Б) оқушылардың ойын жеткізе білуін және ой өрісін дамыту
В) оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауларына жағдай жасау
Сабақ көрнекілігі:интерактивті тақта,бағалау парағы,логикалық есептер,активоид
Сабақтың түрі:Сайыс сабақ.
Сабақ барысы:Ұйымдастыру.Оқушыларды 2 топқа бөлу« Плюс » , « Минус».
Бағалау парағын тарату
Балалар,оқу жылын аяқтап,алған білімдерімізді қайталап жатырмыз. Сол сияқты осы жылы біздің елімізде де біраз оқиғалар орын алды. Сол оқиғаларды еске ала отырып,сабағымызды жалғастырайық.2010 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ҚР Еуропалық қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуде.Бұл ұйымның құрылғанына 40 жылдай уақыт болды.Құрамында 56 мемлекет бар. Ол 3 бағытта жұмыс атқарады.Қауіпсіздік,ынтымақтастық,адам құқығы.Европа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 7-ші саммиті 1-2 Желтоқсан күндерінде Қазақстанның елордасы Астанада өтті.Бұл халықаралық құрылтай Қазақстанның әлемдік сахнадағы беделді ойыншы әрі жаһандық процестерге белсенді араласып жүрген ұйымның тең құқылы мүшесі екенін аңғартты.
Енді есепті шығармас бұрын тақырыпты қайталап өтейік.Ол үшін математикалық диктант аламыз.
Математикалық диктант
1.Жақша алдында “+”таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі ... өз таңбалары сақталады.
А)азайғыштардың
Б) қосылғыштардың
В)көбейткіштердің
С)өрнектің
2.Жақша алдында ”-” таңбасы болса,жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары ... алмастырылады
А) қарама-қарсы таңбамен
В) кері санмен
С) қарама- қарсы сандармен
3. Әріп бөліктері бірдей,тек қана коэффициенттері әр түрлі қосылғыштар ... деп аталады.
А) Әріпті өрнектер
В) теңбе-тең өрнектер
С) ұқсас қосылғыштар
4. Ұқсас қосылғыштарды іріктеу үшін олардың ... қосып, алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.
А) коэффициенттерін
В) әріптерін
С) қосылғыштарын
5.Алгебралық өрнектегі әріпті айнымалы деп атаса , өрнектің өзін ... бар өрнек деп атайды.
А) айнымалысы
В) қосылғышы
С) айырмасы
30 қаңтар-6 ақпан аралығында елімізде не болды?
Жауабы: Астана,Алматыда ҮІІ қысқы Азия ойындары өтті.Спорттың 11 түрінен жарыс өтті. Еліміздің спортшылары 32 алтын, 21 күміс,17 қола барлығы 70 медаль алды.Бізде осы спортшыларымыз сияқты жақсы азамат, жігерлі болуымыз керек.
Балалар!VIIқысқы Азия ойындары өтіп жатқанда тағы қандай елімізде оқиға болып өтті?
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев
2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан халқына«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауын жариялады.Жолдауда Президентіміз“ Өмір бойы білім алу” әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айнауы тиіс,-деді.
Болашақ иесі өздерің болу үшін білімді болуларың керек,олай болса мына логикалық есептерді шешейік:
І-топ №1624
5а+(-8в)+(-7с)+(-2а)+3в+с
ІІ-топ
№1624
2. 3n+6m+(-15k)+(-n)+(-5m)+8k
І-топ
№1627
12(х+3)-5х-21, мұндағы х=0,5
ІІ-топ
№1627
2. -3(8,2у-7)+4,6у, мұндағы у=1,6
І-топ
№1630
Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы а см, табаны 7см.
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі неше сантиметр?
Мұндағы а=9
ІІ-топ
№1631
Ара қашықтығы 110 км екі айлақтан бір уақытта
бір-біріне қарама-қарсы екі моторлы қайықтың жылдамдығы а км/сағ,екінші моторлы қайықтың жылдамдығыbкм/сағ. Олар неше сағаттан соң бір-бірімен кездеседі?
Мұндағы а=20b=24
а
а
7 см
bкм/сағ
а км/сағ
Балалар! Сәуір айында елімізде қандай оқиға болғанын кім айтады? 3 сәуір күні Қазақстан Республикасы сайлауы өтті. Сайлауға Н. Назарбаев, М. Елеусізов, Ғ. Қасымов және Ж. Ахметбеков түсті Елбасы болып 95 пайыз дауыспен Н.Назарбаев сайланды.
Логикалық есептер
1.Есеп
Бір кісіден қанша жаста екенінсұрағанда ол
былай деп жауап береді
«Егер мен тағыда қазіргі жасымныңжартысын,
өмір сүрсем100 жасқа келген болар едім».
Адам қаншада?
А)62 жаста В)48 жаста
С)79 жаста Д)65 жаста
2.Есеп
Корзина мен печенье 10 теңге
Тұрады.Егер печенье корзинадан
теңгеге қымбаттырақ болса,
Корзина қанша тұрады?
А) 2,5 В) 3 С) 4 Д) 5
Балалар !
Мамыр күні Елордада қандай оқиға болып өтті?
Отанымыздағы математика пәнінен сабақ беріп жүрген мектеп мұғалімдерінің алғашқы съезі өтті. Оған Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері , Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары , шетелдік оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты.
Елбасымыз құрылтайға құттықтау сөзінде мұғалімдердің елді дамытатын , адами капиталды жетілдіретін қозғаушы күш екенін атап өтті.
Білім беруді дамыту индексі бойынша Қазақстан соңғы 3 жылда 29 ел арасында 4 орынға көтерілді.
Осы деңгейден төмендемес үшін біз де білімімізді жетілдіре берейік.
Олай болса сабағымызды қортындылау мақсатында тест алайық.
Тест
1.Жақшаларды аш және өрнектің мәнін тап.
4,2 + ( 5,6 – 2,1 )
А) – 11,9 В) 3,4 С) – 5,7 Д) – 0,7
5 – х + у – в өрнегінденгі алғашқы екі қосылғышты алдына
“+ ” таңбасын , ал соңғы екі қосылғышты алдына«-»
таңбасын қойып жақшаларға алып жаз.
А) ( 5 – х ) - ( у – в ) В) (5 + х) – ( -у – в )
С) ( 5 – х ) – ( - у - в ) Д) - ( 5 + х ) + ( у – в )
Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығар:
14mn- 21nk
А) 7( 2mn – 3 nk)В)n (14 m – 21 k )
C) 7 n ( 2 m – 3 k )Д)m n ( 14 – 21 k )
4.Теңдеуді алдын ала жақшаны ашып , шеш:
- ( 2,7 – х ) + 6,2=- 4,1
А) 13 В) - 7,6 С) 7,6 Д) - 4,8
5. Жақшаларды аш , өрнектің мәнін тап.
А)
в)
-1
С)
Д)
Оқушыларды бағалау
Үй тапсырмасы: Жақшаларды ашу. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру№1626 есеп