«А?ыл ойды т?ртіпке келтіретін –математика, сонды?тан оны ?йрену керек»
М.В. Ломоносов
О?ушыларды? математика п?ніне деген ?ызы?ушылы?тарын, білімге деген ??штарлы?тарын арттыру, ойлау ?абілеттерін дамыту ма?сатында «Болаша? математиктер» атты сайысты? жоспарын ?сынып отырмын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«“Болаша? математиктер” сайысы»
“ Болашақ математиктер” сайысы
Қостанай облысы,
Жангелдин ауданы, Ақшығанақ ауылы
Қ.Топаев атындағы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі, жас маман
Өсерова Алтынай Берікқызы
«Ақыл ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан оны үйрену керек»
М.В. Ломоносов
Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын, білімге деген құштарлықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында «Болашақ математиктер» атты сайыстың жоспарын ұсынып отырмын.
Сайыстың жоспары:
Сен білесің бе?
Кім жылдам немесе кім тапқыр?
Қызықты жұмбақтар
Есептер шығару
Формулалар жарысы
Ребус құру
Жоба қорытындысын құру
Қатысушылар: 8-9 сынып оқушылары
“ Білімділер”
“ Жүйріктер ”
Әділқазылар алқасы:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Жүргізуші: Уа жарандар, жарандар! Бәрің бері қараңдар. Бәріңе жар салайық көңілді ойын жасайық, Асықпайық, саспайық. Батыл қадам жасайық, Осылайша шабытпен, Ойынымызды бастайық!
І. “Сен білесің бе?”
(әр оқушыға түрлі түсті қағазға сұрақты жасырып беру)
Барлық бағандардағы және қатарлардағы сандардың қосындысы тең болса, А+В+С+Д неге тең?
2. Сандар белгілі бір заңдылық нәтижесінде алынған. Сұрақ белгісін қандай санмен ауыстыру керек?
= 425 = 4964 = 94 =811 =?
А
В
6
С
5
D
9
9
4
25
43
91
32
78
3. Үсен атаның 6 ұлы бар, олардың әрқайсысының 6 ұлы бар, ал Үсен атаның әрбір немересінің 2 қызы бар. Атаның неше шөбере қызы бар?
4. 4 қарындаш пен 3 жалпы дәптер 54 тг, 2 қарындаш пен 2 жалпы дәптер 34 тг тұрады. 8 қарындаш пен 7 дәптер қанша тг тұрады?
5. 10 литрлік бөшкеде су бар және 7 литрлік, 2 литрлік бос ыдыстар бар. Екі ыдысқа 5 литрден суды қалай тең бөлуге юолады?
6. Таразы басындағы үш қарбыз, бір асқабақтың салмағы он екі қауынның салмағына тең. Бір асқабақтың салмағы бір қарбыз бен сегіз қауынның салмағына тең болады. Бір асқабақ неше қауынмен теңеседі?
7. Бір сынып оқушылары бір-біріне кітаптар сыйлайды. Егер 600 кітап алмастырылған болса, сыныпта қанша оқушы бар?
8. 27 кіші кубтан жаңа бір үлкен куб құрастырылады. Үлкен кубтың барлық жақтары боялды. Екі жағы ғана кіші кубтардың саны қанша?
9. Сандар белгілі бір заңдылық нәтижесінде алынған. Сұрақ белгісін қандай санмен ауыстыру керек? Егер “17”=7, “21”=2, “30”=0, “45”=20 болса, онда “913”=?
Кім жылдам немесе кім тапқыр?
Бәрің маған қараңдар,
Ойынымызды бастайық.
Математикалық сөздерді
Жазып бәрін тастайық.
ГОРФАПИ
ИРАФГУ
УСӘЛЕ
ГЕБАЛРА
ЗУТҮ
КАМТАЕМТИА
КЕІНІДС
ШЕКӨБЛ
ФИКАРГ
ШЫРҰБ
АРДКЕД
ТУСЫЛАЫСР
НЕТҮК
СДКІТІҢЕЗ
Қызықты жұмбақтар
“ Білімділер”
1 . Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады?
2. Оң сандарға қол шатырдай
Қалпақ болған беделі
Квадраттасаң егер оны
Жоғалтпассың сен оны
3. Бүтін сан бөлшек сандар
Барлығыда бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң теріс сан бәрі сонда
“ Жүйріктер ”
1. Жоқ өзінде баста, қас та, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында
2. Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз,
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіпте аламыз. Он не?
3. Жаныңнан, бәлкім
Бәкі табылмас.
Ұштаулы болсын
Әрқашан ...
Жауаптары:
дәреже
квадрат түбір
рационал сандар
сызғыш
сандар
қарандаш
Есептер шығару
“ Білімділер”
Жүрдек пойыз 400 км қашықтықты жүк пойызына қарағанда 1 сағат тез жүріп өтті. Егер жүк пойызының жылдамдығы жүрдек пойыздың жылдамдығынан 20 км/сағ кем болса, әр пойыздың жылдамдығы қандай?
“ Жүйріктер ”
Кез келген 9 адам ішінен бірін-бірі танитын 3 адам немесе бірін-бірі танымайтын 4 адам табылатынын дәлелдеңдер.