Блок №1 | Жалпы мәліметтер |
1. ОПТ-ның дерек көзі, қолдану аясы | 161400 ОҚО Шардара қаласы. |
МКМ, М. Горький атындағы жалпы орта мектебі. |
2. Тәжірибенің авторы туралы мәлімет |
№ | Аты-жөні | Қызметі | Білімі | Педөтілі | Санаты | Марапаттаулар |
1 | Сарбасова Гульбаршин Утебаевна | Педагог | Жоғары | 5 | Санатсыз | 1. 2011 ж – Азаматтық қоғамның тұрақты дамуы мақсатында ОҚО аудандық ҮЕҰ потенциалын нығайту» жобасы шеңберінде өткізілген «Азаматтық көшбасшылық» тренингіне қатысқаны үшін сертификатын алды. 2. 2011-2012 ж – ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты ұстаздар ән байқауынан 1 орын алған марапаты. 3. 2011 ж – Азаматтық қоғамның тұрақты дамуы мақсатында ОҚО аудандық ҮЕҰ потенциалын нығайту» жобасы шеңберінде өткізілген «Азаматтық көшбасшылық» тренингіне қатысқаны үшін сертификатын алды. 4. 2012 ж - Мектепішілік іс-шараларынан алған «Жас мұғалім» конкурсында бас жүлде мадақтамасы. 5. 2012 ж – Мектепішілік іс-шараларда 8-наурыз – «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аясында жастарға берген тәлім тәрбиесі мен өзінің белсендігін көрсете білгені үшін мадақтамасы. 6. 2013 ж – 10 қазан – «ҚР кәсіподақтар күні» мерекесі аясында «Екі жұлдыз» ән байқауында 3 орын мадақтамасы. 7. 2013 ж - Аудандық «Өнерлі ұстаз» байқауында 3 орын алғаны үшін мадақтамасы. 8. 2014 ж – 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Жастар жетістігі – ел жетістігі» атты жастар сыйлығының аудандық байқауында «Үздік жас мұғалім» наминациясы. 9. 2014 ж – Үшінші (базалық) деңгей педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы барысында шығармашылық белсенділік пен жоғары нәтиже көрсеткені үшін мадақтамасы. 10. 2014 ж – ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында «Тәуелсіз Қазақстан – кеше бүгін ертең» атты шығармашылығының жұмыстар аясында «Үздік жинағын» дайындағаны үшін 1 орын мадақтамасы. 11. 2015 ж - Мектепішілік іс-шараларынан алған мадақтамасы. 12. «Тәуелсіз елдің ұландары» атты өнер фестивалі аясында «Үздік салтанатты жиын» ұйымдастырғаны үшін мадақтамасы. 13. 2014-2015 жылдар – «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификаттарын алды. |
Блок №2 | Тәжірибенің теориялық талдануы |
3. Жұмыс тақырыбы | «Жаңа әдіс-тәсілдерді математика сабағында тиімді пайдалану». |
4. Озық тәжірибе нысаны | М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары 5-7 сынып |
5. Тәжірибе мақсаты | Озық педагогикалық тәжірибені тарқату және оған сараптама жасауға жұмыстар жүргізу. |
6. Талабы | Озық пед тәжірибені үйрену және дағдылану. |
7. Тәжірибенің жаңалығы | Математика пәнінде жаңа әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып, оқыту процессінде түйінді идеяларды анықтай біліп, жан-жақты дамып, күрделі ойлауды, талқылауды, мұқият жоспарлауды өз тәжірибеме енгізу. |
8. Тәжибенің маңыздылығы | Қазіргі заман талабына сай жалпы білім беру сапасында әлеуметтік-технологиялық құралдарға қажеттіліктер туындайды, пед. ұжым білім беру барысында заман талабына сай өзгерістер енгізуді талап етеді. |
9. Тәжірибенің басты идеясы | Біз таңдаған озық тәжірибенің тақырыбы маңызды және өзекті. Себебі бүгінгі таңдағы мектептегі қайшылықтарды шешуге білімді қол жетімді етуге бағытталған. Сондықтан бұл жұмыстың барысына сараптама жасап, төмендегі кезеңдерден өттім. Әлемдік білім беру кеңістігіне бет бұрып, қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарап, бұрынғы «мұғалім-оқулық-оқушы» парадигмасын «оқушы-оқулық-мұғалім» парадигмасына ауыстыру. |
10. Жұмыстың ұзақтығы, мерзімі | Менің алған жұмысым қазіргі уақытта актуалды және маңызды. Ол нақты қазіргі уақытта жаңашыл мектептердегі қарама-қайшылықты шешеді. Әрине практикадағы қиын мәселелерді теориямен байланыстыра білуіміз қажет. Сондықтан да мен озық методикалық тәжірибемді алдын жоспарлап сонан соң ғана арнайы этаптардан өттім. |
