Шеңбер құрып тұрады, әр қатысушы өз есімін айтып сын есімді жалғайды (қарлы кесек), мысалы Мұрат-мақсатты, Жания-жайдарлы, ... Аю, қасқыр және қоян мен олардың төлдері бойынша топтарға бөлу. (парақшаларға аю, қасқыр, қоян, қонжық, бөлтірік, көжек сөздері жазылған парақтар үлестіріледі, аю парағы түскен іс-кимылы арқылы өзінің қандай аң екенін таныстырады да оның қасына қонжықтары жиналып бір топ болып қалыптасады, т.с.с.) «Сен өзгерсең, сенің әлемің де өзгереді» Коуч деген кім және коучинг туралы мәлімет беріледі. «Коуч»-өлең шумағы Бағдарлама жеті модульден тұрады: 1)оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, 2)сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, 3)білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, 4)АКТ-ны қолдану, 5)талантты және дарынды оқушылармен жұмыс, 6) оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты білім беру және оқыту 7)білім берудегі басқару мен көшб-лығы Топқа бөлудің бірнеше түрлерімен таныстыру және топ ережесін құрғызу. «Қасқыр» туралы мәлімет жазылған парақтар таратырылады да БББ кестесі толтырылады. Осы мәтін бойынша топтағылар жұптасып үш сұрақтан дайындайды, сұрақтардың ашық не жабық екені талқыланады. Ой сергек. Бір адам күнде жұмысқа барар кезде 9-қабаттан төменге лифтімен түседі екен де,жұмыстан қайтарда 5- қабатқа дейін лифтімен барады да, ары қарай жаяу көтеріледі екен, неге? ( себебі, ол лилипут екен). | Әр қатысушы өзін таныстырады, қарлы кесек әдісі арқылы келесі қатысушы өзінің алдындағылардың барлығының айтқандарын қайталап шығады. Іс-қимылдар арқылы өздеріне түскен аңдардың қимылдарын салады, төлдері соның қасына топтасады
Бейнероликті мұқият қарайды, өздері үшін ой түйеді.
Мәлімет тыңдайды, сұрақтары болса қояды.
Топ ережесін құрады.
Мәтінмен танысады, кестені толтырады.
Топ мүшелері жұптарға бөлініп сұрақтарды А4 парағына жазып шығады. |