Просмотр содержимого документа
«Pisa тапсырмаларын пайдалану »
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АҚ ФИЛИАЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
Жобаның тақырыбы:«Халықтың ұлттық құрамы” тақырыбында PISA халықаралық зерттеуінің тапсырмаларын, белсенді оқыту әдістерін пайдалану.
Жобаның тақырыбы:«Халықтың ұлттық құрамы” тақырыбында PISA халықаралық зерттеуінің тапсырмаларын, белсенді оқыту әдістерін пайдалану.
Жобаны орындаған: Мыңбаев ОМ математика пәнінің мғалімі К.С.Мустафина
PISA халықаралық зерттеу тапсырмалары, белсенді оқыту әдістері арқылы, оқушының белсенділігін арттыру, ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру және пәнге деген қызығушылығын ояту.
Жаңашылдығы
PISA халықаралық зерттеуінде ғылыми сауаттылығы ретінде ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді және оған адамның іс әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді анықтап негіздемелі қорытындылар жасай білу.
Жобаның мақсаты:
PISA халықаралық зерттеу тапсырмаларын пайдалана отырып, танымдық күшін қалыптастыру, ойлау, талдау қабілеттерін шыңдап, ойын еркін жеткізе алуға жетелеу.
PISA халықаралық зерттеу тапсырмалары арқылы функционалдық сауаттылығын дамыту, оқыту үрдісінде оқушының белсенді оқу ортасын құру.
Міндеттері:
1. Оқушылардың тақырыпты ашуына ықпал ету.
2. Есте сақтау қабілеттерін дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Халықтың ұлттық құрамын анықтай алуға, ө з ойын ашық жеткізуге,қорытынды жасай білуге үйрету.
4.Оқушыларды мәтінмен, картамен, статистикалық мәліметтермен жұмыс жасай білуге дағдыландыру .
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар бір - бірімен пікірлесе, ортақ қорытынды шығара отырып топтарының сұрақтарына жауап береді. 2. Терминдерді жауаптарымен сәйкестендіре отырып есте сақтау қабілеттері артады.
3. Оқушылар барлығы бірдей жұмыла жұмыс жасау арқылы тақырыпты меңгереді. 4. PISA халықаралық зерттеулердің тапсырмалары бойынша оқушылар оқу барысында игерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана алады.
Cабақтың тақырыбы:«Халықтың ұлттық құрамы” тақырыбында PISA халықаралық зерттеуінің тапсырмаларын, белсенді оқыту әдістерін пайдалану.
Сабақтың мақсаты:
Мақсаты: «Халықтың ұлттық құрамы” тақырыбында PISA халықаралық зерттеуінің тапсырмаларын, белсенді оқыту әдістерін, пайдалану арқылы тақырыпты меңгерту. Оқушыларға халықтың ұлттық құрамы жайында толық мағлұмат бере отырып, зерттеу тапсырмаларын орындатып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту үшін жағдай туғызу, өз пікірлерін білдіруге жетелеу.
Көрнекіліктер: Карта, магнит тақтасы, слайдтар, түрлі-түсті пішіндер.
Әдісі: INSERT, ЖИГСО, кластер, тірек сызба, PISA халықаралық зерттеулерінің тапсырмаларын қолдана отырып тақырыпты меңгерту.
Cабақтың барысы:
І кезең: Қызығушылығын ояту
ІІ кезең: Мағынаны ашу
ІІІ кезең: Ой толғау
Қызығушылығын ояту
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, құралдарын тексеру.
Психологиялық ахуал орнату:
Балалар барлығымыз бір-бірімізге қарап жақсы сөздер айтайықшы. (Самал сен бүгін қандай әдемісің!.....)
Топтастыру:
Әр-түрлі пішіндерді қолдана отырып оқушыларды топқа бөлу.
1 топДОСТЫҚ2 топБІРЛІК
3 топЫНТЫМАҚ
“Миға шабуыл”
Топпен жұмыс
І топ: Қазақстанда қанша ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады?
ІІ топ: Қазақстан халқы соңғы мәлімет бойынша қаншаға жетті?
ІІІ топ: Қазақстанның саны бойынша екінші орындағы этносты атаңдар?
ІІ. Мағынаны ашуINSERT
Балалар халықтың ұлттық құрамы туралы не білесіңдер, не білгілерің келеді?
INSERT кестесін толтыру (әр топ оқушыларының алдына кесте беріледі) әр оқушы тақырып туралы не біледі және не білгілері келетіні туралы жазады.
V
(не білдім?)
+
-
(мүлдем жаңа нәрсе)
?
(білгеніме қарсы нәрсе)
(көп білгім келеді?)
Сәйкестендір
Жаңа термин сөздерімен жұмыс (оқушылар тарих пәнінен алған білімдерін сабақта қолданады )
Халықтың шығу тегін, мәдениетін, тұрмыс жағдайын зерттейтін ғылым саласы
Этнос
Диаспора
Отансүйгіш
Төзімділік
Этнография
Репатриант
Жеке халық,ұлт
Ұлттың бір бөлігі өз елінен басқа жерде тұруы
Патриот
Тарихи отанына оралған адам
Толеранттық
ЖИГСО
1. Оқушылар мәтінді оқып өз-ара талдайды.