Кезең | Жұмыстың түрі |
І 2012-2013 | Оқушылардың білім сапасын сауалнамалар, сабаққа ену, сынып жетекшісі және пән мұғалімдерімен әңгімелесу арқылы анықтау. Материалдың дерек көздерін жинақтау. |
ІІ 2013-2014 | Озық тәжірибеде педагогикалық тақырыбының маңыздылығын ғылыми тұрғыда, педагогикалық кеңесте, әдістеме бірлестігінің жұмысында, өз білімімді жетілдіруде, озық тәжірибелі ұстаздармен талқыладым. |
ІІІ 2014-2015 | Озық педагогикалық тәжірибені жинақталған теорияны практика жасау арқылы тарқатуды ұйымдастыру және бақылау. |
11. Тәжірибенің орындау шарттары | Бүгінгі таңда ұстаздардың білімі, тәжірибесі, қуаты оқушылардың бойында шығармашылық ізденісті дамытуға бағытталуы тиіс. Озық педагогикалық тәжірибенің негізгі теориялық негізі – бүгінгі заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Материалдық және техникалық құралдарын, мысалы транспортир, циркуль, сызғыш, интербелсенді тақта және интернет желісі арқылы әдіс-тәсілдерді пайдалану. |
Блок №3 | Жұмыстың тәжірибеде енгізілуі |
1. Жұмыстың пайда болуы және қалыптасуы | Бұл тәжірибе Шардара ауданы, М.Горький атындағы жалпы орта мектебінде жүргізілді. Мен математика пәнінің мұғалімі болып аталған мектепте 5 жылдан бері жұмыс жасап келемін. Әдістеме бірлестігінің жиналысында бұл тәжірибе қаралып, сабақ барысында енгізілді. |
2. Жұмыстың ауқымы | Жұмыстың ауқымы мұғалімдердің оқушы белсенділігін арттыру жұмыстарында көрсетілді. (әртүрлі сабақтар мен тесттер, семинар, ойын). Сонымен қатар орта буындағы сыныптарға жас ерекшеліктеріне байланысты жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып тапсырмалар дайындадым. |
3. Жұмыстың теориялық негізі | Менің педагогикалық озық тәжірибем ұлағатты педагогтар Ы.Алтынсариннің, Ушинскийдің және теоретик Маслоудың, Выгодскийдің ағартушылық идеяларынан бастау алады. Себебі олар ағартушылықтың негізін қалаушыла. Теоретиктердің ойлары адамның өсуіне, саналы рефлексиялық бақылау және білімді кемелдендіре игеруге бағытталған. |
4. Жұмыстың нәтижесі | Математика пәнінің нәтижесін саралай отырып түсінгенім, сабақ барысында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану оқушылардың пәнге деген ынтасын, қызығушылығын оятады. Жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде оқушылардың пәнді игеруі білім сапасы, үлгерімнің жақсарғанына, сабақтарда тиімді пайдалана алатынына көзім жетті. |
5. Жұмысты енгізу деректері | http: //kopilkaurokov.ru/matimatika/planirovanie/206926. http: //videouroki.net/filekom.php?fileid=98709200 |
Блок №4 | |
1. Жұмыс игерілді | Жұмыс қаралды: - М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің математика пәні ӘБ отырысында (хаттама №1, 27.08.2015ж) - М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің ӘБ отырысында (хаттама №1, 28.08.2015ж) - М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің аттестациялық комиссия отырысында (хаттама №4, 28.03.2015ж) |
2. Жұмыстың қолданылуы | - М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің пед жиналыста (хаттама №4, 31.03.2016ж) - М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің математика пәні ӘБ отырысында (хаттама №5, 25.03.2016ж) |
3. Жұмыстың қысқа мазмұны | Жұмысыма қысқаша мазмұндама беретін болсам, менің озық тәжірибем математика пәнінде жаңа әдіс-тәсілдерді математика сабағында тиімді пайдалану. Қазіргі уақытта бұл өте маңызды мәселе деп санаймын, себебі нақты қазіргі уақытта білім жүйесінде жаңашылдықты талап етеді және заманның дамыған уақытында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту қиын. Осы себепті осындай жұмыс жүргіздім. |
Анкетаны толтырған күні | 04.11.2015 ж. |
Мұғалімнің қолы | |