Сайысты? ма?саты:
Білімділік: О?ушыларды? білімге талпынуын, ойлау ?абілетін дамыту
Дамытушылы?: Математика?а ?ызы?ушылы?ын арттыру, белсенділіктерін дамыту
Т?рбиелік: Есте са?тау, ?иыншылы?ты же?уге, жауапкершілікке, шапша?ды??а, тияна?тылы??а баулу, а?паратты? м?дениетке т?рбиелеу.
1-ж?ргізуші:
Сайыс барысы:
Мінекей залда тынышты?
Естілмейді дыбыс т?к
М?ны бізде ?оштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
?ылымдарды? жа?асы
Математика жайында
Сайысты біз бастаймыз
2-ж?ргізуші:
?ош келді?іздер, ?адірлі ?стаздар, ?діл?азылар ж?не о?ушылар! ?ымбатты білім с?йгіш жас достар!
Орыс ?алымы М. Ломоносов «а?ыл ойды т?ртіпке келтіретін – математика, сонды?тан да оны о?у керек»- деген. Олай болса б?гін сендер ?ызы?ты, математиканы? ж?мба?ты да тартымды ?лемімен танысасыздар.
1-ж?ргізуші:
Сендер б?л ?лемні? ?аншалы?ты ?ызы?ты, ?рі сан т?рлі екеніне к?з жеткізесіздер. Сайыста ?р т?рлі ?ызы?ты с?ра?тар мен тапсырмалар ?сынылады. Сайыста же?у ?шін аруларымыз белсенділік танытып, берілген с?ра?тар?а ?згелерден тезірек ойланып, жауап беру керек ж?не тапсырмаларды д?рыс орындау ?ажет.
Математикалы? сайыс – б?л е?бек. Сонды?тан сайыс кезінде ?те ??ыпты, ойлары жина?ы болуы керек ж?не т?ртіп са?тал?ан ж?н.
Енді б?гінгі сайысымызды? жоспарымен таныс болайы?.
Просмотр содержимого документа
«Математика аруы-2016»
Математика аруы - 2016
Сайыстың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың білімге талпынуын, ойлау қабілетін дамыту Дамытушылық: Математикаға қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін дамыту Тәрбиелік: Есте сақтау, қиыншылықты жеңуге, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу. 1-жүргізуші:
Сайыс барысы: Мінекей залда тыныштық Естілмейді дыбыс түк Мұны бізде қоштаймыз Кешіккендерді тоспаймыз Ғылымдардың жаңасы Математика жайында Сайысты біз бастаймыз
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! Қымбатты білім сүйгіш жас достар!
Орыс ғалымы М. Ломоносов «ақыл ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан да оны оқу керек»- деген. Олай болса бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысасыздар.
1-жүргізуші:
Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екеніне көз жеткізесіздер. Сайыста әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін аруларымыз белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап беру керек және тапсырмаларды дұрыс орындау қажет.
Математикалық сайыс – бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойлары жинақы болуы керек және тәртіп сақталған жөн. Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен таныс болайық.
2-жүргізуші: Бас иіп топ алдында шығатын Сәлемдесу парызы әрбір жастың Өнерлерін паш етер сайыскерлер Сәті келіп қалғандай танысатын, - дегендей сайысымыздың 1 – кезеңі «Сәлемдесу сөз басы» бастаймыз.
1-жүргізуші: «Асыл тастан, өнер жастан Шығады деп дарынды Халық айтса қалт айтпайды Әрқашанда нанымды» деп Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс, ойын.
2-жүргізуші: Шақырамыз, келіңіздер жарысуға. Күш, өнер, білімменен алысуға Бар өнерді салайық, ортамызға Қанеки, кім шығады сайысуға 2 – кезең «Кім шапшаң?»(бұнда аруларымыз берілген 5 сұраққа жауап беру керек. ) 5 сынып оқушысына: 1. Жай сан деп қандай санды атаймыз?( 1 - ге және өзіне ғана бөлінетін сандар ) 2. Алғашқы ондық бөлшек кімдердің еңбектерінде пайда болды?(араб математиктері) 3. Натурал сандар? (санау үшін қолданылатын сандар) 4. Қарыс?( бас бармақ пен ортаңғы саусақ ұштарының арақашықтығы) 5. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті?(көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді)
1-жүргізуші:
6 сынып оқушысына: 1. Рационал сандар жиынын нелер құрайды? (Бүтін сандар, оң және теріс бөлшектер.) 2. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды?( Құрамында әрпі бар өрнекті әріпті өрнек деп атайды.) 3. Сызықтық функцияның графигі... болады (түзу сызық) 4. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар?(қарама - қарсы сандар) 5. Ең кіші жай сан? (2)
2-жүргізуші: 7 сынып оқушысына: 1. Берілген шаманың 1/100 бөлігі?( процент) 2. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі? (1800) 3. Сыбайлас бұрыштар? 4. y = ax2түріндегі функцияның графигі? 5. Бірдей санды бірнеше рет Көбейтуден тұрады. Егер оны ықшамдасаң, Қандай атау болады? /Дәреже/
1-жүргізуші: 8 сынып оқушысына: 1. Төртбұрыштардың ішкі бұрыштардың қосындысы? ( 360 º) 2. Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру үшін қандай әдістерді қолданамыз?
