Біле бер қанша білсең - тағы тіле, жетерсің мақсатына біле, біле. Ж.бАЛАСАҒҰН
Математика – ғылым негізі.
Математика - білім көзі.
Математиканы білгендерге,
Ғажайыптың бір өзі.
Ж о с п а р ы :
1.Топтың өзін таныстыру, сәлемдесу рәсімі
2.Тапқырлық Бақытты сәт (математикалық сабақ)
3.Біліктілік сайысы (есептер шығару)
4.Математикалық сұрақтар
5.Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)
6.Жұмбақ сайысы (карточка арқылы топқа беріледі)
7. «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ)
«Бақытты сәт» ойыны
Ортаға
«Үшбұрыш» және «Квадрат»
топтарын шақырамыз.
үшбұрыш тобы
сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым, көрсетеміз бізде қандай күш барын. Алға қойған мақсатымыз бір екен сәтті болсын сапарымыз әрдайым
Ұраны: Білікті мыңды жығар білімді мыңды жығар
Квадрат тобы
сәлемдесуі: армандарға қол созумен келеміз өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз білімменен қаруланған тобымыз қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе әрқашанда үміткерміз жеңіске
1.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
2.Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?
3.Төрт қойдың неше аяғы бар?
2.Тапқырлық сайысы (әр топқа логикалық есептер беріледі)
Дұрыс жауаптар
1. 3 кг 2. 5 бұрыш 3. 16 аяқ
Квадрат тобына
1.Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? 2.Дүниедегі ең жүйрік не? 3.Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар?
Дұрыс жауаптары
1. 4 мысық 2. Ой-қиял 3. 6 бала
3. «Біліктілік» сайысы
Тапсырма карточка түрінде беріледі
4. Математикалық сұрақтар (әр топқа бес сұрақтан)
үшбұрыш тобына 1.Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу? 2.Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле? 3.жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? 4.180 0 -қа тең бұрыш қалай аталады? 5.Математикадағы координаттар әдісін енгізген француз математигі кім?
Дұрыс жауаптар
1.Жанама 2.Биссектриса 3.Параллель 4.Жазыңқы 5.Декарт
4. Математикалық сұрақтар (әр топқа бес сұрақтан)
Квадрат тобына 1.Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты? 2.70 0 -қа тең бұрыш қалай аталады? 3. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді? 4.Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық? 5.Екі қатынастың теңдігі?
Дұрыс жауаптар
1.Гипотенуза 2.Сүйір 3.Диагональ 4.Радиус 5.Пропорция
5. «Ойымды жалғастыр» сайысы әр топ шапшаң жауап беру керек
жеті түрлі ілм біл
білімді мыңды жығар
екі жаман дос болмас
үш жыл сына
екі елі қақпақ
жүз досың болсын
отыз елге тарайды
білмегенің тоқсан тоғыз
мың кісі су ішеді
6. «Жұмбақ» сайысы
Теңізде қандай тастар табылмайды
(құрғақ)
Көзбен көресің , бірақ қолыңмен ұстай алмайсың
(көлеңке)
Қандай ыдыстарға су құйылмайды
(су толы ыдыстарға )
(су ауа өткізбейді, ал от ауасыз жанбайды)
Неліктен су отты сөндіреді
Қандай санның жазылуында қанша әріп болса сонша цифр бар?
(он және жүз)
6. «Жұмбақ» сайысы
Алтын теңге кетеді
Күміс теңге келеді
(Күн мен ай)
Отқа жанбас суға батпас
(мұз)
Жылдың төрт мезгіліндеде мазасызданады ол не?
( Жел )
Тұмсығымен қозғалар ,
Соңында аппақ із қалар
( бор )
Ағаш үстінде отыз торғай отыр еді , аңшы оның 2- еуін атып түсірді. Торғайлардың қаншасы қалды ?
(2-еуі қалды, қалғандары ұшып кетті)
7. «Қас-қағым сәт» сайысы (әр команда тез тұрып жауап беру арқылы балл жинайды)
Бұрышты өлшейтін құрал
(транспортир)
(сызғыш)
Бойы екі қарыс, сыйып тұр 25 арыс
Қандай сан барлық санға қалдықсз бөлінеді
( 0 )
30 санын үш 6 ны пайдаланып шығар
( 6*6-6)
( координаталар осі)
Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық
( параллель)
Қиылыспайтын екі түзу
Ұзындықтың өлшем бірлігі
( метр)
Дәлелденбейтін ұйғарым
(аксиома)
Екі нүктенің арасындағы түзу
(кесінді)
Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда
( диаметр)
(шаршы)
Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш
225 қай санның квадраты
( 15 )
Формуланы аяқта
( a + b ) ² = ( a - b ) ² =
( a + b ) ³ = ( a - b ) ³ =
( a + b ) ³ = ( a - b ) ³ =
a³ + b³ = a³ - b³ =
Математикалық ребустар
Осымен бүгінгі сайыс сабағымыз өз мәресіне жетті. Назарларыңызға рахмет!