«Алғырлар» және «Тапқырлар»топтарына сұрақ қойылады. Қай топ бірінші болып озса, сайысты сол топ бастайды.
«Алғырлар» және «Тапқырлар»топтарына сұрақ қойылады. Қай топ бірінші болып озса, сайысты сол топ бастайды.
1)Тауық 2 аяғымен тұрғанда 3 кг тартса,
бір аяғымен тұрғанда неше кг тартады?
2) Торда үш қоян бар еді. Үш оқушы бір-бір қояннан алғанда, торда бір қоян қалады?
Ол қалай?
3) 1кг мақта ауырма, 1 кг темір ауырма?
1кезең. Сәлемдесу .
«Тапқырлар» тобы.
Осындай алғыр достар кез келгенше,
Жетсін-ау жарыстарда женгенге не?
Қорсылас болғанымен құрбысыңдар,
Тілейміз біз сіздерге ізгі тілек.
Біздің ұран: «Нақты жауап, сапалы шешім таба біл»
«Алғырлар» тобы
Шақырып жарыстарға сан салады,
Алғырлар топ жарғалы жар салады
Ту етіп достық пенен татулықты,
Тапқырлар командасын қарсы алады.
Біздің ұран:
«Қандай сынақ болсадағы беріспе,
әрқашанда ұмтыла біл жеңіске».
2 кезең. «Кім жылдам?».
1.Бір-бірімен жарысқа,
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қоймен бір түлкі,
Бәрі нешеу кім біледі.
2.Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге санап қой.
3 кезең. «Жаңылмаймын» ойыны
1-ден 30-ға дейін санау. 3-ке еселік санды «Жаңылмаймын» деп санау керек.
4 кезең. «Өз біліміңді көрсет»
Топтың капитандарына есеп.
І топ
19,11:(2,44+4,91)=
ІІ топ
(67,9-13,63):12,06=
5 кезең. Әр түрлі қызықты сұрақтар:
1)Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сан?
2)Екі санның қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге тең, көбейтіндісі 15-ке тең қандай сандар?
3)Алматыдан Астанаға дейін ұшақ 1сағ30мин ұшқан, Астанадан Алматыға дейін 90 мин ұшты неге?
4)Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысық бар?
5)70 минут коп пе? Алде 1 сағ 10 мин көп пе?
6 кезең. Қорытындылау.
Сөз әділ қазылар алқасына беріледі.
Ұпай саны бойынша жеңіске жеткен топты анықтайды. Сайысқа белсене қатысқан оқушылар марапатталады.
5. Интеллектуалды мәдениетті қалыптастыру.
Дене еңбегі мен
ой еңбегінің
ұштасуын
қамтамасыз ету
Ақыл-ой қабілетін
дамыту
Осы заманғы ғылыми
дүниетанымын
қалыптастыру
Салауатты өмір
салты қағидаларын
ұстану
Күтілетін нәтиже
Бала
Интеллект
Патриот,
ұлтжанды
Өзіндік пікірі бар
Әдепті, иманды
Бақытты
Елбасының дәстүрлі «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жолдауының басты бағытында - «Адам – елдің басты байлығы» делінген. Ендеше сол қоғамның басты байлығы – баланың кіршіксіз пәк жүрегіне жол тауып, жан-жақты тәрбие беру педагогтың басты міндеті.
Пайдаланылған әдебиеттер
“ Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасы” Білім және Ғылым министрлігі 2009 жыл. 16 қараша № 521 бұйрық
Мектепке дейінгі тәрбие стандарттарын дайындау мәселелері жөніндегі халықаралық конференциясының материалдары. “Алматы” баспасы 2007 жыл. 13-16 маусым
“ Қазақ афоризмдері” “Алматы кітап” баспасы 2008
“ Бастауыш мектеп”. № 4,8 – 2004. № 10,11 – 2002.
“ Отбасы мен балабақша” 2004. № 4
Егемен Қазақстан 2010 жылғы 30 қаңтардағы Елбасы Жолдауы