( Көбейткішті түбір белгісінің алдына шығару, Көбейткішті түбір белгісінің ішіне енгізу, Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босату) 3. 1637жылы арифметикалық квадрат түбір ұғымын ғылымға енгізген? (Рене Декарт) 4. Пифагор деген кім? (грек оқымыстысы) 5. катет пен гипотенуза туралы теорема кімнің атымен аталады? ( Пифагор)
2-жүргізуші: 9 сынып оқушысына: 1. Жазықтықтың шегі барма? (жоқ) 2. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем?(аксиома) 3. у=х3 функциясының графигі? (гипербола) 4. Бағытталған кесінді? (вектор) 5. П - дің жуық сан мәні? (3, 14) 10 сынып оқушысына:
1-жүргізуші: 1. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус) 2. Екі қатынастың теңдігі. (пропорция) 3. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир) 4. Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі: (планиметрия) 5. Квадраттық функцияның графигі (парабола). Осы сайыстың қорытынды бағасы.
1-жүргізуші: Математика - толған тәртіп, мағына мен мән Математика - толған тамаша заңдылық пен сән Математика - толып жатқан терең сыр Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір 3 – кезең «Мені түсініп жарнама жаса» Қатысушылар алдарына қиынды түрінде берілген суретті құрастырып, оны жарнама жасайды.(суреттерді құрап болғанға дейін көрермендермен ойын ойнайық) Алдарыңда іші әріпке толы квадрат. Бұл әріптерді оңнан солға, солдан оңға, төменнен жоғары, жоғарыдан төменге қарай әріптерді қоссаң математикалық мағынасы бар сөздерді табасың. Бір әріп бірнеше рет қайталануы мүмкін. И Ц Ү Ш Б Ө О А Р Ы К Л Н Б Ұ П Е Ш А Ы Ж А Й Н Л Т Ү З Ы Қ Б Ө Л У С О Бұрыш қосу бөлшек алты он рационал үш. Жүз пайыз түзу жұп жазық бөлу (13 сөз)
2-жүргізуші: Қазылардан бағаларын сұраймыз Дарындар келді бүгін сайысуға Бойында бар дарынды дарытуға Қорықпастан шығып тұр алдарыңа Сән көрсетіп қарсыластарымен жарысуға 4 – кезең «Сәнді фигуралар»аруларымыз сән үлгісін көрсетеді және оны қалай жасағаны жайында түсіндіріп өтеді.
1-жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар, Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар. Біреуінің шүбірлеген күйі бар, Енді біреуінің қатты істейтін миы бар 5 – кезең «Тәтті сайысы» (бұл сайыста аруларымыз қорапқа салынған қағазға ораулы тұрған кәмпитті алып қағазда жасырылған есепті немесе жұмбақты, мақалды шешіп кәмпитті ашып жеу керек кім көп есепті шығарып, әрі қанша кәмпит жесе соған көп ұпай беріледі әр кәмпит 1 ұпай) 1) - 2х+(- 25), х= - 10 өрнегінің мәні неге тең? 2) екі санның қосындысы 8 - ге, көбейтіндісі 15 - ке тең. Осы сандарды тап. (5; 3) 3. 56 санының 24%- ін табыңыз 4. 168м матадан 65 көйлек тігіледі, сондай 96м матадан қанша көйлек тігуге болады? 5. 12, 05+0, 21 - 5(- 4, 5) 6. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында, Ұзындығы жазулы тұр бойында(сызғыш,) 7. Он бір түйе, бес жылқы, Екі сиыр, бес ешкі Екі қоян, үш түлкі, Таба алмасаң бос күлкі (28) 8. Дүкеннен 19 теңгеге сауда жасадың. Бірақ сенде кілең үш теңгеліктер, ал сатушыда кілең бес теңгеліктер бар. Тұғырықтан қалай шығуға болады? Жауабы: ( 3 теңгеліктен 24 теңге берсең, 5 теңге қайтарады). 9. Егер түнгі сағат 12 – де жаңбыр жауып тұрса, онда 72 – сағаттан кейін күннің көзі шығатынын күтуге бола ма? (жоқ себебі түн болады) 10. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (он) 11. Тауда екі ағаш бар, әр ағаштың түбінде екі іннен бар. Ал әр інде түлкінің екі күшігінен жатыр. Сонда барлығы неше түлкінің күшігі бар.(сегіз) 12. Тауда екі ағаш бар, әр ағаштың түбінде екі іннен бар. Ал әр інде түлкінің екі күшігінен жатыр. Сонда барлығы неше түлкінің күшігі бар.(сегіз) 13. Екі әкесімен екі баласы үш алманы бір – бірден бөліп жеді. Бөлмеде неше адам отыр.(үш) 14. Бес бұтақты ағашта, Бұтақ сайын бес алма. Біреуін бер алашқа Қалады сонда қанша алма. (24) Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл) 1. Білікті бірді жығар, (білімді мыңды жығар) 2. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас) 3. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына) 4. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ) 5. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды) 6. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді) 7. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
2-жүргізуші: Жас дарын жас ғұмырдың талғамысың Қуантқан әрбір үйдің арманысың Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын. 1-жүргізуші: Қанып сандар сырына, Шықсақ білім шыңына. Деп алаулап жүрегі Қосқан әуен жырына, Математиктер жасасын!- дей отырып кешіміздің қорытындысын хабарлау үшін сөз қазылар алқасының төрағасына беріледі. Алдыңызда жайнаған жүздер әні Сіздермен кездесеміз біздер әлі. Әділ - қазы, көрермен сау тұрындар Күтеді бізді жарқын күндер әлі. Осымен «Математика аруы» атты сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау - саламат болыңыздар!