2. Барлық топтар орындарымен ауысып білімдерімен бөліседі.
3. А. Т. 2 оқушысы В. Т. 2 оқушысы С т.барады
В т 2 оқушысы С т 2 оқушысы А т барады
С т 2оқушысы А т 2 оқушысы В т барып барлығы білімдерін ортаға салып талқылайды.
Қазақтар – елдің байырғы тұрғындары және мемлекетті қалыптастырушы этнос. Қазақстан көп ұлтты мемлекеттердің бірі, этностары сандық және тілдік құрамы бойынша ажыратылады.
Берілген этностарды алатын орнына байланысты сәйкестендіріңіз:
Әр халықтардың өкілдері Қазақстанға әр түрлі себептермен және белгілі бір тарихи кезеңдерде көшіп келгендер.
Сұрақ:
Қай облыстарда ұйғырлар мен дүнгендер шоғырланған?
Неліктен?
Ұйғырлар: Жамбыл
Дүнгендер: Алматы
ІІІ топ тапсырмасы
Қазақстанның халқы – көптеген ұлттардың бірлестігі. Халық сөзі көп мағынаны білдіреді. Қазақтар – елдің байырғы тұрғындары және мемлекетті қалыптастырушы этнос, ал қалған халықтардың өкілдері Қазақстанға әр түрлі себептермен және белгілі бір кезеңдерде келген. Қазақстан жерінде жүздеген диаспоралар бар, ал этностар сандық және тілдік құрамы бойынша ажыратылады.
Сұрақ: Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бастап шетелдегі қандастарды тарихи отанына қайтару туралы бағдарлама жүргізуде. Репатриация Қазақстаннан көшіп кеткен халықтардың орнын толтыруға және қазақтардың үлес салмағын көбейту ге өте қажет үрдіс.
Репатриант деген сөз қандай мағынаны береді?
Репатриант – тарихи отанына оралған адам
Тест сұрақтары
Ой жинақтау:
1. Халықтың негізгі белгісі
a .мәдениеті b. дәстүрі c. түрі d. тілі e. Діні
2. Қазақстан халқының негізгі бөлігі қанша тілдік әлеуеттің құрамына кіреді?
a. 4 b. 8 c. 5 d. 11 e. 20
3. Халқы 100 мыңнан асатын неше этнос бар?
a. 7 b. 11 c. 9 d. 3 e. 2
Проблемалық сұрақтар
І топ: Қазақстанда қазақ халқы үлесінің ұзақ мерзім
төмендеп, соңғы кезде көтерілу себебі неде деп
ойлайсыңдар?
ІІ топ: Дүние жүзіндегі қазақ диаспорасының
таралуын зерттеңдер?
(кесте, карта, статистикалық мәліметтерді
қолдану арқылы)
ІІІ топ: Шетелдерде, әсіресе батыс елдерде
қоныстанған саны аз қазақтың болашақта ұлт
ретінде сақталуына күдік бар ма?
(бар болса себебін түсіндір)
ІІІ. Ой толғау
Сабақтың басында берілген INSERT кестесін толықтыру.
Оқушылар сабақтың басында өздері қойған сұраққа жауап береді.
Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Сенің көзқарасың
Белгілі француз жазушы-романтигі Виктор Гюго айтқан: “Дүниеде кіші халықтар жоқ. Халықтың ұлылығы оның санымен өлшенбейді”. Тарих, география, мәдениет білімдеріне сүйене отырып, жазушының сөздерін талқыла. Сенің ойыңша, халықтың ұлылығы немен анықталады?
Графикалық диктант
Иә немесе жоқ “Иә ” “Жоқ”
Этнос дегеніміз жеке бір халық ( иә)
Мемлекеттен сырт жерде қоныстанған этностың бір болігі раса деп аталады (жоқ)
Қазақстанның ең ірі этносы орыс (иә)
Қазақтар славян тіл тобына жатады (жоқ)
Қазақстанның саны бойынша екінші этносы неміс (жоқ)
Қазақтардың тілдік әулеті үндіеуропа (иә)
Қазақ этностары 15 миллион адам (иә)
Қазақстанда 130-дан астам этностың өкілдері тұрады (иә)
Ресей және Өзбекстан ең ірі қазақ диаспоралары (иә)
IV. Бағалау
Топ
Оқушының аты-жөні
мүшелері
Миға шабуыл
INSERT
Оқушының аты-жөні
сызба
Оқушының аты-жөні
ЖИГСО
Оқушының аты-жөні
Топтық жұмыс кластер
Графикалық диктант
Қорытынды баға
V. Үй тапсырмасы
11 параграф 100 бетті оқу,
сұрақтарға жауап беру,
тест сұрақтарын дайындау.
Пайдаланылған әдебиет.
PISA халықаралық зерттеуі. Әдістемелік құрал Астана2013 Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы Алматы “Атамұра” 2013, В.Усиков, Т.Казановская, А.Усикова, Г.Зәбенов. Дүниежүзіне жалпы шолу ТМД елдері, 2010 Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы жұмыс дәптері 2013