғары деңгейін және көлемін қамтамасыз етеді, сонымен қатар тақырыпқа және жалпы математика пәніне қызығушылықты арттырады. Сабаққа дайындық барысында электрондық оқулықта, Интернет желісінің ақпараттары қолданылады. Мұғалім интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайцдалана отырып, ақпаратты жеткізуге арналған уақытты үнемдеумен қатар, жаңа тақырыпты түсіндіруге уақытын көбейтеді. Алтыншы сыныпта математика пәнін оқытуда оқушылар «График», «Функция» тақырыптарын өткенде Aktiv Board тақтасында сызғыш, циркуль, транспортирді пайдалану арқылы меңгергенде белсенділік артып, нәтиже жоғары деңгейде болды. 10-11 сыныптарда тест өткізу барысында шторка, амалдарды немесе есептердің жауаптарын жасырын түрде беру үшін прожектор құралын пайдалануға болады. Жоғарғы сыныптарда геометрия пәнінде денелер тарауын өткен кезде немесе тригонометриялық фукнциялар графигін салу үшін тақтаның көмегі зор. Қималарды оқушылардың түсінуіне слайдтар арқылы түрлендірмелер ұсынуға болады.

8 сыныпта төртбұрыштар тарауын қорытындылауда топтастыруды және Венн диаграммасын тақтада оқушылар өзі толтырады:

Мектепішілік математикалық декада кезінде сыныптар бойынша ұйымдастырылған шараларда интерактивті тақта көрнекілік ретінде маңызды рөлге ие. «Ғажайып үштік», «Геометриялық лото», «Блиц-турнир», «Полиглот» сынды бөлімдерінде жиі қолданыс табады.

Менің математик ретінде өз алдыма қойған мақсатым: оқытудың озық ақпараттық – инновациялық технологиялар әдістерінің тиімді жағын пайдаланып, математикалық білім жүйесін дамытып, сапалы білім беру. Оқушыларға білім беруді дамытуда білім сапасын төмендегідей анықтаймын:


  • толықтығы

  • тереңдігі

  • жеделдігі

  • икемділгі

  • нақтылығы

  • жалпыланғандығы

  • жүйелілігі

  • түсініктілігі

  • беріктігі

Оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру бағытында педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп келемін. Сол жасалған жұмыстарымның негізінде оқушының

  • есептің берлігенін толық оқып шығуға дағдыландыру

  • теорияны білуі оны логикамен ұштастыруы

  • шапшаң ойлау қабілетін қалыптастыру

  • көру, есте сақтау қабілетін дамыту

  • есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу

  • пәнге деген құзырылылығын арттыру.

Теориялық ғылыми – әдістемелік әдебиеттерді оқып, талдау жасау негізінде мынандай тұжырымға келіп отырмыз. Біріншіден, көптеген жаратылыстану пәндерінде компьютерді пайдалану мәселесі іске асырылуда. Екіншіден, көптеген пәндерде компьютерді пайдалану қалыптасқан психологиялық-педагогикалық талаптарға онша сай келмейді. Себебі, бұрынғы қалыптасқан оқыту процесінде қарым-қатынас тек мұғалім мен оқушы арасында ғана болса, ал оқу процесінде компьютерді пайдалану кезінде мұғалім мен оқушы арасында компьютерлік педагогика пайда болғаны мәлім.

Компьютерлік оқытудың біртұтас әдістемелік жүйесін жасау – оқу-тәрбие процесін жетілдірудің көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.









































Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. «Математика Физика» ғылыми-әдістемелік журналы

  2. «Математика в школе»

  3. «Дидактические уроки на уроках математики»

  4. «8 класстағы Алгебра. Мұғалімдерге арналған методикалық құрал.»

  5. «Дидактические материалы по геометрии для 10 класса. В.А. Гусев»

  6. «Мен-Адаммын.(Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыту сабақтарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік құрал) 2000ж»






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Хайнешова Шынарг?л Талапеден?ызы

Дата: 04.02.2016

Номер свидетельства: 288238


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1500 руб.
2500 руб.
1120 руб.
1870 руб.
1250 руб.
2090 руб.
1240 руб.
2070 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства